Дәрістер тезистері


Дәріс 4-5 (дәріс тақырыбы) Мәтінмен жұмыстың әдеби және психологиялық негіздері. Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар



бет4/23
Дата23.12.2023
өлшемі151,23 Kb.
#198783
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Жаңартылған мазмұндағы Ә.о әдістемесі (дәріс)

Дәріс 4-5 (дәріс тақырыбы)
Мәтінмен жұмыстың әдеби және психологиялық негіздері. Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар.


Негізгі мәселелер:
1. Оқу сабақтарында көркем шығарманы оқуды ұйымдастыру.
2. Көркем шығарманы қабылдау жұмысының мазмұны мен міндеттері.
3. Мәтінге байланысты ұйымдастырылатын сөздік жұмысы.
4. Жоспар жасау.
5. Шығарманың идеясымен және онда қатысушылар әрекетіне қарай жұмыс жасаудың әдістемелік негіздері.
6.Бастауыш сыныптарда әдебиет теориясынан берілетін бастапқы түсініктер. Әдеби-теориялық ұғым қалыптастырудың тиімді жолдары.

Оқушылар оқыған материалдарының мазмұнын дұрыс қабылдап ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін, оқу сабақтарында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады. Мұндай жұмыстар оқылатын материалдардың сипатына, оқушылардың жасына, дайындықтарына, білімі мен дағдылану дәрежесіне байланысты іріктеледі. Оқушылар мәтінді дұрыс қабылдау үшін негізінен мынадай жұмыстар жүрізіледі:



  1. Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиядық дайындау.

  2. Мәтінге байланысты сөздік жұмысын жүргізу.

  3. Шығарманы оқу.

  4. Оқыған шығарманың мазмұнын айту.

  5. Шығарманың жоспарын жасау.

  6. Мәтіннің мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар.

Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау.
Бастауыш сыныптарда әдеби шығармалармен жұмыс үдерісі. Әдебиет теориясынан бастапқы түсініктер
Бастауыш сыныптарда оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру ғана емес, оқығандарын саналы түсінуі үшін әдебиет теориясы элементтерінен:
Жанр түрлерінен: өлең-тақпақ, мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаш, аңыз-ертегі, мысал-әңгіме ұғымдары;
Жанрлық ерекшеліктері: өлең – өлеңнің жолы, ұйқасы, шумағы; әңгіме- әңгіменің оқиғасы, тақырыбы, негізгі ойы, кейіпкері; мысал – юмор (әзііл-оспақ) сарказм (астарлы ой, сын, кекесін, әжуа) т.б.
Тілдік бейнеліліктер: теңеу, салыстыру, ұқсату (метафора,эпитет), ұлғайту (гипербола), кішірейту (литота), портрет, пейзаж туралы туралы қарапайым ұғымдар.
Шығарма стилі ерекшеліктері: әңгімелеу, сипаттау, пайымдау сияқты жаңадан немесе толықтырылған түрде мәліметтер беріледі. Анықтама беру арқылы сөз мағынасымен жұмыс істеуде әдеби-теориялық терминдер құнды материал болып табылады.
Бұл теориялық білімдер жалаң түрде оқытылмай, оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру үшін әрбір шығарманы талдау барысында түсіндірілуі тиіс екені ескеріліп, үлгі ретінде оқулықтың өзінде нақты мысалдар келтіріледі. Тағы да қайталап айтарымыз бұл мәселелер жалаң түрде жатталмай, белгілі бір шығарма көлемінде талданып, дәлелденіп берілуіне мұғалімнің ерекше назар аударуы қажет.
Мысалы: 2-сыныптың оқулығында «Аңыз» туралы мынадай теориялық мәлімет беріледі: «Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Аңыздағы әңгіме тарихта болған адам төңірегіне құрылады». Осы сияқты басқа да жанр түрлеріне анықтама беріліп отырады. Мысалы: Теңеулер (белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге, белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа балап, көрнектеп, ашығырақ көрсету үшін қолданылатын бейнелі сөз): Сұлудың көзіндей көл жаудыраған (І.Жансүгіров. «Көкшетау»), Мұздай суын атқылап (М.Мақатаев «Қайран, Қарасазым-ай»), Аспанды майда түтілген жібек жүндей үлбіреп, торқа бұлт шымылдықтаған. (Б.Соқпақбаев. «Компас») т.б. мысалдар арқылы оқушы теңеудің көбіне –дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары арқылы жасалатынына көзі жетеді.
Көркем шығарма жазушының сөзі арқылы қабылданады. Шығарманы оқыған кезде оқушыда елес (адамдардың портреті, табиғат картинасы, ондағы оқиғалар т.б) туады. Бұл оқушының сезімін де қозғайды. Балалар қояннан қорыққан қасқыр туралы оқығанда күледі. Бомба түсіп: “-Ей, тілсіз жануарлар. Мені, де сені де балапанынан айырған қара жүрек жауыздар…” деген сөздерді оқығанда, көздеріне жас келеді. Осы ішкі көрініс айқындала түсу үшін, оқушының санасында осы бейне анық жасалу үшін шығарманы оқымас бұрын оқушылармен алдын ала дайындық жұмысы жүргізіледі. Бұл көбіне әңгіме түрінде ұйымдастырылады. Дайындық әңгіме оқығалы тұрған шығармадағы оқиғаға ұқсас, балалардың өз өмірінде болған оқиғаларды еске түсіру сияқты тәсілдермен өткізіледі.
Мысалы, М.Әуезовтың атақты “Абай жолы” романынан кішкене балалардың түсінігіне сай келетіндей етіп, қысқартылып алынған Абайдың балалық шағын көрсететін үзінді оқулықта “Бүлдірген тере барғанда” тақырыбы арқылы беріледі. Осы мәтінді оқуға дайындау барысында мұғалім балаларға бүлдіргеннің қандай түрлерін білетіндерін айтқызып, оның қалай өсетіні, балалардың бүлдірген теріп көрген-көрмегендері жөнінде әңгіме өткізеді. Осылайша, алдын ала әңгіме жүргізілгеннен кейін, “Бүлдірген тере барғанда” шығармасының мамұнын білуге оқушылардың ынтасы артып, оны тереңірек ұғынуларына және әңгімеден молырақ әсер алуына жағдай жасалады.
Алдын ала жүргізілген әңгімеде мұғалімнің оқылатын мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен қиын ұғымдарды түсіндіруді ұмытпағаны жөн. Әңгіменің ішіндегі түсініксіз сөздердің мән-мағынасын біліп алмайынша, оны оқығанда мазмұнын ұғу балаларға өте қиынға соғады. Ал оқулықтарда әрбір әңгімедегі осы түсініксіз болады-ау деген сөздердің барлығын теріп алып, мәтіндердің аяғына сөздік ретінде бере беруге болмайды. Яғни оқулықты түсіндірмелі сөздікке айналдыруды оның принципі көтермейді.
Дайындық әңгіменің ұзақтығы оқылатын материалдың ауыр-жеңілдігіне байланысты.
Сонымен шығарманы оқуға дайындау жұмысы, біріншіден, балаларды оқылатын әңгіменің мазмұны мен ондағы кейіпкерлердің ісін саналы түсіне білуге дайындау, екіншіден, оқылатын әңгіменің мазмұнына қызықтыру , үшіншіден, ондағы түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру мақсатында жүргізіледі. Дайындық жұмысының да көздейтін түпкі мақсаты — балаларға шығарманы толық та саналы қабылдауға мүмкіндік туғызу. Дайындық жұмысында қандай әдіс-тәсілдер қолдануға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет