Қарастырылатын сұрақтар: Тірі организмдердің жер бетінде жаппай таралуы. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы. Геохимиялық ландшафттар. Геохимиялық барьерлер.
Қазіргі уақытта, биосфераны айтып отырғанда, Жердің тірі организмдері тіршілік ететін ерекше қабығы (өсімдіктер мен жануарлар).
Биосфераға организмдердің тіршілік ететін гидросфера, литосфераның бөлігі және атмосфераның төменгі бөлігі кіреді. Осы қабық туралы ілімнің негізін салған В.И.Вернадский (1926 ж.).
Биосфераның негізгі ерекшеліктеріне оның биожанамалылығы жатады. Биожанамалылық дегеніміз - тірі организмдер мен өлі заттар бір-бірімен байланыста және өзара қарым-қатынаста болатын жүйе. Қазіргі кездегі белгілі жүйелердің ішіндегі ең ірісі ол биосфера болып табылады.
Биожанамалылық жүйеге сонымен бірге, топырақтар, тұнбалар, табиғи сулар, геохимиялық ландшафттар жатады.
Организмдер Жердің атмосферасы мен гидросферасын қалыптастырды және олардың құрамын нақты геохимиялық және биогеохимиялық бөліктерде ұстап тұруға мүмкіндік тудырады. Сонымен, тірі организмдердің планетада өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасалып, биосферадағы заттардың орнын ауыстыруына себептер пайда болды. Осылардың бәрі тығыздалған түрде А.И.Перельманның ұсынысымен аталған, Вернадскийдің табиғи заңында жақсы көрсетілген:
- биосферадағы химиялық элементтердің орын ауыстыруы тірі организмдердің үздіксіз қатысуымен немесе ол геохимиялық ерекшелігі тірі заттармен қарым-қатынаста дамыған және биосферамен қоса дамып келе жатқан ортада жүреді.
Осы заңнан мыналарды қорытындылауға болады:
Тіршілік әрекеті біздің планетадағы қазіргі кезде тірі заттармен жасалған жағдайларда ғана қауіпті емес болады;
Тірі заттардың жеке организмдер арасындағы кішкене өзгешеліктің өзі немесе құртылудың өзі Жердің бетін соншалықты өзгертеді, тіпті адамдардың тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін анықтайтын табиғи факторларды тудыруы мүмкін.
Вернадскийдің заңына сәйкес, орын ауыстыру үрдістерінің ішінде химиялық элементтердің биологиялық айналымын (БИА) ажыратуға болады. Ол тірі организмдерге топырақтан, судан, атмосферадан басқа да организмдердің келіп түсуін және олардың біртіндеп биосфераның бөліктеріне келіп түсуін көрсететін құрылым. А.И.Перельманның осы заңының атын 2000 жылы В.А.Алексеенко былай атауды ұсынды:
биологиялық айналым кезінде атамдарды тірі организмдер жұтып алады және энергиямен заряд алады. Атомдар тірі заттардан шығып бара жатып, қоршаған ортаға өте көп мөлшерде жинақталған энергияны береді.
Тірі оргаизмдер күн энергиясының нағыз аккумуляторы болып есептеледі. Олардың бөлігі қайта ұшып кетеді де, кей бөлігі каустобиолиттердің кен орындарын қалыптастырады – органимздердің қалдықтарынан және олардың біртіндеп іріп-шіруінен түзілетін тау жыныстары.
Каустобиолиттерге мыналар жатады:
мұнай, көмір, жанғыш тақтатастар, яғни қазіргі кезде әртүрлі шаруашылық әрекеттеінде энергияның көзі ретінде қолданатын пайдалы қазбалар.
Каустобиолиттердің түзілуіне миллиондаған жылдар қажет болды, ал қазір адамзаттың алдында олардың сарқылу проблемасы тұр және тіпті, осы энергия көзінің мүлдем жоғалып кетуіне мүмкіндік тууда. Осы проблемамен адамдардың тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі байланысты, көптеген елдер қатып келетін энергия көздерін пайдануда (күн, жел, тасу энергиясын), ал кейбіреулері атомдық энергияны пайдалануды жөн көруде.
Тірі организмдердің әрекетінен биосферада химиялық элементтердің орын ауыстыруы, олардың біркелкі таралуы жүреді. Жер бетінде органимздердің жасайтын жағдайлары жер қыртысындағы үрдістерден ерекшеленіп, ол бұзылу-тозу деген мағынаға ие бола бастады. Бұзылу-тозу деп – тау жыныстарының жер бетіндегі әртүрлі физикалық, химиялық, органикалық факторлар әсерінен өзгеріп, бұзылу, күлпарша үгілу үрдістерін айтады. Бұзылу-тозуға Күн, су, қар, мұз, жел, өсімдіктер мен жануарлар және органимздердің әрекеті әсер етеді. Бұзылу-тозу кезінде ірі бөлшекті заттар, ұсақ бөлшекті заттар және минералдық тұздар еру мен сілітілік үрдістерінен, гравитациялық әрекеттерден және жел мен судың әсерінен жер бетіндегі беткейлер бойынша жылжып отырып, жер беті немесе жер асты депрессияларында (мұхиттар, теңіздер, көлдер, карстық жер асты пішіндері және т.б.) шөгіп қалады. Бұзылу термині орыс тілінде де, қазақ тілілде де күрделі құбылысты тегіс қамтымайды. Соны ескерген А.Е.Ферсман бұл құбылысты «гипергенез» деген терминмен анықтаған болатын. Бұзылу үрдісін басмыдылығына қарай 3 түрге бөледі:
физикалық бұзылу;
химиялық бұзылу;
органогендік немесе органикалық бұзылу.
Қазіргі уақытта, антропогендік әрекет өзінің кері әсерлерімен ғаламдық табиғи үрдістермен сәйкес келуі мүмкін. Барлық адамның өндірістік тіршілік әрекетінен қалыптасатын, биосферада заттардың орын ауыстыруын тудыратын антропогендік үрдістерді академик А.Е.Ферсман техногенез деп атауды ұсынды.
Заттардың орын ауыстыруы (В.А.Алексеенко бойынша, 2000ж.):
-біріншіден, әртүрлі формада орын ауыстыратын химиялық элементтердің массаларының қарым-қатынасының өзгеруі;
-екіншіден, орын ауыстырудың белсенділігінің өзгеруі;
-үшіншіден, жаңа геохимиялық барьерлердің (кедергілер) пайда болуы;
-төртіншіден, заттардың орын ауыстыруының алшақтығының өзгеруі;
-бесіншіден, ғаламдық техногендік өзгерістер мен аутқушылықтардың пайда болуы.
Осылардың жалпысы, биосфераның қазіргі кезде өзінің тірішілік ету барысында жаңа қалпының түзілуін және оған ауысуын, яғни ноосфераның түзілуіне және оған ауысуына келіп тірелуде. Ноосфера ілімінің негізін салушы атақты ғалымдардың бірі В.И.Вернадский 1944 жылы былай деп жазды: «Ноосфера біздің планетадағы жаңа геохимиялық құбылыстардың бірі. Онда адам алғашқы рет ірі геологиялық күш болып саналады. Адам өзінің ақыл-ойымен, еңбегімен алдындағы болған қабықты тлығымен тамырымен өзгертуі тиіс». Ноосфера – адамның ақыл-ой қызметі биосфераның дамуында шешуші факторға айналуына байланысты биосфераның жаңа эволюциялық күйі.
Достарыңызбен бөлісу: |