Дәрістердің толық МӘтіні тақырыбы: КӘсіпкерлік түсінігі, оның негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары дәрісте қарастырылатын сұрақтар: Кәсіпкерліктің мәні. «Бизнес» және «кәсіпкерлік»


Аралас (командитті) серіктестікте



бет25/34
Дата03.11.2022
өлшемі396,5 Kb.
#156314
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34
Байланысты:
ДӘРІСТЕР 6-15-1

Аралас (командитті) серіктестікте бір немесе бірнеше катысушылар несие берушілер алдында бүкіл мүліктерімен жауап береді. Біреуінің немесе бірнешеуінің жауапкершілігі олардың әрқайсысының қоғамдастыққа қосқан үлееі (салымы) бойынша шектеледі.
Бүкіл мүліктерімен тәуекелге барып отырған қатысушы қоғамдастықтын, ішкі мүшесі толык, серіктестіктер, ал тек қана қосқан үлестерінің мөлшер шамасына сейкес тәуекел етушілер сыртқы қатысушылар немесе командиттер деп, аталады. Мәселен, «Джонсон-Джонсон» командитті серіктестік, Командитті серіктестіктерді ұжым басқарады және ол өкілетті қызмет атқарады қатысушылардың қосқан үлестеріне сәйкес акциялар шығарады. Мұндай қатысушыларды акционерлік командиттер, ал қоғамның өзін акционерлік командит деп атайды.
Салық тұрғысынан қарағанда, командитті серіктістік - жауапкершілігі шектеулі қоғам. Мұндай құрылымы жауапкершілігі шектеулі командитті серіктестік деп аталады. Оның артықшылығы - салық төлеу тұрғысынан қарағанда, ол - серіктестік, ал азаматтық құқық тұрғысынан алсақ, жауапкершілігі шектеулі қоғамдастық, Әдетте олардың капиталы да көп болмайды.
Біздің елімізде командитгік серіктестікгін, аралас түрі әлі дами қойған жоқ. Алайда белгілі бір жағдайда оған деген қажеттіліктің тууы әбден мүмкін. Мысалы, әлеуметтік-экономикалық маңызы бар бағдарламаны жекелеген азаматтар береді, ал оған сенім білдіріп, мақұлдайтын кәсіпорындар да кездеседі. Бірақ оны жүзеге асыруға қажетті қаражат екеуінде де болмауы мүмкін. Осыған орай, серіктестіктің аралас түрі құрылады, жеке тұлға оған шектеулі жауапкершшікпен алынса, ал кәсіпорын толық мүшелік құқымен кіреді. Міне бұл жағдайда:
- біріншіден, кәсіпорындар банк несиеснің кепілі бола алады;
- екіншіден, кәсіпорынның бақылауымен оған жеке адам билік стеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - алдын-ала белгіленген үлестерінің негізінде құрылған бірлестік. Оның мүшелерінің (жеке және заңды иегерлері) қоғамның міндеттемелерін орындауда жауапкер-шіліктері жоқ, олар тек өз үлестерінің мөлшерінде ғана тәуекелділік жасай алады.
Шетелдік фирмаларда (қазір біздің елімізде жиі кездесетін) «Лимитед» (қысқаша) «шектеулі серіктестік» деген ұғымды білдіреді. Көпшілік жағдайда жауапкершілігі шектеулі қоғамда компаньондар арасында өзара берік байланыс қалыптасады. Бұл отбасылық кәсіпорындар ұйымдастыруға өте қолайлы. Егер қоғамдастықтың бар мүлкі бір адамның бөлігінде болса, онда ол «бір адамның қоғамы» болғаны.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті ұйымдастыру үшін құрылтай келісім шарты жасалады, онда:

  • кәсіпорынның аты;

  • мекен-жайы;

  • негізгі қызмет бағыттары;

  • қызмет түрлері;

  • капитал мөлшері;

  • қоғам мүшелерінің үлестері көрсетіледі.

Айта кететін бір жәй - серіктестіктерді ұйымдастырушылардың ақша қаражаттарынан басқа құнды материалдық заттар түрінде заттық үлестері мәселен, автокөлік, жылжымайтын мүліктер болуы да мүмкін.
Қоғамдастық мүшелерінің құқығы жылына бір немесе екі рет өткізілетін жалпы жиналасында анықталады да, ал одан әрі ол тереңдетіліп, дамып отырады.
Жалпы жиналыстың маңызды шешімдер қабылдауға құқығы бар, атап айтқанда:
- жылдық баланс бекітеді;
- кірісті белгілі бір мақсатты көздеп, орынды пайдаланады;
- шығындарды неғұрлым аз жұмсау жолдарын айқындайды;
- қоғамның төрағасын сайлауды немесе қайта сайлауды көздейді, оған әр түрлі мәселелер бойынша міндеттер жүктейді. Қоғамдастық жұмысты бақылауды бақылау комиссиясы, экономикасы дамыған елдерде бақылау кеңесі іске асырады, оның мүшелерін жалпы жиналыста тағайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет