Дәрістер тезистері 1-дәріс. Кіріспе Қоршаған орта туралы ілімнің негізгі мақсаты мен міндеттері


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет16/44
Дата01.02.2023
өлшемі0,58 Mb.
#167036
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы (2)

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Тірі организмдердің тіршілік ортасындағы химиялық элементтердің таралу формаларын түсіндір.

  2. Абсолюттік және салыстырмалы таралу деген не?

  3. Химиялық элементтер неге ыдырайды, себебін мысалдармен түсіндір.

  4. Радиоактивтік ыдырау деген не?

  5. Магниттік өріс пен энергияның байланысы және өзара әсерлері.

  6. Геопатогендік зоналар деген не?

6 дәріс. Жер атмосферасы




Қарастырылатын сұрақтар: Атмосфера қабаттарының зерттелу тарихы және оның шекаралары. Атмосфераның құрамы мен жылу режимі. Атмосфералық ауаның ластану көздері. Санитарлық зоналар. Ластаушы заттардың ортаға әсері. Атмосфераны қорғау.
Атмосфераны зертеудің әр түрлі әдістері бар. Көне заманнан бері адам оның құрамын білуге құштар болды.
ХΙΙ ғасырда араб ғалымдары кешкі сағымды бақылай келе атмосфераның 70 километрге созылғанын айтты. ХΙХ ғасырда метеорларды бақылау барысында оның 100-200 километрде жанатыны бақыланды. Бұл оның атмосфералық өте тығыздығы көп екендігін дәлелдейді. Поляр шұғыласын бақылау барысында ауаның 1000 километрде де бар екендігі анықталған.
Атмосфераны зерттеу барысында адамзат баласы биіктікке көтеріле бастады. ХVΙΙΙ ғасырда ұшатын аппараттар қолданды. 1731 жылы Рязань қаласының тұрғыны Крякутной әуе шарында ( ыстық буға толтырылған) биіктікке көтерілген.
1804 жылы Петербург академигі Захаров аэростат әуе шарында 2840 метр биіктікке көтерілді. Аэростат ашық кабиналы болса, 6-7 километрге ғана көтеріле алуға болады, себебі одан биікте адамдар тұншыға бастайды. ХХ ғасырда стратостат әуе шарлары арқылы жоғары биіктікке көтеріле бастады. 1931 жылы швейцар ғалымы және астронавт Пикар 16 километр биіктікке көтерілді. 1933-34 жылдары совет астронавтары 19-22 километрге көтерілді. Кейінгі кезде атмосфераның жоғары қабатын зерттеу үшін жеңіл газға толтырылған резина шарлар (радиозондтар) қолданады. Радиозонд 40-45 километр биіктікке өзі көтеріліп, мәліметтерді беріп, хабарлайды.
Қазіргі кезде халықаралық масштабтағы бағдарламамен біріге отырып, атмосфера қабаттары зерттелуде. Сонымен атмосфераның жоғары қабаттарын зерттеуде әр түрлі ракеталар қолданады:

  • метеорологиялық

  • континентаралық

  • космостық

Атмосфераны зерттеу үшін, ең бастапқы метеорологиялық, геофизикалық ракеталар пайдаланады.
Неғұрлым жоғары көтерілген сайын, соғұрлым ауаның температурасы азая береді. Осы қасиеттері үшін атмосфера келесі қабаттан тұрады:

  • тропосфера ( полюстерде 8-10 км; экваторда 16-18 км) төменгі қабат

  • стратосфера (50-55км, температурасы 00-қа дейін жетеді, озон (О3) көбейеді)

  • мезосфера (80-85 км, температура төмендейді, ортаңғы)

  • термосфера (800 км, ауа жоғары иондалған, t=12000С)

  • экзосфера (t=+25000С)

Географиялық қабыққа тек тропосфера және стратосфераның төменгі бөлігі кіреді. Атмосфераның төменгі бөлігіне шартты түрде құрлық және мұхит беті алынады. Енді осы қабаттарына қысқаша тоқталып өтелік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет