Кәсіпкерлік қызметке қатысушылар мен олардың әріптестерінің бірігуі «серіктестік» деп аталады. Серіктестік шаруашылықтарға әріптестердің қатысуы жазбаша келісімдер мен шарттар түрінде бекітіледі. Серіктестіктерді олардың құрылтайшылары құрайды.
Серіктестік шаруашылықтардың мүшелері:
басқару істеріне қатысуға;
серіктестік қызметі жөнінде мағлұматтар алуға;
оның құжаттарымен танысуына;
несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған пайданы бөлісуге;
тиісті мүлік құнының ақшалай баламасын алуға құқығы бар.
Серіктестік шаруашылық иелігіндегі мүліктердің құрамына жататындар:
негізгі өндірістік құрал-жабдықтар (ғимарат, құрылыс, құрал-жабдықтар);
айналым құралдары (шикізат, материал, дайын өнім, аяқталмаған өндіріс, басқа да тауарлы-материалдық құндылықтар);
ақша қаражаты;
басқа да құндылықтар кіреді.
Серіктестіктің мүшелерінің міндеттері:
құрылтайшылар атынан талап етілген құжаттарды дайындау беруге;
алдын-ала белгіленген жарналар мен салымдарды толық және уақытында төлеулеріне;
коммерциялық құпияларды сақтауға;
құпия ақпараттарды жария етпеуге міндетті.
Толық серіктестік төмендегі негізгі екі белгісімен ерекшеленеді
1. Кәсіпкерлік қызмет және оған қатысушы серіктестіктің қызме-тері олардың өз қызметтері болып саналады, ал оның міндеттері бойынша кез-келген қатысушы өзінің, барлық мүлкімен жауап береді.
2. Серіктестік жеке сенімді қатынастарға негізделеді: егер бір қатысушы серіктестіктің атынан мәміле жасаса, мүліктік жауапкершілік басқа қатысушыға жүктеледі. Сондықтан толық серіктестік отбасылық кәсіпкерлік ретінде дамып келеді. Егер толық серіктестікке оны ұйымдастырушылардың, бәрі жеке адам ретінде кіретін болса, белгілі бір жауапкершілікті жағдайға кезіккенде (мәселен банкротқа ұшырағанда), өмірге қажетті күнделікті заттарды қоспағанда, басқа да жеке мүліктері, атап айтқанда: көлік, саяжай, жиһаз, қылқалам туындысы, зергерлік бұйымдар, басқа да , құнды мөлшерді есепке алады.
Әдетте толық серіктестікті заңды тұлғалар, ірі кәсіпорындар құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |