Дәрістер тезистері 1-дәріс. Кіріспе Қоршаған орта туралы ілімнің негізгі мақсаты мен міндеттері


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет3/44
Дата01.02.2023
өлшемі0,58 Mb.
#167036
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы (2)
рубежка физио, Силлабус 2022-2023 философия, Жумашева Силлабус Педагогикалық зерттеулер.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. «Қоршаған орта туралы ілім» курсы нені зерттейді?
2. Қоршаған орта дегеніміз не?
3. Қоршаған ортаның негізгі компоненттерін атаңдар.
4. Пәннің зерттеу әдістері мен объектісін атаңдар.
5. Трофикалық байланыс дегенімізді қалай түсінесіңдер?
6. В.И.Вернадскийдің «Биосфера» туралы ілімінің негізі неде?

2 дәріс. Жер - тірі материяның тіршілік ету ортасы ретінде




Қарастырылатын сұрақтар: Жер планетасының Күн жүйесіндегі басқа планеталарға қарағандағы негізгі ерекшеліктері. Жердің химиялық құрамы (минералдық және петрографиялық). Негізгі химиялық элементтердің айналымы мен зат айналымы
Біздің планета Күнмен бірге Галактика кеңістігінде қозғалады, осыған байланысты әртүрлі космостық факторлардың әсеріне ұшырайды (электромагниттік өріс, шағылысу, корпускулярлы радиация және т.б.). Осы факторлар әртүрлі дәрежеде Жер биосферасына, тірі заттарға әсер етеді және ежелгі геологиялық уақыттада әсер еткен. Жерге үлкен әсер ететін ол - планетааралық орта. Планетааралық орта мына компоненттерден тұрады:
- күн желі
- планетааралық магниттік өріс
- космостық сәулелер
- шағылысқан шаң-тозаңдар
Планетааралық ортаны құраушы компоненттерге жеке-жеке тоқталайық. Күн желі – Күн күмбезінің жоғарғы бөлігінен шығатын немесе зарядталған протон мен электрондар бөлшектерінің ағымы. Ол ағым Күннен радиалды шығып Күн жүйесіндегі гелиоцентрлік арақашықтыққа (100 астрономиялық бірлік) дейінгі аралықты толықтырады.
Планетааралық магниттік өріс – Күндегі ыстық газдардың иондалған массаларының қозғалысы. Ол өріс спираль сияқты бұралған болады, яғни Күннің айналуынан осылай болады.
Космостық сәулелер – Жердің биосферасына енетін жоғары жылдамдық пен энергияның зарядталған бөлшектерінің ағымы. Жер бетіндегі космостық бөлшектердің тығыздығы үлкен емес. Іс жүзінде космостық сәулелер атмосферада сіңіп кетеді; кейде олардың іздері теңіздің астында 1000 м тереңдікте табылуда. Космостық сәулелердің ағымының мәні минутына 1 шаршы см-ге 10 бөлшек сәйкес келеді.
Планетааралық шаң-тозаңдардың болуын метеорға бақылау жасаудан анықтаған. Қазіргі кезде әртүрлі космостық аппараттардағы шаң-тозаңды бөлшектердің болуын тіркеу арқылы және Ай бетіндегі микрократерлердің қалыптасуынан оқып зерттейді.
Шар тәрізді Күннің жарқыраған дөңгелек түрінде көрінетін бетін фотосфера деп атайды. Оның радиусы жер радиусынан 109 есе үлкен, ал көлемі Жер көлемінен 1 300 000 есе артық. Күн аспан сферасын әр тәулікте шығысқа қарай шамамен 1º жылжи отырып 1 жыл ішінде бір айналып шығады (360º). Күннің осы қозғалыстағы жылдық жолын эклиптика деп атайды.
Планетааралық шаң-тозаңдардың бұлттары эклиптика кеңістігінде көп шоғырланады. Ол Күнді айнала, шағылысып зодиакальды жарық қалыптастырады. Зодиакальды жарық тропиктік елдерде жақсы көрінеді (батысында, күн батқан кезде немесе күн шығатын кезде шығысында).
Космостық шаң-тозаңдар Жердің бетіне түскенде, атмосфера арқылы қатты қызады, сондықтан алғашқы қасиетін жояды, яғни қорытылу процесі жүреді (соңында сфералық қорытылған бөліктерге немесе сферулаларға айналады). Мысалы, осы қалдықтар ең бірінші терең сулардың шөгінділерінде табылған. әсіресе Тынық мұхитында 1884 жылы «Челленджер» кораблінің экспедициясы бойынша (Дж. Меррей, А.Менард) табылған. Қазіргі кезде Антарктида мен Гренландияның түптік және атмосфералық шөгінділерінде табылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет