«Қызығушылықты ояту» кезеңінде оқушылар жаңа тақырып алкадиендердің құрылысы, алынуы мен қолданылуы, физикалық және химиялық қасиеті туралы ББҮ кестесін толтырады
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
|
|
|
IV.Мағынаны ашу: жаңа сабақты түсіндіру, оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды
Алкадиендер — қанықпаған көмірсутектердің маңызды түрлерінің бірі.
Алкадиендер — құрамында екі қос байланысы бар, жалпы формуласыСnН2n-2 болатын қанықпаған көмірсутектер.
Алкадиендерді кысқартып диен көмірсутектері деп те атайды. Диен көмірсутектерінің бірінші мүшесі пропадиен (аллен) СН2 = С = СН2. Диендерде қос байланыстардың өзара орналасуы әр түрлі болуы мүмкін.
H2C = C = CH — CH2 — CH3
Жоғарыда келтірілген атауларына қарап, алкадиендердің номенклатурасы алкендерге ұқсас екенін, бар айырмашылығы — қос байланыстың саны екеу болғандықтан, -ен жұрнағының алдына оның саны көрсетіліп, -диен деп аталатындығын және бір кос байланыстан кейін үтірден соң екінші қос байланыстың орны көрсетілетіндігін өздерің де байқаған шығарсыңдар.
Молекулаларында қос байланыстарды бір жай байланыс бөліп тұратын алкадиендердің практикалық маңызы зор. Олардың ең маңызды өкілдері: бутадиен-1,3 (дивинил) С4Н6, ықшамдалған құрылымдық формуласы Н2С=СН — СН=СН2 жәнө 2-метилбутадиен-1,3 (изопрен).
Достарыңызбен бөлісу: |