Жердің химиялық құрамы (минералдық және петрографиялық).
Жердің биосферасымен қоса литосфера, гидросфера, атмосферасын қарастырайық: Литосфера терминін ғылымға қатты беткі қабат ретінде Э.Зюсс енгізді. Қазіргі уақытта жер қыртысы жоғарғы литосфераның бір бөлігі ретінде қарастырылады. Литосфера жердің жоғарғы қатты қабағы, ол өте қаттылығымен астеносфера қабатынан ажыратылады. Астеносфера терминін 1914 ж. Дж.Барелл ұсынды. Ол – пластикалық, созылмалы ағысқа тез ұшырайтын мантияның қабаты болып табылады. Мантияның пластикалы, созылмалы болуы астеносфера облысында 2 бағытта қозғалуына себеп:
тік бағытта
көлденең бағытта
Осы 2 бағыттардың әрекетінен жер қыртысы деформацияға ұшырайды (тау түзіледі, қатпарлар қалыптасады, конт-к дрейф түзіледі).
Космогеодезиялық, палеомагниттік өлшеулердің нәтижесінде жердің тектоникалық дамуы литосфераның плиталарының өзара әрекеті мен орын ауыстыруына әсер етеді. Осыған байланысты Жердің литосферасы қозғалмалы блок жүйелерден тұрады деген жаңа геологиялық теория қалыптасады.
«Мохо» деңгейінде сейсмикалық толқындар жылдамдығы 6,5 км/с – 8 км/с өзгерсе, ал көлденең сейсмикалық толқындар-3,7км/с-4,5км/с өзгереді. Осы шекара - континентте 30-80 км тереңдікте, мұхитта 15-5 км. Көрсеткіштер А.Б.Ронов, А.Ярошевский бойынша алынды.
Орташа қалыңдығы:
Континенттік жер қырытысында – 43,6 км (шөгінді, базальт, гранит);
Субконтиненттік жер қыртысында – 23,7 км;
Мұхиттық жер қыртысында – 7,3 км (базальт, шөгінді)
Орташа тығыздығы: 1) 2,78г/см3 ; 2) 2,78г/см3; 3) 2,81г/см3 .
Массасы: 1) 18,07 * 1024 г ; 2) 4,30 *1024 г; 3) 6,09 * 1024 г.
Көлемі: 1) 6500 *10 км3; 2). 1540 *10 км3, 3) 2170 * 10 км3
Орташа жер қырытысының көлемі 10210 * 10 км3.
Жер қыртысының химиялық құрамы
Элемент
|
Ионды радиус А
|
Салмақтық процент
|
Атомдық процент
|
Көлемдік процент
|
О (оттегі)
|
1,34
|
46,6
|
62,6
|
93,8
|
Si (кремний)
|
0,34
|
27,3
|
21,2
|
0,9
|
Al (аллюм.)
|
0,47
|
8,4
|
6,5
|
0,5
|
Fe (темір)
|
0,69
|
6,2
|
1,9
|
0,4
|
Ca (кальций)
|
1,08
|
3,63
|
1,9
|
1,0
|
Mg (магний)
|
0,80
|
2,8
|
1,8
|
0,3
|
Na (натрий)
|
1,24
|
2,8
|
2,6
|
0,3
|
K (калий)
|
1,68
|
1,8
|
1,4
|
1,8
|
Жер қыртысында ең көп таралғаны О2 – 93,8% көлемді алып жатыр. Сондықтан ж.қ. оттегі әлемі болып табылады. Барлық жыныстарда кездеседі. Минералдардан ж.қ-да силикаттар көп таралған (плагиоклаз, кварц, пироксен, амфибол, биотит, магнетит және т.б.).
Жер қыртысы әртүрлі типтегі, әртүрлі қалыптасудағы тау жыныстарынан тұрады:
- шөгінді тау жыныстары => -9,2%
- метаморфтық тау жыныстары => -20%
- магмалық тау жыныстары => -70,8%
Континенттердің бетінің 80% шөгінді тау жыныстарымен көмкерілген, ал мұхит асты теңіз организмдерінің таза өнімдерінен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |