Дәрістер тезистері 1-дәріс. Кіріспе Қоршаған орта туралы ілімнің негізгі мақсаты мен міндеттері



бет14/44
Дата01.02.2023
өлшемі0,58 Mb.
#167036
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы (2)

Абсолюттік таралу (АТ) – белгілі бір жүйедегі минералдық реңнің келесі жүйедегі аса үлкен реңдік құрамы бар элементтің өзара қатынасы, мысалы, әртүрлі жыныстардың түрлері.
Салыстырмалы таралу (СТ) – қарастырып отырған геохимиялық жүйелердегі зерттелген үрдістердің алдында немесе соңында бір элементтің таралу дәрежесінің қатынасы.
Химиялық элементтердің радиоактивтік ыдырауы.
Радиоактивтілік дегеніміз – атомдық ядролардың өздігінен бір не бірнеше зарядталған бөлшектері мен фотондарын басқа ядроларға айналу қасиеті. Өздігінен ядролары ыдырайтын элементтерді радиоактивтік деп сесптейді.
Радиоактивтік ыдырауының нәтижесінде мыналар қалыптасады:
-жаңа радиоактивті изотоптар қалыптасады (аралық өнімдер), мысалы уранның ыдырауы кезінде протактиний, торий, астат изотоптары түзіледі;
-тұрақты изотоптар немесе ыдарудың соңғы өнімдері түзіледі, мысалы уран мен торийдың ыдырауы кезінде соңғы ыдырау өнімі ретінде қорғасын мен гелийдік изотоптары қалыптасады.
Биосферада радиоактивті сәулеленудің арқасында бөлшектер мен фотондар химиялық элементтердің атомдарымен өзара байланысқа түседі де әртүрлі формада кездесуге мүмкіндік туады. Осы үрдістің ағысы мыналарға байланысты:

  • енетін бөлшектердің энергиясына, зарядына және массасына;

  • сәуле қабылдайтын заттардың орташа иондалған тығыздығымен анықталады.

Магниттік өріс пен энергия.
Іс жүзінде біздің планета кең планета маңылық кеңістікті қамтитын – магнитосферамен, магниттік өріспен қоршалған.
Геомагниттік өріс тек тірі организмдерге, адамдарға ғана әсер етіп қоймай, оларды космостық кеңістіктен үлкен жылдамдықпен келіп түсетін бөлшектердің жоғарғы энергиясынан сақтайды. Магнитосфераның ішкі шекарасы магнитопауза деп аталады. Магниттік өрістің күштілігі және оның көлемі миллиондаған жылдар бойы немесе тіршіліктің эволюциясы дамуы бойы тұрақты болған жоқ.
Осы өзгерістерден басқа жүздеген, мыңдаған жылдар бойы бірнеше тербелістер мен өзгешеліктер болғаны анықталған:
-магниттік дауылдар (уақыт ішінде магниттік ауытқудың тұрақты емес шұғыл өзгеретін түрі, ол минутпен өлшенеді);
-магниттік өрістің аздап алғашқы минуттарындағы тұрақты емес өзгеруі;
-тәулік және жылдық тербелісі.
Бұл өзгерістер адамдардың денсаулығына кері әсер етеді. Кейінгі жылдары магниттік дауылдардың болатынын алдын-ала ескерту жүріп жатыр, бұл кәрі және әлсіреген адамдардың тіршілігінің қауіпсіздігін ұлғайтады.
Магниттік өріс –жоғары энергиясы бар космостық бөлшектерді табиғи түрде ұстап қалу өрісі. Бұл бөлшектер магниттік күшті сызықтармен қоса, олардың бойымен спираль түрінде полюстерден полюстерге қарай қозғалып өзінің энергиясын жоғалтады.
Магниттік полюстер – Жердің магниттік осінің жер бетіне шығатын жерлерінің нүктелері. Магниттік полюстердің орналасуы географиялық полюстермен сәйкес келмейді. Магниттік ось Жердің айналу осінен 11,5º бұрышта орналасқан.
Заттардағы жылу энергиясы бөлшектердің беймаза орналасуымен анықталады. Қазіргі заманғы зерттеулер бойынша, жылу келесі үрдістер арқылы ауысады:
-жылу өткізгіштік;
-конвекция;
-сәуле қабылдау.
Жылу өткізгіштік кезінде энергия молекулалары тез қозғалатыннан көршілес жатқан баяу қозғалатындарға ауысады. Жылуды жақсы өткізетіндерге металлдар, ал нашар өткізетіндерге ауа мен тау жыныстары жатады. Жердің ішкі бөліктерінен жылу жылу өткізгіштікке байланысты оның бетіне ауысады.
Конвекция кезінде жылу газдар мен сұйықтықтардың циркуляциясы (айналымы) арқылы ауысады. Неғұрлым жеңіл жылы ауалардың атмосферада жоғары қарай конвекциялық түрде жылжуынан әртүрлі ауа ағымдары түзіледі.
Жылу сәулелеленуі дегеніміз электромагниттік толқындардың нақты жиілілігі арқылы жылы заттардан жылудың таралуы. Дәл осылай жылу Күннен Жерге түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет