Қызметкерлерге кәсіпорынның өзі тағайындайтын, былайша айтқанда, ішкі кәсіпорындық жеңілдіктер:
Жеңілдзікпен тамақтану, бөлімдерде, арнайы орындарды ыстық су қондырғыларын орнату;
Кәсіпорында шығарылатын өнімдерді өз қызметкерлеріне төмен бағамен сату (әдетте, 10 немесе одан да жоғары көлемде);
Қызметкерлердің жұмыс орнына келетін және қайтатын жолақы шығындарын толық немесе ішінара төлеу;
өз қызметкерлеріне процентсіз немесе төмен прозцентті несие ұсыну;
кәсіпорын есебінен қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерінің денсаулығын сақтандыруды көздейтін шаралар қабылдау;
кәсіпорында көп жъылғы еңбегіне қосымша төлемдер төлеуді немесе тиімді сыйақы беруді ұйымдастыру.
Материалдық емес жеңілдіктер:
Жұмыс кестесіне қызметкерлердің құқықтарын көрсету;
Жұмыстағы табыстарына немесе белгілі бір жетістіктері үшін кезекті демалыстың ақылы мерзімін ұзарту;
Зейнеткерлікке ерте шығу және т.б..
Еңбектің маңызын қызметкерлердің дербестігі мен жауапкершілігін және олардың біліктілігін арттыру жолъындағы ынталандыру шаралары.
Қызметкерлерді кәсіпорынды басқару жұмыстарына тарту жүйесін жетілдіру - басқарудың көлденең байланыстары мен көлденең құрылым-дарын жан-жақты дамытудың көрсеткіші.
Қолайлы әлеуметтік жағдайларды қалыптастыру, ол үшін жекелеген топтар мен қызметкерлер, басқару аппараты мен қатардағы қызметкерлер арасында мәртебелік, әкімшілдік психологиялық кедергілерге жол бермеу, ұжым ішінде озара сенім мен түсінікті баянды ету.
Қызметкерлердің әр түрлі ресми емес атқарушылық топтарын ұйымдастыру, мәселен, сапалық үйірмесі, қызметкерлерді мадаһқтау.
Бұл әрбір қызметкерде атқарған ісінің, кәсіпорынның түпкі мақсаты – жоғары тиімділікке қол жеткізілуіне тікелей қатыстылық сезімін туғызады.
Қызметкерлердің қызмет бабында жоғарлауын жоспарлау, оқудың біліктілік деңгейін көтеру.
Аталған шаралар қызметкерлердің еселі еңбек етулеріне, кәсіпорында еңбек әлеуетін мейлінше тиімді пайдалануға бірден – бір қолайлы мүмкіндік туғызады, олардың нарықтағы бәсеке қабілеттілігін арттырады.