Пайдаланған әдебиеттер:
1. Умбеталиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік. - Астана, 2005
2. Ахметов К.Ғ. т.б. «Менеджмент негіздері» Ақтөбе-Орал, 2005.
3. Абдильдин С.А. «Агробизнесті ұйымдастыру», Алматы. 2001.
7-дәріс
КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТЕРІМЕН КЕЛІСІМДІК ҚАТЫНАСТАР.
Дәрісте қарастырылатын сұрақтар:
Кәсіпкерлік келісімдер және оның түрлері.
Келісімшарт – кәсіпкерлік (коммерциялық) келісімдерді өткізудің негізгі құжаты.
7-дәріс
КӘСІПКЕРЛІК МӘДЕНИЕТ
Дәрісте қарастырылатын сұрақтар:
Кәсіпкерлік мәдениеттің мәні мен мағынасы.
Кәсіпкерлік ұйымдардың мәдениеті.
Іскерлік және кәсіби этика.
Іскерлік қатынастар – кәсіпкерлік мәдениеттің маңызды бөлігі.
Әрбір ұйымда белгілі бір тәртіп пен өз дәстүрлері қалыптасу арқылы сол ұйымның моральдық принциптері мен топ мәдениеті және этикасы қалыптасады. Адам баласы өмірде табысқа жету үшін этикалық нормаларды сақтау керек. Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы өмірдегі ең қажетті жағдай. Ал мұндағы басты реттеуші роль атқаратын – адамдарда қалыптасқан этикалық нормалар - әділеттілік пен әділетсіздік, жақсылық пен жамандық, дұрыс және бұрыс әрекеттер.
Әдептіліктің негізгі қағидасы – қоғамның рухани санасы арқылы қалыптасқан қарым-қатынас мүшелерінің тәртібін көрсететін адамгершілік талаптардың жалпы көрінісі. Көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша қазіргі заманғы этика үш түрлі маңызды ережеге негізделген:
1. Материалдық игіліктердің барлық түрін қалыптастыру – ең негізгі маңызды процесс.
2. Пайда мен табыс қоғамдық маңызды мақсаттардың нәтижесі екенін түсіну.
3. Іскерлік өмірде мәселелерді шешудегі маңызды жағдай өнім өндіруге ғана емес адамдардың өзара әдепті қарым-қатынасына да бағытталуы тиіс.
Мәдениеттілік (этика) – мораль, әдептілік, тәрбиелілік, адамгершілік туралы ілім. Мораль – отбасында, өмірде, саясатта, ғылымда, оқуда, еңбекте т.б. жағдайларда кездесетін этикалық құндылықтар жүйесі, яғни қоғамдық қатынастарды реттеуші әдіс-тәсілдер.
Мәдениеттіліктің маңызды категориялары: парыз, ар-ұят, әділдік, әрбір адамның жеке басының мәдениеті қайырымдылық, мейірім, жауапкершілік, игілік (благо). Осы қасиеттер іскерлік этикада нақты көрінеді. Іскерлік этикасы дегеніміз – адамдардың өндірістік іс-әрекетін, қарым-қатынасын, түсінігі мен тәрбиесін реттеуші ережелер мен адамгершілік нормаларының жиынтығы. Іскерлік қарым-қатынастың негізі әдет-ғұрыпқа, дәстүрге, арғы тегіне де байланысты.
Әлеуметтік – қоғамның белгілі бір бөлігінде қалыптасқан тәрбие деңгейі. Көптеген келісімдердің (70%) бұзылуының себебі адамдардың іскерлік қарым-қатынасы этикасы мен тәрбиелілігінің төмендігінен екені дәлелденген.
Дейл Карнеги қаржылық іс-әрекеттердің 15%-і кәсіби білімділігіне байланысты, ал 85%-і адамдардың бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас орнатуына байланысты екені анықтаған.
Мысалы, Жапонияда жүздеген доллар этикет мәселелері мен тәрбиелілікті үйретуге жұмсалады. Кәсіпкерлік табыстың кілті – іскерлік этикетті білу, өзін мәдениетті ұстау, сөйлеу мәдениетін меңгеру, сонымен бірге сезім мәдениетін, еңбек мәдениетін сақтау болып табылады, чех, словак, поляктар, югославтар – кейбір қиындықтарын (мысалы, қымбатшылық) айту ыңғайсыз емес, керісінше сол қиындықтарды жеңу арқылы өмір сүру – іскерлік, мақтаныш деп есептейді.
Итальяндықтар іскерлік әңгімеде – қатты, қызу сөйлеседі. Адам мәдинетті, әдепті болу үшін иманды болуы керек, себебі,
Жапондықтар – мәдениеттілігін өздерін «төмендету» арқылы көрсетеді, («я недостойный и моя ничтожная жена приглашаем вас, высокочтимого, в гости»).
Американдықтар ұнатқан адамын иығынан қағып жақсы көреді (жапондықтарға ұнамайды), қытайлықтарға достарына құшақ жаю ұнамайды. Киім кию стилі. Транспортта өзін ұстай білу, телефон арқылы мәселелерді шешуге әдеттену.
Жапонияда 3 минутта мәселені телефон арқылы шеше алмаған ададмды жұмыста ұстамайды. Телефон арқылы сөйлесе білу де өнер. Іскерлік қарым-қатынаста ұсақ-түйек жоқ, әрбір іс-әрекет, сөз сөйлеу, көзқарас – бәрі де белгілі бір роль атқарады.
Қарым-қатынас этикасы қоғамның экономикалық құрылымына, әлеуметтік ұйымдарына және билеуші топтың, қоғамның сапасына да байланысты.
Іскерлік қарым-қатынастың негізгі механизмі дәстүр (ритуал), әдет-ғұрып және этиканың стандарттық нормалары мен бағалы іс-әрекетер (ценности).
Конфуций қарым-қатынас этикасына, оның ішінде басшылар мен қарамағындағылар ара-қатынасына байланысты мынадай қағидалар келтірген:
- басшы өзін басшы ретінде, бағынушы бағынушы ретінде, әке әке ретінде, бала бала ретінде көрсетуі тиіс;
- басқарушы әділдікті ту етіп ұстаса, ешкімнің қарсы келуге, тыңдамауға дәті бармайды, басшы шындықты ғана бағаласа, ешкім де өтірік айта алмайды;
- әрбір іске жаныңды сал, басқаларға адал бол;
- адамдардың сөзін тыңда, іс әрекетін де байқа;
- әр істің екі жағын, шегін біл, бірақ қолайлысын таңда (держать два конца, но использовать середину);
- жақсы басшы қарамағындағылардың жақсы жақтарын пайдаланады, ал нашар басшы әрқайсысынан «данышпандықты» талап етеді;
- білімі аз адамдармен күресу оларды жолда қалдырумен тең;
- нағыз адамгершілік бес түрлі қасиеттен пайда болады: құрметтеу (почтительность), әр нәрсеге құрметпен қарау, мейірімділік, шындық (правдивость), кеңпейілділік.
Эрих Фрамның анықтауы бойынша: Нарықтық экономика жағдайында адамдарда «нарықтық мінез-құлық» пайда болып, екі жақты сана билейді. Нарыққа тән заңдылық – қалайда пайда табу.
Жаңадан келген адамнан ұжым мүшелері, менеджерлер сол ұйымда қалыптасқан іскерлік қарым-қатынастарға сай мәдениеттілікті, парасатты талап етеді, ол ұйымның көздеген мақсатына жетуіне жол ашады.
Кәсіпкерлік табысқа жету үшін адамның жеке басын сыйлаумен бірге, сол елдің дәстүрі мен тәрбиелік ережелерін де сыйлап, сақтай білу керек.
Адамгершілік, тәрбиелілік, ар-ұяттан аттамай, әлеуметтік жауапкершілікті сезіну.
Ресейде осындай қарама-қайшылықтарды жоюға протестантизмнің ықпалы болды, яғни, этикалық норманы сақтау құдайға қызмет ету деп түсінді. Іскерлік этикасы барлық жағдайларда: кәсіпорын мен әлеуметтік ортада, кәсіпорындар арасында, бір кәсіпорынның ішінде, басқарушы мен қол астындағылар, жұмысшылар арасында, басшылар арасында көрінеді.
Осы жағдайларда этика нормаларын сақтау дәрежесі жалпы ұйымның адамгершілігіне, психологиялық климатына әсер етеді. Ұйымды жоғары адамгершілік нормаларын сақтайтын ұйымшыл, біртұтас ұжымға жеткізу үшін басшы мынадай жағдайларға баса назар аударуы тиіс:
- ұйым мүшелерінің әрқайсысы өзін құрметтеуді, бағалауды ұнататынын естен шығармау керек;
- әртүрлі қолайсыз, жат қылықтар болған жағдайда оның себебін анықтау, қызметкердің жақсы қасиеттерін ескеруді ұмытпаңыз;
- егер қызметкердің тапсырманы орындамағанын сезсеңіз, ескерту жасаңыз (әйтпесе ол сіз байқамай қалды деп ойлауы мүмкін);
- ескерту жасау кезінде ол адамның намысына тимей, алдын ала себебін сұрау;
- адамның жеке басын емес, оның ісін сынаңыз;
- барлық қызметкерлерге бірдей көзқараста болу;
- әр қызметкерді еңбегіне қарай бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |