ХИМИЯЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК. ЛЕ-ШАТЕЛЬЕ ҰСТАНЫМЫ.
H2 + I2 ↔ 2HI
Тура реакция жылдамдығы мен кері реакция жылдамдығы тең болған кезде химиялық тепе-теңдік орнайды.
К – тепе-теңдік тұрақтысы, ол температура мен әрекеттесуші заттарға тәуелді, бірақ бастапқы концентрацияға тәуелді емес.
Реакция нәтижесінде түзілген заттар концентрацияларының көбейтіндісінің, бастапқы заттар концентрациясының көбейтіндісіне қатынасы белгілі бір тұрақты шама болған кезде, жүйеде тепе-теңдік орнайды. Жүйенің тепе-теңдік күйіне заттардың концентрациясы, температура және егер реакцияға газ тәрізді зат кіретін болса, қысым әсер етеді.
Ле-Шателье ұстанымы: Егер жүйе химиялық тепе-теңдік күйде тұрған жағдайда оның сыртқы жағдайларының біреуін, мысалы, концентрацияны, температураны немесе қысымды өзгертсе, онда тепе-теңдік осы өзгеріске қарсы тұратын реакцияның бағытына қарай ығысады.
Жүйенің температурасын арттырғанда химиялық тепе-теңдік жылу сіңіре жүретін реакцияның бағытына қарай ауысады. Жүйенің температурасын төмендеткенде тепе-теңдік жылу бөле жүретін реакцияның бағытына қарай ауысады.
Тұрақты температурада және қысымда концентрациясын көбейтсе, химиялық тепе-теңдік бұл заттардың концентрациясының кему жағына қарай ауысады.
Жүйенің қысымын күшейткенде химиялық тепе-теңдік көлемі аз заттар түзілетін реакцияның бағытына қарай ығысады. Жүйенің қысымын төмендеткенде химиялық тепе-теңдік көлемі көбірек заттар түзілетін реакция бағытына қарай ығысады.
Достарыңызбен бөлісу: |