Дәрістер тезистері


Дәріс 7 (дәріс тақырыбы) Өлеңдерді, мысалдарды оқыту әдіс-тәсілдерін көрсету және талдау. Ғылыми мақалаларды оқыту әдістемесі



бет11/23
Дата23.12.2023
өлшемі151,23 Kb.
#198783
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Байланысты:
Жаңартылған мазмұндағы Ә.о әдістемесі (дәріс)

Дәріс 7 (дәріс тақырыбы)
Өлеңдерді, мысалдарды оқыту әдіс-тәсілдерін көрсету және талдау. Ғылыми мақалаларды оқыту әдістемесі.
Негізгі мәселелер:
1.Өлеңдерді оқыту ерекшеліктері.
2. Бастауыш сыныптарда мысалдарды оқытудың ерекшелігі. Мысалдардың аллегориямен берілуі.
3. Ғылыми мақалаларды оқыту ерекшеліктері.

Бастауыш сынып оқулығында берілген өлендердің басым көпшілігі –лирикалық өлеңдер. Лирикалық өлең автордың сан алуан көңіл-күйін, Отанға, елге, табиғатқа деген асқақ сезімін, қуаныш-сағынышын, сүйіспеншілігін білдіреді. Өлеңді талдау кезінде оқушын оның тек мазмұн-мағынасын жеткізумен шектелсек көркем дүниені көркемдігін, әсерлілігін жеткізе алмаған болар еді. Сондықтан өлең мен көркем қара сөздің ара жігін ашып, өлең сөздің ерекшелігін, құрылысын, әдістемелік шеберлікпен, көрнекілік жолымен салыстыру арқылы түсіндіреді. Өлең сөздің өзге әдебиет жанрларынан ерекшелігі оның әуезділігі мен үнділігінде, ырғағында, ұйқасып келетінінде.


Өлең – ырғаққа негізделген, синтаксистік біткен бір ойды білдіретін шумақ жолдарында буын, бунақтары дәл қайталанып, жол аяқтары ұйқасқа құрылатын көркем шығармалардың бір түрі. Өлең сөздің тыңдаушыларын өзіне баурайтын сазды, әуезді өрнек-нақышы, эмоциялық бояуы, үні, дыбыс әуені, мәні, табиғаты ауызекі естілгенде ғана ашылмақ. Өлең сөздің құдіретті қасиетін бала бойына сіңіру, зердесіне жеткізу – оқу-тәрбие ісінде үлкен мәнге ие.
Көркем әдебиет не өлең, не көркем сөзбен жазылады. Өлеңмен жазылған көркем шығармаларды поэзия, ал қара сөзбен жазылған көркем шығармаларды проза деп атайды. Өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа айтудың, оқушылардың шығармашылық түйсігін қалыптастырудың маңызы зор.
Бастауыш сынып оқулықтарында берілген өлеңдер алуан түрлі: кейбір өлеңдер белгілі бір оқиғаға құрылса, (мысалы, Ө.Тұрманжановтың «Қарлығаш») кейбір өлеңдер табиғат құбылыстары жайлы (Күз, Жазғы дала, Жазғытұрым т.б.с.с.), ал енді бір тобы автордың көңіл-күйін, асқақ ойын білдіреді.
Бастауыш сынып оқушылары өлең мәтіндерін оқуда өлең ерекше оқылады дейтін болар, әндетіп оқитындары да, сөз буынын созып оқитындары да, тіпті оқи алмайтындары да кездеседі. Сондықтан мұғалім өлең оқу үлгісін өзі көрсетіп, үлгі бола алады.
Бастауыш сыныптарда оқулықтарда берілетін өлеңдердің тәрбиелік мәні зор. Өлеңдер арқылы адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, ізеттілікке тәрбиелеуге болады. Мысалы: Ж.Қашқынов «Көмектесем анама» деген өлеңінде тазалықты сүйетін, анасына жаны ашып, көмектесуге әзір тұратын қыз баланың үйге тигізетін жәрдемін:
Ішіп болып тамақты,
Кірісемін жұмысқа.
Жуам кесе, табақты,
Су құйып ап ыдысқа,-
деген жолдармен қыздың өзіне айтқызып, өзге балаларды да пайдалы әрекетке бастайды. Мейірімді, анасына қолғанат болып жүрген баланың сүйкімді бейнесі Қ.Мырзалиевтің «Апам үшін» атты өлеңінде былай беріледі:
Апам үшін күнде де
Отынға ағаш жарамын.
Су құямын гүлге де,
Дүкенге де барамын.
Өлеңнің тілі – жеңіл, түсінікті, мазмұны – баланың күнделікті өміріне сай, нанымды, жаттап алуға оңай , бала жанына жақын.
Өлеңдерді оқу тәртібін шамамен былайша көрсетуге болады:

  1. Өлең оқылмас бұрын оның мазмұнына қарай, оқушылармен дайындық әңгіме өткізіледі. Бұл әңгімеде өлең ішінде кездесетін, оқушылардың ұғымына ауырлық келтіреді-ау деген, бірен-саран бейнелі сөздермен сөз тіркестерінің мағынасы түсіндіріледі.

  2. Өлеңді ырғағына келтіріп, мәнерлі түрде, егер өлеңнің көлемі ұзақ болмаса, алдымен мұғалімнің өзі оқып шығады. Оқу барысында балалар кітаптарынан іштей бірге оқып отырады.

  3. Содан кейін өлеңді оқушылар дауыстап, дұрыс, мәнерлеп оқиды.

  4. Өлең мазмұны талданады. Кейбір көлемдірек өлең бөлім-бөлімге бөлініп, ал қысқа өлеңдер тұтас талданады. Талдау барысында оқушылар өздері сұрақ-жауап ойластырады. Диалог құрады, өлең шумақтарындағы басты ойды табады т.б.

  5. Өлеңнің мазмұны бойынша жалпы сұрақ қойылады.

  6. Өлеңді екінші рет, қорытындылау мақсатында оқуға дайындық жұмысы жүргізіледі (оқу техникасы, мәнерлеп оқу, дауыс сазы, хормен оқу, жеке оқушыға оқыту т.б. жұмыстар) және кейбір үзінділер немесе бөлім, немесе өлең тұтас оқытылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет