Жер қыртысының минералдық құрамы: плагиоклаз (39%), дала шпаты (12%), пироксен (11%), кварц (12%), слюда (5%), семфибол (5%), оливин (3%), саздақты минералдар (4,6%), магнетит (1,5%), кальцит (1,5%), доломит (0,5%) және т.б. (4,9%).
Шаң-тозаңмен бірге Жерге метеориттерде келіп түседі. Ең ірісі Гоба метеориті, m=60т. Құрамына қарай темір, тас ( хондрит), жартылай темір (палласит), шыны (тектит) метеориттері болады. Мысалы, Жер бетіне түскен метеориттердің 92,7% - тас метеориттер, 5,6% - темір метеорит, 1,3% - темірлі тас метеориттер.
Хондриттердің құрамы: темір Fe - 21,15%, оттегі O2 - 36,3%, кремний Si - 18%, магний Mg - 14,3%.
Темір метеориттер: темір Fe - 90,78%, никель Ni - 8,59%. Мысалы, 1 сағатта Жер бетіне 83 кг (тәулігіне 50т) шаң-тозаң түседі.
Сонымен Күн жүйесінің мына заңдылығын ескеру керек (палеогеографияда) :
А – планеталар орбитасы шеңбер сияқты бір жазықта жатқан орбитамен бір бағытта қозғалады, өз білігінен айналуыда көбінесе бір бағытта;
Б – планеталардың арасы Күннен алыстаған сайын бірыңғайда геометриялық прогрессиямен өсе бастайды;
В – ішкі жер типтес планеталардың салыстырмалы мөлшері кішкентай, бірақ тығыздығы артық, айналу қозғалысы баяу, серіктері жоқ.
С – Күн өз жүйесінің барлық массасының 99,87% шарпығанына қарамай, моменттік қозғалу санының тек 2% -дан кемін ғана қамтиды.
Жер қыртысының петрографиялық құрамы келесідей:
42,7% - базальт, габбро, амфиболит, дунит, эклогит, перидотит.
22% - гранит, гранодиорит, диорит.
21,4% - гнейс
5,1% - тақтатас ( сланец)
4,2% - саз (глина)
2% - карбонаттар
1,7% - құм, құмтас
0,9% - мәрмәр.
Қазіргі континенттік қыртысының геологиялық жастары әртүрлі. Олардың көбі фанерозой формациясына сәйкес келеді. Сонымен қоса, протерозой жасындағы жыныстар кездеседі (1800-2250 млн.жыл)
Сонымен мынадай заңдылықтар байқалады:
- неғұрлым тау жыныстарының жасы ұлғайған сайын, соғұрлым жыныстардың сыртқа шығу ауданы азаяды;
Бұл геологиялық айналымның ғасырлық тербелуіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |