Лебедев Сергей Васильевич
Л ебедев Сергей Васильевич (1874-1934) Орыс химигі, академик. Негізгі ғылыми жұмыстары қанықпаған көмірсутектердің полимерлену, изомерлену, гидрогендену реакцияларын зерттеуге арналған. Мырыш-алюминий араласқан катализатор қатысындаэтил спиртін дегидрогендеп және дегидратациялап бутадиенді өнеркәсіпте алу жолынтапты. Металл натрий қатысында бутадиен-1,3-ті полимерлеп, синтездік каучук (1928 жылы) алды. Каучуктан резеңке және резеңкеден жасалған бұйымдар алу әдісін ашты (1930 жылы). Дүниежүзінде алғаш рет бұрынғы КСРО-да 1932 жылы Лебедев тәсілі бойынша синтездік каучук өнеркәсіпте өндіріле бастады.
ІV. Жаңасабақтыбекіту үшін есептер мен жаттығуларды орындаймыз Алкадиендер тақырыбына есептер мен жаттығулар
Достарыңызбен бөлісу: |