Бизнестегі жетістік нәтижесі – адамның бір істің түрін таңдау сәтінде сол адамның өзін-өзі басқару, ұйымдастыру және өзін-өзі меңгеру дәрежесіне байланысты. Ал сыртқы реттеушілер – мемлекет заңдары мен нарық ережесі болып табылады.
Бизнестегі маңызды жағдай – еңбек ресурстарын ұтымды басқара білу, өндіріс психологиясының міндеті жұмыстағы адамды нақты білу болып табылады.
Оның екі жолы бар:
1. Жұмысқа сай адамды таңдай білу – адамның сол жұмысқа бейімділігі және ол жұмысты ұнатып, жоғары дәрежеде қанағат алуы (таңдау процесі).
2. Белгілі адамға сай жұмыс таңдай білу – жұмыстағы жағдай адамның көңілінен шығу керек (техникалық құрал-жабдық, орны таза, жарық, еңбек ақы т.б.).
Жұмыстағы адамның психологиясына оның айналасындағы адамдар да әріптестер, жетекшілер, қол астындағылар да әсер етеді. Әр қызметкерлердің өзіне тән темпераменті, сезімі, ойлау қабілеті, күш-еркі, есте сақтау қабілеті, жігері әртүрлі. Жұмыстағы әрбір қызметкер өз орнын, өз ролін білуі тиіс. Қызметкер өзінен не күтілетінін білмесе, әртүрлі келіспеушіліктер туындайды.
Адам факторы – адамның қоғамдағы іс-әрекетін көрсететін ұғым. Кәсіпорындағы еңбекшілер, құрылымдағы жеке адам, жұмысшы тобы, еңбек ұжымы – осы жағдайлардың ішінде ең бірінші орында - адам факторы тұрады.
Адам факторының психологиялық аспектісіне қызметкерлердің творчестволық мүмкіндіктері септігін тигізетін ішкі күштерді ынталандыру істері жатады.
Адам факторына басшылық ету дегеніміз қызметкерлердің мінез-құлықтарының психологиялық заңдылықтары мен басқару ісінің санасуы болып табылады.
Басқарудың психологиялық деңгейін – жеке адам, жұмысшы тобы, еңбек коллективі сияқты адам факторының компоненттері құрайды. Менеджер қызметкерлерді мінез-құлықтарының психологиялық заңдылықтарымен санаса отырып, басқарады. Бұл заңдылықтар ескерілмеген жағдайда психологиялық келіспеушіліктер туындап, кадрлардың қызметте тұрақсыздығына, еңбек қағидаларының бұзылуына, еңбек өнімділігі мен өнім сапасының төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін.
Еңбек ұжымының психологиялық деңгейін түсініп, басқару қызметкерлердің жұмысқа ынталылығын арттырып, олардың қосымша күштерінің ашылуына себеп болады, яғни басшы қол астындағы қызметкерге неғұрлым жақсы көңіл бөлсе, оның қайтарымы да сондай дәрежеде болады.
3. Жеке адам – басқару объектісі ретінде. Әлеуметтік-экономикалық әдебиеттерде адам, жеке адам, тұлға (индивид), дара тұлға (индивидуальность) деген ұғымдар кездеседі. Бұлар бір қарағанда мағынасы бірдей сияқты, бірақ әрқайсысының өз қолдану орны бар. Адам – жалпы саналы тіршілік иесі деген ұғымды көрсетеді. Адам құрал-жабдықтар жасап, сол арқылы еңбекке қатысады. Бұл табиғи түсінік. Ал нақты бір адам көп ішінен тұлға ретінде көрінеді.
Тұлғаның қайталанбас белгілері ерекшеленген сәтте ол дара тұлға (индивидуальность) деп бөлінеді.
Дара тұлға – бұл бір адамның басқалардан өз ерекшеліктері арқылы жеке, айқын тұруы. Бұл ерекшеліктер адамның өмірі мен қызметіндегі жағдайлардың әртүрлілігімен сәйкес келеді. Сонымен бірге дара тұлғаның ерекшелігі адамның тумысынан болуы (тегі) және өмір тәжірибесі арқылы психологиялық ерекшеліктеріне сай қалыптасуы да мүмкін.
Жеке адам (личность) - әлеуметтік ұғым. Оның мұндай дәрежеде бағалануының негізі – адамдармен қарым-қатынасының нәтижесі.
Адамды жеке адам ретінде түсіну үшін және басқару үшін, оның өмірге көзқарасын айқындап алу қажет. Адамның көзқарасы отбасында, жұмыста, оқуда, туыс-таныстары мен жолдастары арасында қалыптасады. Бұлар адамға ерекше ықпал етуші топтар. Сонымен, жеке адам статусы мен ролі анықталған, түсінетін және түсінікке бара алатын тұлға.
Жеке адамның әлеуметтік статусы қоғамдық қатынастан туындайды: жұмыстағы құрмет, атақ, абырой, мәртебе, статусы екі түрлі - өзінің жаратылысынан (тәртібі, интеллекті, өмір сүру стилі) және сыртқы ортадан сыйланған (берілген) түрі болады (қызмет орны, мансабы).
Ал жеке адам ретіндегі әлеуметтік ролі – адамнан күтілетін мінез үлгісі, яғни жеке адамның рольдік функциясы – хұқын пайдалануы мен міндеттерді орындауы.
Әлеуметтік роль екі мағынада айқындалады:
1. Конвенциялы – шартты құқықтары мен міндеттері (баламен – қатар жұмыс істесе, әкенің жоғары орында тұруы. Жасы үлкен және кіші адамдар (керісінше болуы мүмкін).
2. Адамдар арасындағы ролі (межличностный) – топ арасынан біреудің ерекшелініп, суырылып шығуы. Ол адам жұлдызға айналып, бедел мен құрметке ие болады. Кейбіреулері орташа қалыпта болуы мүмкін. Қандай жағдайда да қалау құқы өздерінде, әлеуметтік статусқа байланысты.
Осы аталған жағдайлардың барлығы адамның әлеуметтік және ішкі психологиялық құрылымдарының анықтауышы, яғни айнасы болып табылады. Әрбір менеджер қызметкерлерді басқару процесінде ұйым табыстарға жету үшін жеке адамдардың психологиясымен санасу қажеттігі бірінші орында тұруы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |