Дәрістер тезистері 1-дәріс. Кіріспе Қоршаған орта туралы ілімнің негізгі мақсаты мен міндеттері



бет2/44
Дата01.02.2023
өлшемі0,58 Mb.
#167036
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы (2)

Пәннің құрылымы мынадай: географиялық қабық, оның құрылымы мен қасиеттері, жердің литосферасы, жердің гидросферасы, жердің атмосферасы, жердің биосферасы, таулардың морфологиясы, жазықтардың морфологиясы, Жердің пішіні мен өлшемдері және оның географиялық салдары, мұздықтар, суды, жерді қорғау.
Жердің пішіні геоид (жертәрізді), ол Күн жүйесіндегі 9 планетаның бірі. Орташа радиусы - 6371км, орташа тығыздығы-5,52 г/текше см, Жердің экваторлық диаметрі - 12756,5км, Жер осінің ұзындығы-12713,7км, экваторлық радиусы - 6378245м, полярлы радиусы – 6356863 м (Ф.Н. Красовский мен А.А. Изотовтың өлшемдері бойынша). Жердің жалпы ауданы- 510 млн.шаршы шақырым, оның 149 млн.шаршы шақырымы құрлық ауданына, 361 млн.шаршы шақырымы мұхиттар ауданына сәйкес келеді. Жердің нағыз пішіні мен өлшемдерін геодезиялық және астрономиялық зерттеулер береді.
Жер бір уақытта талай қозғалыстарға қатысады: Жер Күнді және өз осінен айналады. Жердің осімен айналуының маңызды салдарының бірі - олардың қозғалысының бағытынан дене ауытқыған тәрізді көрінуі. Инерция заңы бойынша кез-келген қозғалушы дене дүние кеңістігіне қарағанда қозғалыс бағытын сақтауға тырысады. Жер айналымының ауытқу әрекетін «Кориолис күші» деп атайды (1835 жылы француз ғалымы түсіндірді). Сонымен қоса, жер бетінде тәуліктің ауысуы анықталған. Тәулік барлық меридианда бір уақытта басталады. Әрбір меридианның өзіндік жергілікті уақыты бар, ол шығысқа қарай орналасқан сайын, өзара соғұрлым жаңа тәулік ерте басталады. Жер айналысында әрбір сағат сайын 15 градусқа бұрылады, сондықтан бір-бірінен 1 сағат айырма жасайды. Жердің қозғалысынан күн мен түннің ауысуы туады, жер бетінде климаттық белдеулер, табиғат зоналары т.б. пайда болады.
Биосфера негізінен мозайка тәрізді құрылыстан тұрады. Ол бірнеше өздігінен дамитын жекелеген бөліктерден тұрады. Бұл бөліктер, табиғатта биоценоз немесе экожүйе деп аталады. Екеуі бірігіп, биосфераның кішкене моделін қамтиды. Биоценоз тірі организмдердің жиынтығы ретінде қарастырылады, онда мекен ету ортасы бірдей болады. Оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлар бір-бірімен тығыз байланысты дамиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет