Дәрістер тезистері



бет1/23
Дата23.12.2023
өлшемі151,23 Kb.
#198783
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Жаңартылған мазмұндағы Ә.о әдістемесі (дәріс)


ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ

Апта №

Дәріс атауы және тезистері

Сағат көлемі

1

Дәріс 1 (дәріс тақырыбы)
«Жаңартылған мазмұндағы «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту әдістемесі» пәні, мақсат, міндеттері.
1. «Жаңартылған мазмұндағы «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту әдістемесі» пәні, мақсат, міндеттері» пәні туралы түсінік.
2. Пәннің мақсат-міндеттері, құрылымы, маңызы.
3. Әдіс-тәсілдері.


«Жаңартылған мазмұндағы «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту әдістемесі» пәні болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ғылыми-әдістемелік біліммен қаруландырып, өз бетімен кәсіби әрекетін іске асыруға мүмкіндік жасайды. Сондықтан болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін дайындауда «Жаңартылған мазмұндағы «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту әдістемесі» пәнінің маңызы зор.
Осы мақсатқа жету мынадай міндеттерді көздейді:

  • әдебиеттік оқуды оқытуға байланысты практикалық іскерлік пен дағды қалыптастыруға негіз болатын теориялық және практикалық мағлұматтар беру;

  • оларды пәннің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарын іске асыруға дайындау;

  • әдебиеттік оқуды оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгерту.

«Жаңартылған мазмұндағы «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту әдістемесі» пәнін оқыту нәтижесінде студент:

  • «Жаңартылған мазмұндағы «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту әдістемесі» мазмұны мен жүйесін;

– «Әдебиеттік оқу» оқулығы мен оқу кешенінің мазмұнын;

  • Әдебиеттік оқу әдістемесін білуі керек;

  • Әдебиеттік оқу әдіс-тәсілдерін;

  • ­бастауыш сыныптарда Әдебиеттік оқу сабақтарын жоспарлауды және күнтізбелік жоспар жасауды;

– сабақта қосымша жұмыс түрлерін (дидактикалық материалдар, ойындар, ребустар, т.б.) жүргізуді;
– сабақ беруді;
– сабақта қолданылатын көрнекіліктерді жасауды;
– оқулықтарды талдауды және сызбамен көрсетуді;
– пікір айтуды;
– реферат жазуды;
– әдістемелік папка жасауды меңгеруі керек.
Бастауыш сыныптардағы оқу сабағының түбегейлі мақсаты – оқушыладың жеке басын қалыптастыра отырып, әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету, кітап оқуға деген мұқтаждығын қалыптастыру.
Осы мақсатты орындауға келгенде оқу сабағының алдына мынадай міндеттер жүктеледі:

  • оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;

  • көркем шығармаларға деген қызығушылықтарын арттыру;

  • шығарманың түпкі мән-мазмұнын түсінуін, эмоциялық қабылдауын қамтамасыз ету,

  • мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлем мен сөйлеу дағдыларын үйрете отырып, ана тіліміздегі сөз мағыналарының түрленуіне көңіл аударту.;

  • шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;

  • ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін дамыту;

  • өзіндік ой-пікірін айта білуге үйрету;

оқушылардың бойында ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту.
Бағдарламаның мазмұны осы міндеттерді орындауға бағытталады.
Мектепте білім берудің мазмұны оқу жоспарында, оку бағдарламаларында және оқулықтарда өз көрінісін табады.
Оқу жоспары дегеніміз оқу пәндерінің құрамын, оқу жылы бойынша бүларды оқытып-үйретудің тәртібі мен рет-жөнін, әрбір пәнге бөлінген сабақ санын анықтайды, сондай-ақ оқу жылының құрылымын белгілейтін мемлекеттік құжат.
Оқу жоспарына сәйкес оқу бағдарламасы жасалады.
Бағдарлама – оқытудың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асырудың, пәннен білім берудің стратегиялық бағыттарының тактикалық шешілуі жолдарын нақтылы көрсететін біртұтас әдістемелік жүйе.
Оқулықтарға енген материалдарды тақырыбы мен мазмұны жағынан топтасақ, екі үлкен бөлімнен тұрады: көркем мәтіндер және ғылыми-танымдық мәтіндер.
Бұл бөлімдердің әрқайсысының мазмұнында да, оқу әдістемесінде де өзіне тән ерекшеліктер бар.
Көркем шығармалар ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті үлгілерін қамтиды.
Ауыз әдебиетінің мынандай үлгілері: балаларға арналған ойын өлеңдері, төрт түлік жырлары, ертегілер мен аңыз әңгімелер, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар, шешендік сөздер мен билер сөздері, нақыл сөздер мен мысалдар, батырлар жырларының үлгілері, өтірік өлеңдер мен айтыс өлеңдері кең орын алады.
Жазба әдебиет үлгілерінен ақын-жазушылардың балаларға арналған таңдамалы шығармалары қамтылды.
Білім мазмұнын мектепте тиімді оқытып, оның басты мақсатын жүзеге асыру оқытуды оқу–әдістемелік кешен жасаумен тығыз байланысты жүзеге асады.
Бастауыш сыныптардағы оқыту үдерісінде әр алуан оқыту құралдары пайдаланылады. Олардың ішіндегі негізгісі оқулық болып табылады.
Оқулық мазмұны мен құрылымы «Әдебиеттік оқу» пәнінің мемлекеттік стандартына сәйкес дайындалған «Әдебиеттік оқу» бағдарламалары (2-4 сынып) құрылымына сәйкес жүйеленген. «Әдебиеттік оқу» пәні аптасына 3 сағаттан жылына 102 сағат болып белгіленген. Соған орай пән бойынша сабақтың күнтізбелік жоспары жасалып, сабақ тақырыптарының көлемі мен мазмұнына сай сағаттар көрсетілген. Оқу материалдары баланың жас ерекшеліктеріне сай таңдалып алынған..
Оқулықтағы әрбір тақырыпқа арналып белгіленген оқу мақсаттары оқушыға және мұғалімге түсінікті тілде ұсынылып, алдыңғы білімді еске түсіріп, бекіту және қолдану мақсатында ауызша өзара қарым-қатынас жасау, түрлі сюжетті суреттермен жұмыс арқылы ой қозғау, сұрақ-жауап, жеке, топтық, жұптық жұмыстар, әңгімелеу, т.б. тапсырмалар арқылы көпір ретінде әрі жаңа мақсатты игеруге дайындық болып табылады. Сабақтың кіріспе бөлімі маңызды болғандықтан, жаңа ақпаратты оқушының өзіндік пікірі, көзқарасы мен тәжірибесіне сүйене отырып жүзеге асырылатынын атап өткіміз келеді.
Оқушылардың белгіленген оқу мақсаттарына қол жеткізуі үшін таңдалған мәтіндер, аңыз әңгімелер, өлеңдер, ертегілер, энциклопедиялардан алынған мәтіндер, аудармалар, мақалалар, т.б. кәсіби талғампаздықпен іріктеліп, қолданылды. Себебі ХХІ ғасырдағы қазақ балалары өзінің ауыз әдебиетінің бай мұрасымен жан-жақты сусындап ғана қоймай, әлем әдебиеті шығармаларымен де танысуы үшін құнды материалдарды іздеп, кіріктіру басты міндетіміз деп санадық.
Бала ақпаратты жақсы түсініп қабылдауы үшін көру, айту, есту, оқу, ойлану, жазу, қарым-қатынасқа түсу, т.б. әрекеттері қатар жүзеге асқанда тиімді болатыны белгілі. Сондықтан, әрбір тақырып бойынша аталған белсенді оқу әрекеттерін бірізділікпен әрі кезектесіп жүзеге асуына арналған тапсырмалар келесі айдарлар арқылы «Пікіріңді айт», «Кел, сөйлесейік», «Түсіндір», «Талдау жаса», «Ойыңмен бөліс», «Ойлан», «Салыстыр», «Әңгімеле», т.б. берілді. Бұл әрекеттер баланың өз бетімен және бірлесіп білім алуына ықпал етеді деп сенеміз.
Блум таксономисяның жоғары деңгейіне сәйкес күрделі танымдық әрекеттерді дамыту мақсатында: «Дәлелде» «Болжам жаса», «Бағала», «Жоба жасаймыз», «Құрастыр», «Көрініс жасаймыз», «Қолдан», «Салыстыр», т.б. айдарлары арқылы берілген тапсырмаларды орындау нәтижесінде балалардың пәндік құзыреттілігі мен алған білімді өмірлік жағдаятта қолданудағы функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналып құрастырылды.
4-сыныпта балалардың мәтінді оқу жөнінде біршама тәжірибе қалыптасқандықтан, оқылымның күрделенген түрлері: «Зерттеп оқы», «Түртіп алып оқы», «Тауып оқы», тәрізді оқылым түрлерін жиі қолдануға тырыстық. Сонымен қатар бұл сыныпқа арналған оқу мақсаттарында «Болжам жасау» яғни, мәтіннің басын, ортасын, соңын болжауға үйретуге арналған тапсырмалар да жиі қолданылды. Әсіресе, мәтіндегі кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне талдау жасап, баға беруге арналған тапсырмалар мен сұрақтар сын тұрғысынан ойлауды дамыту мен келешектегі өміріне қажетті тәжірибе, жинақтап, өзіне тәлім-тәрбие алатындай тұжырым жасауға арналды.
Әдебиеттік оқу пәні қазақ тілімен тығыз байланысын жүзеге асыру мақсатында жазбаша орындау үшін лексика-грамматикалық тапсырмалар ішінара кіріктірілді.
Үй жұмысына арналған тапсырмалар АКТ құралдарын қолданып қосымша ізденуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға, зерттеу, жобалау жұмысын жүзеге асыруға және үлкендермен бірге орындауға арналды.
Бөлімдерді аяқтаудан кейін «Өзіңді тексер» атты тапсырмалар жүйесі беріледі. Оқушы өзінің оқу жетістігін бағамдау үшін берілген бұл тапсырмалар үйде жеке, ата-анасымен бірлесіп орындауына немесе сыныпта орындауына ыңғайлы етіп ұсынылды.
Оқулыққа қосымша ұсынылған жұмыс дәптерінде тақырып бойында берілген жазылым тапсырмаларын орындауға және білімді бекітуге арналған тапсырмалар жүйесін қамтыды.
Мұғалімге арналған әдістемелік көмекші құралда ҰМЖ сәйкес құрастырылған тақырыптық-күнтізбелік жоспар, оқулықпен жұмысты табысты жүзеге асыру, сабақ құрылымын тиімді жоспарлау үшін мұғалімдерге әдістемелік кеңестер беріліп, әрбір сабақтың қысқа мерзімді жоспары ұсынылды. Бұл құралды мұғалімдер қауымы сыныптың қажеттілігі мен деңгейіне лайықты етіп толықтыруға, өзгерістер енгізуіне болатындығы ескертіледі.
Бастауыш мектепке арналған әдебиеттік оқу топтамасы:
«Әдебиеттік оқу» оқулығы (2-4 сыныптар);
Әдебиеттікк оқу оқыту әдістемесі (2-4 сыныптар);
Әдебиеттік оқу хрестоматиясы (2-4 сыныптар);
Әдебиеттік оқуға арналған үлестірмелі-дидактикалық материалдар (2-4 сыныптар);






2

Дәріс 2 (дәріс тақырыбы)
Оқырман әрекеті, оқу сауаттылығы туралы түсінік.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет