Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Атмосфера деген не?
Оның қандай қабаттарын білесің?
Атмосфераны қалай зерттейді?
Төсеніш бет пен оның ерекшеліктері.
Атмосферадағы химиялық элементтердің негізгі құрамы қалай өзгереді?
Атмосфера мен транспорттың байланысы неде?
Атмосфераның ластануы.
Ластанудың негізгі себептері.
№7 дәріс. Гидросфера
Қарастырылатын сұрақтар: Су қасиеттері және тірі зат. Климатты реттеудегі мұхиттардың маңызы. Теңіздер мен мұхиттар өнімділігі. Табиғи және ластанған сулардың химиялық құрамы. Су қажеттілігінің мөлшері. Өзен, көлдер, мұхиттардың ластануының алдын-алу. Сулы қорықтық территориялар
Су - Жер биосферасының аса маңызды қабығы болып табылады. Судың қасиеттері геохимиялық және биогеохимиялық процесстердің маңызды қатарларын анықтайды. Су массаларының таралуы әркелкі. Мысалы: мұхиттарда үлкен бөлігі, ал аз бөлігі көл, батпақ, өзендер, мұздықтар және жер асты суларының құрамында.
Гидросфера Жердің су қабаты. Оның құрамына құрлық сулары - өзендер, батпақтар, мұздықтар, жер асты сулары мен әлемдік мұхит сулары кіреді.
Судың басты массасы жерде теңіздер мен мұхиттарда – 94%; 4,12% су жер қыртысында, ал 1,69% Антарктиданың және Арктиканың, сонымен қоса, таулардағы мұздықтарда жатыр.
Жер гидросферасындағы су массаларының таралуы (М.И.Львович бойынша, 1986ж.) % үлесі:
- Д.ж. мұхит 1 370 000 * 103 км3 94%
- Жер асты сулары 60 000 * 103 км3 4%
- активті алмасатын ж.а.с. 4 000 * 103 км3 0,3%
- мұздықтар 24 000 * 103 км3 1,7%
- көлдер 80 * 103 км3 0,02%
- топырақтағы ылғал 80 * 103 км3 0,01%
- атмос. булары 14 *103 км3 0,001%
- өзен сулары 1,2 * 103 км3 0,0001%
* барлығы 1 454 000 * 103 км3 100,00%
Дүние жүзілік мұхит ауданы - 361 млн. км2 , орташа тереңдігі - 3,8 км.
Орташа тұздылығы - 35‰ (1000г еріген заттың суында болу массасы).
1,7% мұздықтар су айналымында маңызды рөл атқарады. Олар қатты атмосфералық жауын-шашынның поляр елдері мен биік таулы жүйелерінің үстіне түсуі нәтижесінде пайда болады. Ал жарты шарлардың өзі теңіз бен континент бетінен буланған (минералы аз 25-50 мг/л) судан қалыптасады.
Су – табиғаттағы ең көп таралған минералдардың бірі. Таза су негізінен мөлдір, түссіз, иіссіз болады. Ол табиғи жағдайда үш күйде (сұйық, қатты, газтәрізді) болатын бірден-бір минерал болып саналады. Бұл үрдістің белсенділігі ауа температурасының өзгеруіне байланысты.
Жер асты сулары Жердің шөгінді қабатында шоғырланған. Таралуы бойынша олар гидросферада екінші орын алады (4%).
Жер асты сулары геологиялық тарихта тау жыныстары мен минералдармен тығыз байланыста болады. Сондықтан әркелкі минералдану қасиетіне ие болады. Грунт сулары биосферадағы су айналымына қатысып, жер бетіне жақын орналасады. Неғұрлым тереңге барған сайын атмосфералық ауамен байланысы азаяды. Сонымен қоса, жер асты суларына термальдық суларды да жатқызуға болады. Тұщы сулар ұшпалы, газды компоненттерге бай.
Судың маңызы тек организмдерге әсері мен шаруашылық әрекетіне әсерінде ғана емес. Ол планетаға зор әсер етеді. Академик В.И.Вернадский былай деп жазды: «маңызды геологиялық үрдістерге, олардың жүруіне қатты әсер ететін судан басқа, оған сәйкес келетін табиғи дене жоқ».
Достарыңызбен бөлісу: |