Әдебиеттер:
1. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдіст. құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ /О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен. – Астана, 2016. – 48 б. ISBN 978-601-7905-72-9
2. Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық. Оқу-әдістемелік нұсқаулық /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ/ О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен/ – Астана, 2016. – 46 б.
3. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 115 б.
ДӘРІС – 8. ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН СТРАТЕГИЯЛАРЫ
Жоспар
1. Қалыптастырушы бағалаудың әдістері мен стратегиялары
2. Қалыптастырушы әдістері: Жұптарда өзара бағалау, топтардағы өзара бағалау, оқушылардың түсіндірулері, оқушылардың арнайы қателерді бағалауы, өзін-өзі бағалау айырмашылықтары мен ерекшеліктері
3. Арнайы қателерді түзету, жалған баға, диагностикалық сұрау, шеберліктің қол жеткен деңгейінің тестісі және «таудың ұшар басына шығу» әдістерінің ерекшеліктері
Критериалды бағалау – бұл тәсіл, оның аясында бағалаудың және өзін-өзі бағалаудың түрлі тәсілдері, түрлері және әдістері қолданылады.
Критериалды бағалау кезінде:
– оқушы оқытудың негізгі субъектісіне айналады;
– оқушы бойындағы үрейленуді басады;
– мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, ол кеңес беруші, маман, бағыттаушыға айналады.
Қалыптастырушы бағалаудың әдістері мен стратегияларын қолдану ерекшеліктері неде?
Профессор Джон Хэтти кез келген басқа факторға қарағанда, оқыту сапасына кері байланыстың көп ықпал ететінін көрсетті. Сэдлер '89 оқушылар білуге тиістісін көрсетіп, болатын оқу үшін кері байланысқа талдау жасады:
Мақсаты, мысалы, "Менің тригонометрия бойынша тікбұрышты үшбұрыштың шешімін табуым үшін дұрыс әдісті пайдалануым керек. Мен диаграммаларды дұрыс пайдаланып, өзім қолданатын әдістер мен теңдеулерді көрсете отырып, өз жұмысымды дұрыс жоспарлап, есептеулерді жасау барысында неғұрлым аз қате жіберуім керек".
Олардың бастапқы жағдайы: олар мақсатына қаншалықты жетті. Мысалы, олар нені дұрыс жасайды, ал нені дұрыс жасамайды. "Мен, әдетте, дұрыс әдісті пайдаланамын және өз жұмысымды тиісті түрде көрсетемін, менің диаграммаларым анық және мен өз жұмысымда оларды жиі қолданамын". Мақсат пен олардың бүгінгі позиция арасындағы үзілісті қалай жеңу керек, мысалы, "Менің синусты тангенспен шатастырмайтыныма көз жеткізуім керек. Мен күрделі диаграммалардағы тікбұрышты үшбұрыштарға дұрыс бөлуге тиістімін".
Қалыптастырушы бағалау стратегиялары (дамуға ықпал ететін), жиі анық тәсілмен, ақпараттың осы үш маңызды бөлігін қамтамасыз етеді. Кері байланысты мұғалімнің ғана қамтамасыз етуге тиісті емес, шын мәнінде оны оқушы немесе құрдасының жиі жақсы ұсынатынына назар аударыңыз. Бұл, құрдастары және өзін-өзі бағалаудың оларды оқыту үшін өзіне жауапкершілік алу, сондай-ақ оқушының өзін жақсартудың мүмкін екеніне сенім ұялату үшін, оқушыны қалай ынталандыру, жетілдіруді көрсету мақсаттарын нақтылаудың өте күшті тәсілдері болып табылады. Қалыптастырушы бағалаудың 12 әдістері 1-кестеде берілген.
Кесте - 1. Қалыптастырушы бағалаудың әдістері
Қалыптастырушы бағалаудың әдістері
|
Қалыптастырушы бағалау әдістерінің сипаттамасы
|
Жұптарда өзара бағалау
|
Өзара бағалаудың ең қарапайым нысаны: оқушыларға шамамен бес минут ішінде өздігінен орындау үшін тапсырма беру, содан соң жұмыстарын алмастыру және бірін-бірі бағалау үшін жұптарға бөлу. Кері байланыс жазбаша емес, ауызша.
|
Топтардағы өзара бағалау
|
Оқушылар әрқайсысы үш немесе төрт оқушыдан тұратын топтарға бөлінеді. Оқушылар өз жауаптарын, негіздемелерін, әдістерін, жұмыс стилін және т.с.с. айырмашылықтарын белгілей отырып салыстырады және талқылайды.
|
Оқушылардың түсіндірулері
|
Әдістің идеясы мынада – егер мұғалім 1-кезеңнен бірден 6-кезеңге өтіп кетсе, бұл көптеген оқушылар үшін өте қатты секіріс болатынын білдіреді. Бұл Блум таксономиясының (жіктеу) білім кезеңінен қолдануға тікелей өтуі.
|
Оқушылардың арнайы қателерді бағалауы
|
Оқушылар жұптарға бөлінеді. Оқушыларға арнайы қателері бар дайын жауаптар жинағы ұсынылады. Жұптардағы оқушылардың әрқайсысының әртүрлі үлгілері болады. мұғалім оқушылардың қандай қателерді тапқанын сұрайды және олардың жауаптарын құптайды немесе теріске шығарады.
|
Өзін-өзі бағалау
|
Тапсырманы, сабақты, тақырыпты меңгеру соңында оқушыларға мақсаттар, тапсырмалар немесе бағалау өлшемдері туралы ескертеді. Мысалға, бес минут ішінде өз жұмыстарын қарап шығып, өзін-өзі бағалау сұралады.
|
Жалған баға
|
«Жалған» тапсырма – бұл жалған баға мақсатында мұғалім жасайтын тапсырмасы. Тапсырманың бір бөлігі бірдей дұрыс жауаптарды қамтиды, бірақ әдістер түсіндірілмейді және негізделмейді. Тапсырманың басқа бөліктері дұрыс емес жауаптарды қамтиды, бірақ әдісі дұрыс, толық түсіндірілген және негізделген.
|
Түсіндірілетін тапсырмалар
|
Оқушылардың стратегияларды түсінуі, стратегияның қашан жұмыс істейтінін немесе жұмыс істемейтінін және неліктен екенін және көзделген мақсат үшін және одан әрі қандай бірнеше тәсілді басшылыққа алу керектігін білуі қажет.
|
Түзетулерді орындау
|
Алғашқыда дұрыс түсінбеген сұрақтарға жауап алуы, дұрыс емес түсініктерді ұмытуы және түсінуді жақсартуыдың кепілі. Егер оқушылар өздерінің қателерін дұрыстау керектігін білетін болса, олар барынша мұқият бола бастайды.
|
Диагностикалық сұрау
|
Сұрау – қателерді табу және оларды түзетуге арналған өте жақсы және жедел әдіс, бірақ ол егер сұрақтар диагностикалық болып табылатын және егер кезекті түзету болатын кезде ғана жұмыс істейді.
|
Шеберліктің қол жеткен деңгейінің тестісі
|
Оқушылар бірінше рет дұрыс жауап бермеген сұрақтарға ғана жауап бере отырып, тест тапсырмасын қайтадан орындайды. Олар балама түрде өздері дұрыс түсінбеген ұқсас сұрақтарға ғана жауап бере отырып, тест тапсырмасын қайтадан орындай алады.
|
Оқушыларды сұрау және "таудың ұшар басына шығу"
|
Қол жеткен шеберлік деңгейінің тестісіне қарағанда, шамалы қатаңдау, сонымен қатар, барынша көңілдірек тапсырма.
|
Концептуалды картамен тексеру
|
Топ өздерінің жасаған концеп-карталары мен мұғалім картасының арасындағы айырмашылықты белгілейді, оларды талқылайды, содан соң өздерінің карталарын, кейін бір-бірінің карталарын жақсарту шараларын ұсынады.
|
Көрсетілген стратегиялар сұрақтар жауабының «дұрыс жолы» болатын оқытуға көбірек қатысты (сәйкес келетін оқыту). Мысалға:
– математика, жаратылыстану пәндері, бухгалтерлік есеп немесе осы тәрізді есептеулер;
– тыныс белгілері, грамматика, аудармалар немесе басқа да тілдік дағдылар
– мазмұнмен жұмыс: жалпы білім және кез келген пәннің жоспарындағы жалпы білім мен түсіну;
– оларды практикалық дағдыларды оқытуға, ақиқатында көптеген дағдыларды оқытуға бейімдеуге болады;
– оларды тұтынушының шағымын қарастыру сияқты, әлеуметтік қатынас дағдыларын оқытуға бейімдеуге болады.
Қалыптастырушы бағалаудың 12 әдісі мен стратегияларына талдау жасап көрелік:
Достарыңызбен бөлісу: |