Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Биосфера мен ноосфераның айырмашылығы неде?
Биожанамалылық жүйе деген не?
А.И.Перельманның заңын түсіндір.
Каустобиолиттер деген не?
Бұзылу-тозу дегенді қалай түсінесің?
Техногенез деген не?
Геохимиялық ландшафттардың анықтамасы, құрамы мен құрылысы мен бөлінуі.
Геохимиялық барьерлер (кедергілер) деген не?
Геохимиялық ландшафттардың деңгейлері.
Геохимиялық барьерлердің типтері, кластары мен айырмашылықтары.
№ 5 дәріс. Тақырыбы: Тірі организмдерге әсер етуші факторлар
Қарастырылатын сұрақтар: Организмдердің тіршілік ету ортасындағы әсер етуші факторлар. Химиялық элементтердің радиоактивтік ыдырауы. Магниттік өріс пен энергия. Геопатогендік зоналар.
Барлық тірі организмдер ылғи да табиғи факторлардың әсеріне ұшырап отырады. Себебі көптеген организмдер көп уақыт бойы және осы эволюцияның арқасында осы әсерлерге үйреніп алған. Кейде табиғатта нақты факторлардың әсер етуі өзгереді. Мұндай өзгерістер біртіндеп, эволюциялық немесе апатты да тез жүреді. Кейінгі жағдайда табиғатта апаттар мен табиғи катаклизмалар болады. Осындай кездерде организмдердің көптеген түрлері өзгерген жағдайларға бейімделместен, жойылып кетуі мүмкін.
Бүгін біз, организмдерге әсер ететін негізгілерімен, тіпті адамды қоса есептегендегі түрін қарастырамыз. Оларға мыналар жатады:
Организмдердің мекен ететін ортасының химиялық құрамы мен олардағы химиялық элементтердің формаларының болу жағдайы;
Радиацияның табиғи деңгейі;
Табиғи магниттік және электрлік өрістер;
Космостық сәулеленулер, шағылулар;
Геопатогендік зоналардың әсер етуі.
Тірі және биожанама заттар барлық биожанамалық жүйелерде үздіксіз байланысты және бір-бірімен тығыз байланысты. Міне сондықтан, жанама заттардың құрамы мен олардағы элементтердің қозғалысы организмдердің жағдайына әсер етіп, олардың мекен ету ортасының дамуын анықтайды. Осы факторлардан адамдардың тірішілік әрекетінің қауіпсіздігі байланысты болады.
Осы уақытқа дейін тірі организмдердің мекен ету ортасындағы химиялық элементтердің өзгерісі екі көрсеткіш арқылы анықталды:
химиялық элементтердің таралуымен (құрамымен),
олардың болу формасымен.
Оларға тіптен үшінші көрсеткішті қосуға болады (Алексеенко В.А., 1997 ж.) – нақты ірі геохимиялық жүйедегі элементтердің таралуы. Осы көрсеткіштерді жекелеп қарастырайық.
Жер қыртысындағы химиялық элементтердің таралуы. Жердегі тіршіліктің дамуы мен болуы химиялық элементтердің жер бетіне жақын жатқан жерлерінде шоғырлануымен сипатталады. Олардың барлығына организмдер әсер етеді. Осы бөліктің негізін литосфераны қалыптастыратын тау жыныстары құрайды. Жер қыртысындағы химиялық элементтердің таралуын келесі ғалымдар зерттеген болатын: В.И.Вернадский, А.Е.Ферсман, В.М.Гольдшмидт, Ф.У.Кларк және т.б. Осы көрсетілген ерекшеліктерді сипаттау үшін, «клрак» термині қолданылады. Кларк – ірі нақты геохимиялық жүйедегі анықталған элементтің орташа құрамы. Біздің елдерде ол %-бен, ал батыс елдерінде млн -1, г/т, млрд -1 белгіленеді. «Кларк» терминін ғылымға Ф.Кларктың еңбегін бағалап, А.Е.Ферсман енгізді, жер қабығындағы әр элементтің пайыздық мөлшерін оның кларкы деп атауды ұсынды (кесте -1). Алғашында тек қана химиялық элементтердің массалық кларктары анықталды, одан кейін – көлемдік және атомдық. Содан кейін химиялық элементтердің орташа құрамы тау жыныстары бойынша және ірі аймақтар бойынша анықтала бастады (Орал таулары мен Кавказ таулары).
1-кесте
Элементтің орташа құрамын өлшейтін әртүрлі бірліктерді арасындағы қарым-қатынас
Массалық, %
|
млн-1, г/т
|
Массалық, %
|
млн-1, г/т
|
млрд -1
|
Массалық, %
|
млн-1, г/т
|
млрд -1
|
1,0
|
10000
|
1х10-3
|
10
|
-
|
1х10-6
|
0,01
|
10
|
0,1
|
1000
|
1х10-4
|
1
|
1000
|
1х10-7
|
0,001
|
1
|
0,01
|
100
|
1х10-5
|
0,1
|
100
|
1х10-8
|
0,0001
|
0,1
|
Химиялық элементтердің болуы келесі жағдайлармен анықталады:
-тірі заттардың құрамы, ондағы химиялық элементтердің өзара қатынасы;
-тірі организмдерге элементтердің жеткілікті болуы;
-қоршаған ортадағы элементтердің өзгеруінің әсері;
-топырақтағы элементтердің орын ауыстыруы.
Организмдердің тіршілік ету ортасындағы химиялық элементтердің таралуы үшінші көрсеткішке жатады. Қоршаған ортадағы химиялық элементтердің шоғырлануының проблемасы адамзат алдында қойылатын проблемалардың бірі. Жер қыртысындағы беткі бөліктердегі химиялық элементтердің уақыт бойынша таралуын қарастырамыз. Ол үшін келесі ұғымдар енгізілді: абсолюттік және салыстырмалы таралу. Олар біріге келе, күрделі біркелкі емес геохимиялық жүйелерді сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |