Инновациялық қызмет инфрақұрылымы немесе инновациялық инфрақұрылым - бұл ұйымдастыру-экономикалық институттар кешені, шаруашылық жүргізуші субъектілерінде (соның ішінде арнайы мамандандырылған инновациялық ұйымдар) инновациялық үрдістерді жүзеге асыру шараларын тікелей қамтамасыз ететін, ұлттық экономиканың біртұтастығы сияқты экономикалық тиімділік қағидалары негізінде, сондай-ақ нарықтың конъюктурлық өзгерістер жағдайындағы оның экономикалық субъектісі.
Инновациялық инфроқұрылым жиынтығын қалыптастыратын ұйымдар, шетелдік кәсіпорындар мен филиалдардың болу болмауына байланысты түрі, жұмыс секторлары бойынша айырма жасайды. Соңғы кезде Қазақстанда инновация саласы ұйымдастырудың жаңа структурасы мен инновациялық құрылымы қалыптасып келеді, оның міндеті – инновациялық қызметтің ұдайы өсу шараларын жүзеге асыру.
Инновациялық инфрақұрылымға кіретін барлық ұйымдар инновациялық қызметтің біртұтастығын білдіретін белгілі бір технологиялық және экономикалық байланыста болады.
Ғылыми-техникалық орталықтардың қызмет көрсету деңгейінің кеңеюі, өспелілігіне байланысты оларды былайша тізіп көрсетуге болады: инкубаторлар, техникалық парктер, технополистер, ғылым мен технология аймақтары.
Инкубатор – инновациялық қызметтің көптеген түрлерін ұсынушы кешен, ол бір немесе бірнеше ғимараттарды алып тұрады, ал шағын инновациялық фирмалар осы ғимарат ішінен белгілі бір территорияларды жалға алып қызметін бастайды, инкубациялы кезең 2-3 жыл, осы мерзімнен кейін фирмалар өзбетінше қызмет жасау үшін бұл кешеннен шығып кетеді. Инкубаторда жаңа ғана қалыптасқан фирмаларға бухгалтерлік, маркетингтік (бизнес-жоспар жасау, өнімге жарнама, маркетингтік талдау жасау), компьютер, басқа да құрал-жабдықтарды жалға ұсыну сияқты көмектер көрсетіледі. Бұл ғылыми-өнеркәсіптік құрылымның негізгі мақсаты – шағын инновациялық фирмаларды ғылыми идеядан практикаға жеткізу, бәсеке күресіне төтеп бере алатын кәсіпорын дәрежесіне жеткізу. Ол кәсіпорындар инкубаторлардан шыққан соң технопарктерде немесе басқа да өнеркәсіптік орталарда қызмет етуге қабілетті болады.
Технопарк – ғылыми-техникалық, территориалды кешен, негізгі мақсаты шағын бизнес фирмаларының қызмет етуіне тиімді, ыңғайлы жағдай қалыптастыру. Олар жоғары оқу орындары, зерттеу орталықтары, зертханалар тұсында қалыптасады. Оның құрамына: зерттеу орталықтары, инкубатор, инновациялық орталықтар, маркетинг т.б. орталықтар енеді. Технопарк шағын инновациялық кәсіпорындарға қажетті бухгалтерлік, аудиторлық, консалдингтік, маркетингтік қызметтер ұсынып отырады.
Технополис - жеке қалалар негізінде құрылған ғылыми-өндірістік құрылым. Негізгі құрылымы - технопарктер, инкубаторлар, ғылыми орталықтар мен университеттер.
Достарыңызбен бөлісу: |