Топырақтың екінші рет тұздануы. Рекультивация. Топырақтың құрамындағы құнарлы микроэлементтер азайғанда, ыстық қуаңшылық территорияларда шөлдер пайда болады. Шөлдер жер бетінде 10º-45º ендіктер арасында орналасқандықтан, солтүстік жіне оңтүстік екі белдеу құрайды. Жалпы ауданы 15-20 млн. ш.ш.
Сонымен шөл – климаты аса құрғақ, өсімдіктер дүниесі өте жұтаң кең алқап. Жылдық жауын-шашынның мөлшері 200 мм-ден аспайды, жазы ыстық, ауасы құрғақ, ауаның жылдық және тәуліктік ауытқуы өте жоғары.
Ыстық ауаға байланысты ондағы булану мөлшері түсетін ылғалдан 10-15 рет артық. Содан келіп, грунт сулары қашанда болсын тік көтеріліп, буланып тұрады.
Желдің әсеріне байланысты шөлдер дефляциялық және аккумуляциялық типтерге бөлінеді.
Дефляциялық шөлдерді Орта Азия мен Қазақстанда қырат, Африкада гаммада деп атайды. Олар сүйір, неше түрлі пішінді жар, қойтастардан тұрады. Олардың түбінде қара түсті қақталу қабығымен жабылған ірі-ұсақ кесек тастардың үйіндісі жиналады. Бетпақдала осындай шөлге жатады.
Құм үйілген аккумулятивтік шөлді Орта Азия мен Қазақстан тұрғындары шағыл, құм (Қарақұм, Мойынқұм, Қызылқұм және т.б.) дейді де, олардың саз-балшықты ойыс бөлімдерін тақыр, лессжыныстыларын адыр, тұз араласқандарын сор деп бөледі.
Ең аумақты шөлдер – құмдар. Тек қана бұрынғы КСРО аумағында олардың ауданы 800 000 ш.ш. құмдар негізінен өзен аңғарының шөгіндісін жел айдап қууынан пайда болған. мысалы, Қарақұм ерте замандағы Әмударияның, Мойынқұм Талас пен Шу өзендерінің шөгінділерінің електеніп ұшуынан жаралады. Құмдардың қалыңдығы ондаған метрге жетеді.
Жел эрозиясының әрекеті адамзатқа қашанда болсын зиян келтіруде. Оның кеселінен жерді құм басады, үй-құрылыстар қирайды, құмға көміледі. Көлік жолдары істен шығады және т.б. Осындай қасірет адамдардың өзі кінәлі. Осы үрдістердің нәтижесінде топырақтың екінші рет тұздануы қалыптасады. Ормандарды, ағаштарды кесіп тастағаннан кейін жер бетінің 30%-ға жуық жері құмға айналып кеткен. Дәл осы үрдістен кейін жыл сайын 6 млн.га пайдалы жер жоғалып отыр.
Мысалы, Әмударияның жағасында тұрған Төрткөл қаласын бір уақытта түгел құм басты. Жері құнарлы Украинада дефляция әсерінен көптеген егіндік жерлер қаңырап бос қалды. Қазақстанның тың жерлерін көтергеннен-ақ қара дауыл тұрып, топырағын көкке ұшырды.
Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында топырақ, су жел эрозиясына ұшырады. Алғашқы жылдары өнім біршама мол болғанымен, кейінгі жылдары бұл көрсеткіштер төмендеп кетті. Өйткені топырақ типтерінің ерекшеліктері ескерілмеді. Мысалы, құмайт және саздақ топырақты аудандар 4-5 жыл пайдаланғаннан кейін жері сортаңданып, егістік көлемнен шығып қалды. Жел топырақтың құнарлы қабатын ұшырып әкетіп, топырақтың екінші рет тұздануына әкеліп соғуда.
Республикадағы шөл және шөлейт 167 млн. га жерді алып жатыр. Суарылған жағдайда бұл алқапты тек мал жайылымы ретінде ғана пайдалануға болады. Кейінгі жылдары жайылымдарды көлдетіп суару жолымен тиісті нәтижеге жету мүмкіншілігі белгілі болып отыр. Жайылымдарды суландыруға артезиан суын пайдаланудың болашағы зор.
Топырақ эрозиясымен күресу шараларына мыналар жатады:
Агротехникалық және мелиорациялық шараларды дер кезінде әрі дұрыс жүргізу;
Сонымен жерді қайта өңдеу немесе рекультивация дегеніміз – адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде немесе табиғат апаты салдарынан бүлінген жерлердің биологиялық өнімділігін қалпына келтіру.