Дәрістер тезистері


Дәріс 8 (дәріс тақырыбы) Әдебиеттік оқу сабақтарында тіл дамыту



бет14/23
Дата23.12.2023
өлшемі151,23 Kb.
#198783
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Байланысты:
Жаңартылған мазмұндағы Ә.о әдістемесі (дәріс)

Дәріс 8 (дәріс тақырыбы)
Әдебиеттік оқу сабақтарында тіл дамыту.
Негізгі мәселелер:

  1. Тіл дамыту туралы түсінік.

  2. Тіл дамыту жұмысытарының түрлері.

«Тіл» немесе «тіл дамыту» – пәнаралық түсінік: ол лингвистикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде кездеседі. Лингвистика тіл және оның даму, заңдарын зерттесе, психология адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін және пікірін жеткізу үшін тіл материалдарын қолдану процесі – сөйлеуді зерттейді.


«Тіл» дегеніміз белгілі бір ұлттың ішкі заңдылықтарын қалыптасып, жүйеге түскен қатынас құралы екені белгілі. Ал даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсіндіреді.
Қазіргі кезде жаңа заман талабына сай, бастауыш мектепте оқытылатын пәндердің, әсіресе «Әдебиеттік оқу» пәнінің алдында тұрған басты мақсат – қазақ тілінің мол қорынан тиісті мәлімет беріп, сөздік құрамға енетін лексиканың түрлерін нормаға сай меңгерту, оқушының сөздік қоры арқылы тілін дамыту. Өйткені «Біз сөз арқылы ғана ойымызды сыртқа білдіре аламыз. Сөз болмаса, адамда білім болмас еді. Атын атап, сөзбен бекітіп тастамасақ, жанда суреттер, ұғымдар тұрмас еді. Қысқасы, жан көріністерінің ең қымбаты – ой, ой тілі – сөз» – деп, қазақтың арыс ұлдарының бірі М.Жұмабаев та тілді өте жоғары бағалаған. Егер сөйлеу дағдысының негізі бастауыш мектепте қаланатынын, жас бөбек алғаш қолына қалам ұстап, сауаттанып, жазбаша тілдің түрімен бетпе-бет осы бастауыш мектепте кездесетінін ескерсек, кіші жастағы оқушылардың тілін дамыту мәселесінің маңыздылығы талас туғызбайды. Осы өте маңызды мәселе әдістеме ғылымында әлі күнге дейін жан-жақты зерттелген деп айта алмаймыз. Оның жекелеген кейбір мәселелерін ғана ғалымдар енді-енді зерттей бастады. Мысалы, бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуға байланысты біраз зерттеулер іске асты. Қазіргі уақытта оқушылардың сөздік қорын байыту жайлы тәжірибелер жинақталған.
Ы.Алтынсариннің еңбегінде оқушылардың алдымен жеке сөзді меңгеру керектігіне аса мән берген болатын. Яғни оқушының сөздік қорын бірінші орынға қойған еді. Ұстаз «оқулықта берілген сөздермен шектелмей, оқушының сөздік қорын байытып отырудың қажеттілігін» жазған еді. Ол түсініксіз сөздерді оқушыларға сөздік дәптерлеріне жаздырып, кей сөздердің мағыналарын мәндес сөздер арқылы түсіндіруді ұсынған.
А.Байтұрсыновтың еңбектерінде оқушылардың сөз байлығын молайту жұмыстары үш түрлі тәсілмен жүргізілген: біріншісі – сөздерді тақырыптарға бөліп беру, екіншісі – түбірге қосымшалар жалғау арқылы сөз мағынасын түрлендіру, үшіншісі – сөздердің бір дыбысын өзгерту арқылы сөз мағынасын өзгерту.
Ғ.Бегалиев, С.Жиенбаев оқушылардың сөздік қорын жетілдіру жұмыстарын оқулықта кездескен түсініксіз сөздерді ұғындырумен байланыстырады.
Оқушы тілін дамыту – бастауыш оқытудың негізгі міндеттерінің бірі. Тіл дамыту – балалардың сөздік қорын байытуға, мағынасын түсініп, сол сөздерді дәл қолдана білуге, өз ойларын, пікірлерін екінші біреулерге жеке сөйлемдер арқылы, логикалық, композициялық тұтастығын сақтай отырып, жүйелі түрде әңгімелеу арқылы ауызша, жазуша дұрыс білдіруге, яғни «нәрсенің жайын-күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айтып беруге» үйрету. Балалардың тілін дамыту арқылы мұғалім олардың сөздігін дәлдеп, кеңітіп отырады, тілді қатынас құралы ретінде пайдалануға үйретеді. Өйткені, Оқу және тіл дамыту бағдарламасында «Оқу сабағында тіл дамытуға жеке бөлім берілмейді, бірақ әрбір мәтінді оқығанда сөздік, сөз тіркесі және сөйлеммен жүргізілетін жұмыстарға баса назар аударылады, оқушылардың ауызша, жазбаша сөйлеу тілін, ой-өрісін дамыту мақсатында нақты жұмыстар ұйымдастырылады» деп көрсетілген. Тіл дамыту жұмысын бала мектепке келген күннен бастап, яғни сауат ашу, оқу және грамматика сабақтарында жүйелі түрде жүргізу қажет.
Оқушылардың тілін дамыту, сөз қолдану дағдыларын қалыптастыру осы кезеңдердің әрқайсысында белгілі бір тақырыптың оқытылуына сүйене отырып, жүргізіледі. Мұнда біз мына сияқты негізп мәселелерді үйретуді, яғни белгілі бір тақырыпты оқыту отырып, баланың сөздік қорын дамыту; сөздерді үйрете отырып, жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгерту барысында оларды байланыстырып сөйлем құрауға, сөз тіркесіне; сондай-ақ, ойларын ауызша, жазбаша сауатты және жүйелі, дұрыс жеткізуге, сөйлей білуге үйрету көзделеді. Егер осы үшеуі (сөздік жұмысы, сөз тіркесі мен сөйлем құрау және байланыстырып, сөйлеуге үйрету жұмыстары күнделікті өтілетін сауат ашу, грамматика, оқу сабақтарымен байланыста біртұтас жүргізіліп отырылса, тіл дамыту жұмысы да біршама жүйелі өткізіледі деуге болады. Яғни тіл дамыту осы негізгі үш бағытта қатар жүреді. 
Тіл дамытудың негізгі құрамдас бөлігінің бірі – сөздік жұмысы. Мектепте шәкірттермен сөздік жұмысын жүргізуді ұйымдастыру бүгінгі күннің мәселесі ғана емес. Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу және одан әрі оқытудың сапасы ең алдымен олардың ойлау және сөйлеу тілі деңгейлерін дамытуға байланысты туындайды. Әрбір меңгерілетін жаңа сөз оқушылардың сөздік қорының баюының негізгі көзіне айналады. Сөзбен жұмыс істеу – сөздік қорды молайту, тіл көркемдігін, сөз өнерін меңгеру деген сөз. Оқушылардың қоршаған әлем мен заттар, құбылыстар туралы ұғымдары артқан сайын, соғұрлым олардың ішкі әлемі, сөздігі, тіл құндылықтарын меңгеру дағдысы, сөздің көпмағыналығы мен сөз мағынасының барлық ерекшеліктерін игеру арнасы кеңейе түседі.






9



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет