Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет27/50
Дата07.10.2024
өлшемі4,69 Mb.
#205764
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50
Байланысты:
УМКД2

1. Жұптарда өзара бағалау
Өзара бағалаудың ең қарапайым нысаны: оқушыларға шамамен бес минут ішінде өздігінен орындау үшін тапсырма беру, содан соң жұмыстарын алмастыру және бірін-бірі бағалау үшін жұптарға бөлуді білдіреді. Кері байланыс, әдетте, жазбаша емес, ауызша. Ол ынталандыру нысанында ұсынылуға тиіс.
Жұптарда өзара жауап үлгілерімен бағалау
Гиббстің пікірі бойынша, университеттегі инженерия курсында ерекше жетістікке ие болған стратегияның бірі төмендегідей: Сіз дәл уақытында бағалай алмайтындықтан, оқушыларға қалағаныңыздан аз жұмыс берген жағдайда пайдалы. Кез келген жағдайда, өзара бағалау жақсы тәсіл болып табылады. Оқушылар сұрақтар жазылған форманы толтырады және онда өз атын көрсетеді. Олар мұғалімге бағалау үшін басқа оқушыларға берілетін осындай нысандарды береді. Оқушылардың ешқайсысы олардың жұмысын кім бағалайтынын білмейді.
Оқушылар өздерінің сыныптастарының жұмыстарын мұғалім ұсынатын бағалау жүйесін қоса алғанда, «жауаптар үлгілері» немесе «дайын шешімдер» арқылы бағалайды.
Жұмыстар өз иелеріне қайта беріледі және әр оқушыда дайын шешімдер қалады. Оқушылардың көпшілігі мұғалім жасамайтын өз жұмысының бағалану сапасын жиірек тексереді.
Мұғалімдердің оқушылар алған бағаларды, тіпті, жазып та алмайтындығын Гиббс атап көрсетеді. Мұндай жағдайда, осындай стратегияны қолдану нәтижесінде орташа баға шамамен, 45%-дан 75%-ға дейін артады! (әрине, егер сіз қажет деп санаған жағдайда, бағаларды осы сатыда жинай аласыз).
2. Топтардағы өзара бағалау
– Оқушылар әрқайсысы үш немесе төрт оқушыдан тұратын топтарға бөлінеді, олардың достық қарым-қатынаста болмағаны жақсы. Олар неғұрлым әртүрлі жауаптар берсе, соғұрлым оқыту үрдісінің жеңіл болуына байланысты топтар екі оқушыдан тұрмауға тиіс.
– Алдымен өз бетінше жалғыздан орындауға тиіс сұрақтар немесе есептеулер таратылады (мысалы, бес минут ішінде).
Оқушылар өз жауаптарын, негіздемелерін, әдістерін, жұмыс стилін және т.с.с. айырмашылықтарын белгілей отырып салыстырады. Олар талқылайды және төмендегіге қатысты келісімге келісуге тырысады: Қандай әдіс, жұмыс стилі, негіздеме және жауап және т.с.с. жақсы және неліктен?
– «Үздік жауаптың» топтық идеясы.
– Топ мүшелері қандай қателіктер жасады және неліктен (мұндай талқылау ынталандыру және құрылымдық негізде жүргізіледі)?
Оқушыларға жауап үлгілері ұсынылады және олар өз тобының жауабын мұғалім ұсынған жауап үлгісімен салыстырады.
3. Оқушылардың түсіндірулері
– Жауап үлгілерін түсіндіреді
Сурет: Оқушылар жауап үлгілерін түсіндіреді.


Әдістің идеясы мынада  егер мұғалім 1-кезеңнен бірден 6-кезеңге өтіп кетсе, бұл көптеген оқушылар үшін өте қатты секіріс болатынын білдіреді.


Кесте - 1. Блум таксономиясының білім кезеңінен қолдануға тікелей өтуі





Бұл Блум таксономиясының (жіктеу) білім кезеңінен қолдануға тікелей өтуі болып табылады. Демек, нашар оқушылар әдісті түсінуге және қолдануға тырысады, ал бұл олар үшін өте күрделі болып табылады.


Нашар оқушылар мұғалімнің көрсеткенін түсінетіндігін, бірақ «оны өз бетінше орындай алмайтындықтарын» жиі айтады. Мұндай стратегия оқушыларға әдісті өз сөзімен айту арқылы зерделеуге көмектесетін «басқыштағы қосымша сатыны» білдіреді (Блум таксономиясының түсінуді бекітуі).
Егер оқушылар түсіндіруді пайдаланатын болса, шағын топтарда немесе бүкіл сынып үшін түсініктеме бере отырып, оларды ынталандыруға болады.
Пилот және навигатор:
Мұндай жұмыс түрі компьютерде жұппен жұмыс жасайтын оқушылар үшін қолайлы, бірақ басқа жағдайларда да пайдаланылуы мүмкін. Оқушылар жұппен бөлінеді, оқушылардың біреуі штурман, ал екіншісі – пилот рөлін алады. «Штурман» «пилотқа» не жасайтындығын және неліктен жасау керектігін айтады. Мысалы, «тінтуір арқылы Файлға бас және басып шығаруды таңда».
Пилот команданы орындайды және қажет болған жағдайда оны штурман түзетеді. Штурман «басқару элементтерін өзіне алмауға» тиіс. Неғұрлым мықты оқушының штурман болғаны жақсы, алайда, рөлдерді алмастыру да пайдалы. Командаларды орындағаннан гөрі, дәл түсініктеме берген қиынырақ, сондықтан штурмандар пилоттарға қарағанда көбірек үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет