Қазақстанның білім жүйесін жаңарту ең алдымен білім беру қызметінің жоғары сапасын қамтамасыз етуді меңзейді. Алайда, білім беру үдерісінің нәтижелілігі білім алудағы жетістіктерді сырттай және іштей бағалау қорытындыларына тікелей тәуелді.
Оқушылардың білім сапасын ұлттық емтихандар ғана емес, сонымен қатар елге тәуелсіз оқушылардың білім жетістіктерін халықаралық салыстырмалы мониторингтік зерттеуі қатар анықтайды.
Қазақстанның халықаралық зерттеулерге қатысуы, білім беру сапасының заманауи талаптарына сәйкес ұлттық білім беру жүйесін жетілдіруге әкеледі. Бұл ретте алынған халықаралық бағалау - басқарудың стратегиялық маңызды аспектісі.
Қазіргі таңда Қазақстанның 4 және 8 сынып оқушыларының салыстырмалы халықаралық TIMSS зерттеуіне қатысуда математика-жаратылыстану пәндеріне дайындықтары бойынша, сонымен қатар орта білім беру ұйымдарының 15-жастағы білім алушылары PISA зерттеуінде ғылыми-жаратылыстану, математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы бойынша тәжірибесі бар.
Әлемдік контекстте оқу сауаттылығы заманауи қоғамдағы өмірге деген дайындықтың маңызды бөлігі ретінде қарастырылады.
Бастауыш мектептен бастап балаларды оқытудағы негізгі жетістіктердің бірі - оқушылардың ақпараттық біліктілігін қалыптастыру. Өйткені бастауыш мектепте алған сапалы білім ары қарай оқудың іргетасы болып табылады. Оқушылардың оқу сауаттылығының қалыптасуына барынша мүмкіндік туғызу үшін заманауи мұғалімнен оқу қызметінің формасын, әдіс-тәсілдерін тауып қолдану талап етіледі.
Бастауыш мектеп мұғаліміне бастауыш сынып оқушыларының мәтінмен жұмыс істеу шеберлігінің негізін салу, яғни, ақпараттық мәліметтер білу, қызықтырған сұрақтарға жауап іздей алу, таңдалып алынған материалдарды сауатты көркемдеу мен ұсыну маңызды. Білім алу мен әртүрлі ақпарат дереккөзімен жұмыс істеу балалардың ақпаратты дұрыс қабылдап, оның сапасын бағалауға және жасырын мағынасын түсініп, үйренуге көмектеседі. Сонымен қатар, отбасылық оқу мәдениетін дамыту барысында ата-аналар қауымымен жұмыс жүргізу де маңызды.
Қазақстандық мектептердің алғаш рет халықаралық мәтінді оқу және түсіну сапасы емтиханына қатысуы қазақстандық балалардың оқу сауаттылығын қалыптастырудың мақсатты бағытталған механизмдерінің бірі болып табылады. Қазақстандық оқушыларды халықаралық салыстырмалы PIRLS–2016 зерттеуіне мақсатты бағыттау қажет. Бастауыш сынып оқушыларының 4 сынып соңында орта және жоғары буында білім алудағы табысты үрдіс үшін оқу-ақпараттық білімін қалыптастыруда біріккен, мақсатты бағытталған аса маңызды жұмыс қажет.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында қазақстандық оқушылардың халықаралық «Мәтінді оқу және түсіну сапасын бағалау» зерттеуіне (PIRLS - Progress in International Reading Literacy Study) қатысуы белгіленген. Қазақстандық оқушылар бірінші рет осындай халықаралық зерттеуде 2016 жылы бағын сынады.
Оқу сауаттылығын бағалайтын Халықаралық салыстырмалы PIRLS зерттеуі - Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау IEA (International Association for the Evaluation of Educational Achievement) қауымдастығымен жүзеге асырылады. Зерттеу жобасын жүргізу және оның материалдарын құрастыруға әлемнің көптеген ғылыми-зерттеу орталықтары: Білім беру саласындағы тестілеу қызметтері (АҚШ), Канадалық Статистика Орталығы (Statistics Canada), Халықаралық білім жетістіктерін бағалау жөніндегі қауымдастық мәліметтерін өңдеу орталығы (Германия), Халықаралық орталық – Бостон колледжі (АҚШ) қатысады. Мұндай орталықтардың қатысуы мектеп оқушыларының оқу жетістігін бағалаудағы педагогикалық өлшеуді эксперименттік және апробациялық халықаралық стандарттар негізінде PIRLS зерттеу жұмысын жоғары сапада ұйымдастыруға және өткізуге жол ашады.
PIRLS зерттеуінің мақсаты - әлемнің әртүрлі елдерінің бастауыш сыныптарының мәтінді түсіну деңгейлерін сәйкестендіру және ұлттық білім жүйесінің оқу сауаттылығын ашудағы ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Аталмыш зерттеу ісінің халықаралық сарапшылар ойымен келісе отырып, «Оқырман сауаттылығы» - бұл адамның өмірде толыққанды қалыптасуына және жеке мақсаттарына жетуіне қажетті әр түрлі жазба сөйлеу формасын түсіну және терең ойлау қабілеті.
Зерттеу нысаны бастауыш сынып бітірушілерінің оқу жетістіктерін анықтайды, себебі оқытудың алғашқы 4 жылы нақты барлық білімді және үйрену қабілеттерін шыңдаудың негізі болып табылады. Мазмұны және формат бойынша білімді табысты жалғастыруда негізгі мектепте әртүрлі мәтіндерді қолдану үшін осы уақыт арасында оқып үйрену керек. Зерттеу бес жылда бір рет өткізіледі және қазіргі уақытқа дейін үш айналымы өтті. PIRLS зерттеуіне әлемнің 50-ден астам елдерді қатысуы зерттеуде мамандандырылған ұйым деңгейінде жоғары әдіснамалық және техникалық қамтамасыз етеді.
Оқырман сауаттылығының негізі - мәтінмен жұмысты толық қалыптастыру болып табылады. Бұл оқушылар шығармадан қажетті ақпарат алуына, нақты мәтіннен қорытынды шығаруына, негізгі кейіпкерлердің әрекеттерін интерпретациялауға, мәтін үлгісімен бекітуге және мәтін құрылымының бастапқы сараптамасын алуға көмектеседі.
Әдеби оқу тәжірибиесін меңгеру мақсатында нақты мәтін бөліктерін таңдау, оларды қарапайым қорытындыларды қалыптастыруда қолдану, оқиғалар арасында өзара байланыс орнату; мәтіннің ортақ идеясын анықтау, мәтін құрылымынан элементтерді анықтап көрсету, кейіпкерлер әрекетіне қарапайым интерпретация беру, кейіпкерлердің әрекеттерін және сезімдерін салыстыру және бір-біріне қарсы қою, олардың өзара байланысын түсіндіру, мәтінде қолданылған тілдік ортаның ерекшеліктеріне алғашқы сараптама жасау, мәтіннен үзінді келтіре отырып, негізгі кейіпкерлер мінездемесіне, олардың ниеті мен сезіміне интерпретация жасау, мәтіннен ақпаратты ала отырып мәтіннің мағынасын немесе негізгі идеясын түсіндіру сияқты бағыттар көзделген.
Ал ақпаратты түсіну және қолдану мақсатында мәтінде берілген деректерді анықтап, қайта қосу, қажетті ақпаратты көрсететін сөйлемді сызып белгілеу, оны қорытындыларды қалыптастыруда қолдану, мәтіндегі берілген ақпараттың үйлесімділігі туралы қорытынды жасау, мәтіннің әр бөлімдерін саралау және керекті ақпаратты көрсету, мәтінге жалпы қатынасты анықтау, мәтіндегі анық емес түрде берілген арнайы ақпаратты белгілеу, мәтіндегі сөйлемдердің өзара байланысы негізінде қорытындыларды қалыптастыру, әртүрлі мәтіннің жеке сипаттамасын және қолданыс мақсатын анықтау, мәтіннің әр бөлімдерінен күрделі ақпаратты танып дәлелдеу, мәтіннің айтпақ ойын түсіну үшін визуалды және вербалды элементтердің мағынасын түсініп бағалау, мәтіндер, карталар, иллюстрация, диаграммалар, фото суреттер негізіндегі әртүрлі мәтіндерден ақпаратты жалпылау керек.
Халықаралық зерттеулер шеңберінде білім сапасын бағалаудың тиімді жаңа әдістері мен технологиялары құрастырылуда. Осыған байланысты PIRLS зерттеуіне қатысушы елдер алдыңғы кезеңдердің нәтижесін қолдану арқылы ұлттық білім беру жүйесіндегі білім үрдісін жетілдіру мен мазмұнын жаңашалайды.
Сонымен қатар, әр елде өткізілген PIRLS зерттеуінен алынған нәтижелер педагогикалық бірлестікпен кең көлемде талқыланады. Зерттеудегі оқушылар жетістігі нәтижелерінен мониторинг механизмі жүзеге асырылады, оқыту технологиясы мен бастауыш мектеп оқушыларының білім жетістіктерінің талаптары қайта қаралады.
Айта кетерлік жайт, оқу сауаттылығы 2000 және 2009 жылдары PISA бағалау технологиясының басты бағыттарының бірі болды. PISA тесті оқу сауаттылығы бағытындағы мектеп түлегінің алған білімі мен дағдыларын шынайы өмірлік жағдайларда табысты жүзеге асыруы үшін қажетті құзыреттіліктерді мектеп білімі сапасын бағалау саласындағы халықаралық сарапшылар тұрғысынан нақты айқындаған.
PISA мәтіндерінің ерекшеліктері оларды баяндаудың шынайылығы (өмірден алынған мысалдар). Бұл орайда, зерттеудің осы бағыты бойынша тест сұрақтары ретінде көркем мәтіндер де қолданылады. Көптеген ақпараттық мәтіндер бүгінгі таңда көбіне ұсынымдық форматта болып келеді (веб-парақшалар, журналдар және т.б.). Құрамдас мәтіндер мазмұны жағынан ғана емес, сондай ақ форматы жағынан да әр түрлі бірнеше мәтіндерді біріктіреді. Бұл орайда, олар мәтіннің диагностикалық мақсатын анықтайтындай, мағыналық мазмұны тұрғысынан байланысты және аяқталған болып келеді.
PISA зерттеуіндегі оқу сауаттылығы - оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамытуы. Оқу сауаттылығын тексеру оқу техникасы немесе мәтіннің мазмұнын нақты түсінуін бағалау емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға, оқушыларды әлеуметтенуге және дербестеуге бағыттау, болашақ кәсіби қызметі саласын жауапты таңдауына дайындау.
Оқу сауаттылығын бағалау үшін білім алушыларға берілген мәтіндегі материалдарды салыстыру, автордың ойын аңғару, жауапқа дайындалу барысында нақты дәлелдемелер табу ұсынылады. Мәтіндерінің шынайылығы (өмірдегі мысалдар) PISA тестілерінің ерекшелігі болып табылады. Зерттеудің осы бағыты бойынша тест сұрақтары ретінде көркем мәтіндер қолданылады. Мәтін, жағдай және сұрақ – оқу сауаттылығын бағалаудың 3 негізгі өлшемі. Оқуға арналған материалдар әртүрлі форматта көрсетілген, атап айтқанда, көркем әдебиет және ғылыми танымал мәтіндер, ресми құжаттар, қоғамдық маңызды жағдайлар туралы мәлімет, кестелер, графиктер, диаграммалар мен карталар форматында.
PISA тестінің материалды толық түсінуге бағытталған құрылымы үш оқырмандық біліктілік пен соған сәйкес әрекеттерді қамтиды. Бұл қажетті ақпаратты тауып, оны мәтіннің жалпы мәнмәтінінен алу, мәтіннің жалпы түсінігін тұжырымдап, мәтіндік хабарламаның мазмұны мен формасы туралы өз көзқарасын ұсынуы тиіс. Тестің әрбір тапсырмасы 15-жастағылардың өмірде кездесуі мүмкін шынайы оқу міндеттерінің шарттарын модельдейді. Оқу біліктілігінің деңгейі бойынша PISA тест сұрақтары үстірт және дәлме-дәл түсінуді талап ететін ең қарапайымнан, аса күрделіге дейін түрленіп отырады. Мысалы, мәтіндегі ақпаратты іздеп, алу оқырман тауып, ойында қалыптастыруы қажет мағыналық бірлік саны секілді факторларды анықтайды. Мәтін хабарламасын біріктіру мен түсіндіру дағдыларын анықтаудағы оқырманның құзыреттілігі оқырманның ой мен автор идеясын бір арнаға тоғыстыру қабілетін көрсету үшін қажетті ақпараттың бірлік санымен анықталады. Бұл орайда, осындай мәтіндердің құрылымы біртекті емес - оқырман талқылау пәнімен неғұрлым азырақ таныс болса, соғұрлым мәтінді бір арнаға тоғыстыру қиынға соғады.
Зерттеуде меңгерілген мәтін мазмұнын бағдарлау, оның мағынасын толық түсіну, ақпаратты табу мен мәтінді түсіндіру секілді мәтінді толығымен түсінуді көрсететін біліктілік бағаланды. Осылайша, мәтінді толығымен түсіну білімгердің дағдылардың әрбір біліктілік бойынша құзыреттілік деңгейіне меңзейді. Мәтін мазмұнындағы жалпы бағытты айқындау және оның тұтас мағынасын түсіну басты тақырыпты, жалпы мақсатты, немесе мәтіннің міндетін анықтауды қамтыды. Бұл үшін мынадай тапсырмалар ұсынылды: мәтіннен ақпаратты таңдап алу және оған тақырып ойлап табу, мәтіннің жалпы мағынасын көрсететін тезис тұжырымдау, мәтінде ұсынылатын нұсқаулар тәртібін түсіндіру, кескіннің немесе кестенің негізгі бөліктерін салыстыру, картаның, суреттің міндетін түсіндіру және т.б.
Мәтіндегі ақпаратты табу біліктілігін бағалау үшін орындау барысында зерттеуге қатысушы мәтінді «көзбен сүзіп» өтіп, оның негізгі элементтерін анықтау және қандай да бір болмасын сипаттамаларына қарап мағыналық бірлігін (ұқсастықтарды, айырмашылықтарды, себептік-салдарлық қатынастарды және т.б. анықтау) табумен айналысу талап етілетін тапсырмалар қолданылды.
Оқу сауаттылығын бағалау үшін білімгерлерге мәтінде берілген ақпаратты салыстырып көру, автордың ойын білу, жауапты дайындау барысында әлем туралы өз пайымдауына сүйеніп, өз ойын қорғайтын дәлелдер келтіру ұсынылады.
Осылайша, «білімгерлердің оқу функционалдық сауаттылығы» бағытындағы зерттеу инструментарийі оқу (оқу әдебиеті) ғана емес, сонымен қатар адамның мәтінмен қатынасының түрлі жағдайларының жеке аспектілерін де ескереді.
Қорытындылай келе, PIRLS зерттеуі мынадай міндеттерді шешуге бағытталады:
Білім беру жүйесінің салыстырмалы бағасы жəне олардың тиімділігі;
Зерттеу қорытындысына əсер ететін контекстегі дəйектемелерді анықтау;
Білім беру саласында əлемдік басымдылықтарда көрініс тапқан құралдар негізінде алынған нəтижелердің талдауы нақты өлшеуіштермен белгіленуі;
Ғылыми дəлелденген əлемдік ақпараттық қауымдастықтың мəліметтерін алу;
Тəуелсіз елдер нəтижесін, сонымен қатар білім саясатын жақсарту нұсқауын зерттеуге қатысушыларға ұсыну.
Оқушылардың оқу сауаттылығы зерттеуінің халықаралық тест тапсырмалары негізінде педагогикалық ұжымдар мен жаңашыл-мұғалімдер жеке ұлттық сұрақтар базасын құрастырады, ол тек оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға бағытталып қоймай, сонымен қатар болашақ жастардың білім жетістіктерінің маңызды факторы ретінде ең алдымен оқу мəдениеті мен дағдыларын құрастыру қарастырылады.
Бұл бірегей зерттеулер еліміздің балалар тәрбиесінде қарапайым оқу мәдениеті мен дағдыларын дамытуға бағыттайды. Оқушының оқу сауаттылығына байланысты дағдысын қалыптастыру, тәрбиелік іс-шаралар және қосымша білім беру сияқты оқу компоненттерінің тығыз байланысы жоғары жетістіктерге жеткізеді деген сенімдемін.