Дәрістің тақырыбы:Тәрбие ұжымы оның мәні, белгілері. Балалардың ұжымын ұйымдастыру әдістемесі
Дәрістің мақсаты: Білім алушыларға тәрбие ұжымының белгілерін және ұйымдастыру әдістемесімен таныстыру.
Дәрістің жоспары: Ұжым ұғымы. Ұжымның мәні мен оның негізгі белгілері.
Ұжымның даму кезеңдері, түрлері.
Балалардың ұжымын ұйымдастыру әдістемесі
Ұжым(collectives –лат. «жинақтық») қоғамдық маңызды мақсаттар, ортақ құндылықты бағалау және бірігіп дасайтын қызметтер мен қарым-қатынас негізінде адамдардың әлеуметтік біріккен қоғамы деп қарастырылады.
Ұжымға псхологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде ғылыми және әдістемелік әдебиеттерде әртүрлі трактовкалар беріледі: солардың бірінде ұжым кез келген адамдардың ұйымдастырылған тобы, екінші жағдайда ұжым – ол топтардың ең жоғары дамыған сатысы.
Ұжым жеке индивидтің де жалпы қоғамның да немесе индивидтің және әлеуметтік қауымның қызығушылықтарын қамтиды. Жеке индивидтердің ұжымға қосылуы оның мақсаттық бірлігіне, қажеттіліктерінің құндылықты бағалаулары, қызметтерінің мотивтері тәртіптеріне негізделеді. Ұжымның негізгі белгілері - қоғамның маңызды мақсаттардың болуы, олардың кезекпен дамуы, балалардың жүйелі түрде әртүрлі әлеуметтік істерге араластыру және бірлескен қызметтерді ұйымдастыру.
Ұжымның дамуына ең үлкен маңызы бар нәрселер қалыпты дәстүр мен бір-біріне көмек көрсету атмосферасының болуы, сенімділік пен талап, сын және өзін - өзі сынаудың дамуы, саналы дисцеплинаның болуы.
Ұжымның мәні мен оның негізгі белгілерін аша келіп, А.С.Макаренко: “Ұжымның – әлеуметтік жандық тұлға болатын себебі мынадай : оның ұйымдары, ол ұйымдардағы уәкілдіктері, жауапкершілігі ұйымдардың ара қатынасы өзара тәуелсіздігі бар егер ондайлардың ешқайсысы болмаса онда ол ұжым болмайды, жай ғана топ немесе жиынтық болады”, -деді.
Адам дамуында тәрбиенің ықпалды күш екенін айта отырып, ол қоғамның өмір сүруінің басты бір құралы ретінде қажетті және өмірлік категория деп қарастырылады. Білім мен тәрбие таразының екі басындай тең нәрсе. Тәрбие оңалмай, білімнің сапалы болуы екіталай. Ұлы ғұлама Әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» деген екен. Олай болса, тәрбие іс-әрекеті нәтижелі болу үшін ол мақсат қоюдан басталуы тиіс. Балалар ұжымына деген жоғарғы талап – бұл тек қана олардың әрқайсысы үшін норма болып қалыптасуға тиісті ережелерді орындау ғана емес, осыған қажет шарттар да болып табылады. Осындай шарттардың бірі – педагогикалық ұжымның өзіндегі жоғарғы талап: педагогикалық жұмыскерлерге - админстрация, әр педагогты – жолдастарына, ал ең басты - өз -өзіне. Тек осылай ғана тәрбие жұмысында біріккен, ортақ, ұжымдық методиканы жасап шығаруға болады. Біріккен талаптардың жүзеге асу маңыздылығы білім орындарының педагогикалық кеңесіне қарайды. Оқу және тәрбиелеу процесіндегі біріккен педагогикалық талаптардың мағынасын түсіндіру, олардың мазмұнын нықтау мен әдістеменің және оның жүзеге асуын қадағалау олардың, яғни кеңестің басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Ұжымның даму үш кезеңнен өтеді.
1.Ұжымдағы байланыс нашар, белсенділар әлі анықталмаған кез. Бұл кезде талап барлығына бірдей қойылады.
2.Ұжымда белсенділер айқындалған, талап солар арқылы қойылады, ұжым қалыптаса бастаған кез.
3.Ұжымда дұрыс қоғамдық пікір қалыптасқан, педагог талабын тек белсенділер емес, кез-келген ұжым мүшелері қабылдайды. Тату да мақсатшыл ұжым өз мүшелерінің өмірін бай да, сұлу да етеді, тек сонда ғана адамның жағымды қасиеттері толық ашылады және одан әрі дамиды.