Дәрістер тезистері 1-дәріс. Кіріспе Қоршаған орта туралы ілімнің негізгі мақсаты мен міндеттері



бет11/44
Дата01.02.2023
өлшемі0,58 Mb.
#167036
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы (2)

Геохимиялық ландшафттар.
Биосфераның ноосфераға ауысуы (біздің қазіргі уақытта) биосфераның біркелкілік еместігін азайтқан жоқ. Табиғи және техногендік факторлар биосфераның әртүрлі бөліктерінде адамдардың тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін анықтайды.
Биосфераның ерекшілктерін зерттейтін жұмыстардың нәтижесінде айтылған жағдайлардың көбі биосфераны жекелеген бөліктерге – геохимиялық ландшафттарға бөлуге әкеліп соғады.
Сонымен геохимиялық ландшафт дегенеміз не? Б.Б.Полынов, М.А.Глазовская және А.И.Перельманның негізгі еңбектерін ескере отырып, төмендегі анықтаманы беруге болады:
-геохимиялық ландшафт деп, биожанамалылық қасиеті бар, биосфераның бір бөлігін есептеуге болады. Оның жоғарғы бөлігін атмосфера, ал төменгісін байырғы тау жыныстары және жер асты сулары құрайды.
Сонымен қатар, әрбір орныққан геохимиялық ландшафттардың шегінде заттардың орын ауыстыруындағы және шоғырлануындағы (химиялық атомдар және олардың қосылыстары) ерекшеліктерді анықтайтын өзіндік сипатты айырмашылығы болады. Осы сипатты айрмашылықтарды жекелеген таксонометриялық деңгейлерде қарастыру ұсынылған болатын (В.И.Алексеенко, 1981, 1982, 1986, 1990, 2000 жылдары). Мұндай деңгейлердің саны нақты климаттық және ландшафттық-геохимиялық жағдайларға байланысты, заттардың орын ауыстыруы мен шоғырлануының ерекшелігіне байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
Бірінші таксонометриялық дейгейде материя қозғалысының негізгі формалары есепке алынады. Осы белгісіне байланысты ландшафтты келесі түрлерге біріктіруге болады:

  • Абиогендік (жарық, атмосфера, су, минералдық заттар, жер бедері және т.б.);

  • Биогендік;

  • Техногендік (антропогендік).

Абиогендік түрінде БИА-ның да, антропогендік әрекеттің де рөлі аз болып келеді (мысалы, Антарктиданың орталық бөлігі мен Гренландия, тау мұздықтары). Биогендік түрінде элементтердің биологиялық айналымы БИА жақсы байқалады. Техногендік түрде БИА бұзылған, ал орын ауыстырудың басты түрін техногендік немесе әлеуметтік миграция алады.
Екінші деңгейде жекелеген ландшафттардың бірігуі орын ауыстыру түрінің басты түрімен жүреді. Осы белгісі бойынша биогендік ландшафттардың ішінде біріншіден, БИА-мы мен жыл сайынғы биомассасының санымен ажыратылатын түрлер жатады (орман, дала, шалғын, саванна, шөлдер, тундра мен жоғарғы батпақтардың биомассалары жатады). Техногендік түрдің ішінде ауылшаруышылықтық, өнеркәсіптік, ориан-техникалық, жолдық, селитебтік ландшафттар түрлері ажыратылады. Олар бір-бірінен өздеріне келіп түсетін әртүрлі заттардың шоғырлануымен байқалады.
Үшінші таксонометриялық деңгейде биогендік және техногендік ландшафттардағы өздеріндегі химиялық элементтердің алмасуы мен шоғырлануын анықтайтын топырақтың маңызды ерекшелігі ескеріледі:

  1. қышқылдану-қалпына келу жағдайы ескеріледі (бос оттегі мен күкіртті сутегінің болуы мен болмауы);

  2. сілтілі-қышқылдануы жағдайлары (неғұрлым таралаған және белсенді қозғалатын, яғни, типоморфтық химиялық элементтердің болуы);



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет