Предикаттар. Негізгі түсініктер.
Предикат түсінігі пікірлер түсінігінің жалпылауы болып табылады. Математикада анықталған тұжырымның ақиқат немесе жалған екендігі оның құрамындағы айнымалыға тәуелді болатын сөйлемдер тжиі кездеседі.
Мысалы: 1) «х+2=5» , х Z
2) «n-жай сан»
3) «х өзені Байкал көліне құяды»
осы пікірлердің әрқайсысы, айнымалының орнына қандай-да бір нақты мәнді қойғаннан ақиқат немесе жалған пікірге айналады.
1 анықтама. М1,…,Мn жиындарында анықталған n орынды предикат деп, құрамында х1,…,хn айнымалылардың орнына сәйкес М1,…,Мn жиындарынан кез келген нақты мәндерді қойғаннан пікірге айналатын сөйлемді айтады.
Белгіленуі Р(х1,…,хn).
х1,…,хn – заттық айнымалылар, М1,…,Мn жиындаының элементтері – нақты айнымалылар деп аталады.
М1,…,Мn жиындарында анықтылған n орынды Р(х1,…,хn) предикат n аргументті функция болып табылады. Предикат – функция-пікір деп те аталады.
Мысалы: «х2+у2≤9» - екі орынды предикат. RxR жиынында берілген.
(2;1) «22+12≤9» - ақиқат
(3;3) «32+32≤9» - жалған.
Достарыңызбен бөлісу: |