Дәрістік кешен 1 ДӘріс


"Қатынас" білім беру саласы



бет10/46
Дата13.11.2022
өлшемі212,07 Kb.
#157893
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46
Байланысты:
Д рістік кешен 1 Д ріс мектепке дейінгі йымда ы т рбиеші ж мысы

атынас" білім беру саласы
"Қатынас" білім беру саласының базалық мазмұны сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
Мақсаты тілдік қарым-қатынас дағдыларын, сөздік қорын, әдеби шығармалар мен халық ауыз әдебиеті шығармаларына қызығушылығын қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:
– дыбыстардың дұрыс айтылуын, байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру;
– халық ауыз әдебиеті шығармашылығына баулу;
– пассивті және белсенді сөздік қорын байыту;
– балалардың түрлі әрекеттердегі ауызша және байланыстыра сөйлеуін дамыту.
І жартыжылдық
Сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Келесі біліктерді:
1) айналасындағы адамдардың сөзін есту және тыңдау, түрлі дыбыстарды саралау, дауыстың қаттылығы мен айтылу жылдамдығын ажырата білуді;
2) дауысты және дауыссыз дыбыстарды (ызың және үндіден басқа) еліктеу сөздерін қолдана отырып дұрыс айтуды;
3) дыбыстарды, сөздерді және сөз тіркестерін дауыстың қарқынын, екпінін, күшін есепке алып, дыбыстарды дәл айтуды қалыптастыру.
Сөздік қор.
Балаларды заттардың қасиеттері мен олармен әрекеттердің атауын айтуға, тілдік қарым-қатынасқа, ауызша сөйлеуге, зат есімдерді, сын есімдерді қолданып, заттарды (киімдер, ыдыстар) сипаттауға үйрету.
Тілдің грамматикалық құрылымы.
Балаларды педагогтің сөзін түсінуге, сөйлегенде заттарды сипаттау үшін зат есімдерді етістіктермен, сын есімдермен бірге қолдануға, зат есімнің көпше түрін пайдалануға, сөздерді дұрыс айтуды ескере отырып, сөз тіркестерін (сын есім + зат есім, зат есім + етістік) құрауға үйрету.
Байланыстырып сөйлеу.
Балаларды ересектердің сөзін тыңдай білуге; ересектермен және құрдастарымен тілдік қарым-қатынас жасауды дамыту; қарапайым (Кім? Не? Не істейді? және тағы басқа) және бірте-бірте күрделі (Нені ұстады? Нені әкеледі?) сұрақтарға жауап беруге, көркем сөзді эмоциалы қабылдауды, балалар әдебиеті шығармаларының бейнесін және мазмұнын түсінуге, қысқа тақпақтар мен санамақтарды жатқа айта білуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
– тілдегі дыбыстар мен сөздерді айта алады, дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстай алады;
– адамның дене мүшелерін (қол, аяқ, бас), тұрмыстық және ойын әрекетін (қыдыру, тамақтану), әртүрлі өлшемді (үлкен, кіші) білдіретін сөздерді түсінеді; зат есімдерді, есімдіктерді етістікпен байланыстыра алады;
– берілген сұрақтарды түсінеді және тыңдайды, оларға жауап береді;
– жақсы таныс ертегілердің үзінділерін есте сақтайды.
Көркем әдебиет.
Балаларды:
1) ертегілердің, әңгімелердің, тақпақтардың мазмұнын түсінуге және олардағы әрекеттердің дамуын қадағалауға;
2) тақпақтардың интонациясын қабылдауды;
3) кейіпкерлердің пайда болуын, олардың өзара әрекеттерін қадағалауға;
4) ертегілердегі, әңгімелердегі, өлеңдердегі қарама-қарсы бейнелерді түсінуді;
5) таныс тақпақтарды қайталауды;
6) ойыншықтарды қолданып, мазмұны күрделі емес ойындарға қатысуды үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
тыңдалым және айтылым дағдыларын игерген;
қысқа тақпақтарды, өлеңдерді жатқа біледі;
шығармалардың мазмұнына эмоционалды көңіл-күй таныта біледі;
жақсы таныс шығармаларды көрнекі құралдарсыз тыңдайды;
кейіпкерлердің бейнелерін ойындарда қарапайым түрде бейнелей алады.
ІІ жартыжылдық
Сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Біліктер мен дағдыларды:
1) сөйлеудің дыбыстық мәдениетін;
2) дауысты және дауыссыз дыбыстарды (ызың және үндіден басқа) мен сөздерді анық айту, дыбыс аппаратын дамыту.
3) қолдың ұсақ моторикасын дамыту;
4) артикуляциялық гимнастика өткізу.
Біліктер мен дағдыларды:
1) түрлі дауыс жоғарылығымен, қарқынымен, биіктігімен дыбыстарға еліктеуші сөздерді айтуды;
2) сөйлеу тілінің екпіні мен ырғағына сәйкес жаңғырта білуді;
3) сөз тіркесінде, сөйлемде сөздер мен дыбыстарды айтуын бекітуді қалыптастыру.
Сөздік қор.
Балалардың белсенді сөздік қорын байыту: заттардың қасиеттерін және олармен әрекеттерді атау.
Дағдыларды:
1) тілдік қатынасты, ауызша сөйлеуді;
2) ыдыс-аяқ, киім, жиһаздарды және күнделікті өмірде олармен әрекет жасауды білдіретін сөздерді, сөз таптарын қолдануды;
3) заттардың белгілерін білу, жануарлар мен олардың төлдері, көкөністер, жемістер, өсімдіктер, еңбек әрекеттерін білдіретін сөздерді қолдануды қалыптастыру.
Тілдің грамматикалық құрылымы.
Дағдыларды:
1) қарапайым сұрақтарға жауап беруді;
2) сөздің интонациямен аяқталуын меңгеруді қалыптастыру.
Байланыстырып сөйлеу.
Дағдыларды:
1) сөйлеудің диалогтық түрлерін дамытуды;
2) оқығандары және көргендері туралы сұрақтар қоя білу, ойыншықтар, суретте бейнеленгендер туралы айтып беруді;
3) айналасындағылардың сөздерін, тұрмыстық немесе ертегілер тақырыптарындағы әңгімелерді көрнекіліксіз тыңдауды;
4) сөз тіркестерін айту (3–5 сөзбен), таныс шығармалардан үзінді ойнай білуді;
5) кітаптағы суреттерді қарау, олардың мазмұны бойынша сұрақ-жауаптар құрастыру, көлемі бойынша шағын өлеңдер мен тақпақтар жаттауды бекіту.
Күтілетін нәтижелер:
қысқа сөйлемдерден неғұрлым күрделі сөйлемдерге ауыса біледі;
өзі, отбасы мүшелері, сүйікті ойыншықтары жайлы сұрақтарға жауап береді;
қалауларын, сезімдерін, ойларын білдіретін сөздерді қолдана алады;
дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстай алады;
ақпаратпен бөліседі, жайсыздыққа (шаршадым, ыстықтадым) және құрдастарының әрекетіне (ойыншығын бермейді) шағымданады.
Көркем әдебиет.
Дағдыларды:
1) ертегі, әңгіме кейіпкерлеріне, оқиғаларға жанашырлық білдіруді;
2) кейіпкерлермен тақпақтардың мазмұнын, ырғақты ойындарды қайталауды эмоциалы қабылдауды;
3) ересектердің тақпақтарды, өлеңдерді, әңгімелерді оқуына, кітаптарды көрсету, ертегілерді әңгімелеуіне тұрақты қызығушылық танытуды;
4) шығарманың мазмұнын түсіну және эмоциалы қабылдау, ойында кейіпкерлер бейнесін қарапайым түрде бейнелеуді;
5) мереке туралы қуаныш, мақтаныш сезімдері берілген қысқа тақпақтарды жаттауды;
6) таныс шығармалардың қарапайым мазмұндарын ойнап көрсетуді;
7) таныс өлеңдерді асықпай, анық айтуды қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
белсенді сөздікте барлық сөз таптарын қолданады;
шағын әңгімелерді көрнекіліксіз тыңдайды;
3–5 сөзден тұратын тіркестерді, сөйлемдерді айтады, ақпараттармен бөліседі;
қысқа өлеңдерді анық, асықпай айтады, олардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
ертегінің мазмұнын түсінеді және эмоционалды қабылдайды;
құрдастарымен қарым-қатынасқа түседі.
"Таным" білім беру саласы
"Таным" білім беру саласының базалық мазмұны сенсорика, құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
Мақсаты балалардың танымдық қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту болып табылады.
Міндеттері:
– қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру;
– түрлі сенсорлық әсерлермен байыту;
– табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын тәрбиелеу;
– өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға, олардың сұлулығын байқауға үйрету;
– қоршаған ортамен әрекет жасау үшін бірлесіп әрекет ету білігін дамыту.
I жартыжылдық
Сенсорика:
1) заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын қалыптастыру, ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындау;
2) қимылдардың үйлесімділігін, қолдың ұсақ бұлшық еттерін, "көз-қол" сенсомоторлық кеңістіктік үйлесімділігін дамыту.
Біліктерді:
1) көлемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруды;
2) түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді негізгі түсі, әртүрлі көлемі, неғұрлым ұқсас қасиеттері бойынша салыстыру және іріктеуді жетілдіру.
Күтілетін нәтижелер:
үлгі мен сөздік нұсқауға сүйеніп, тапсырмаларды орындай алады;
қимылдардың, қолдың ұсақ моторикасының үйлесімділік дағдыларын игерген;
түстердің атауларын дұрыс қолданады;
ересектердің нұсқауымен түсі, өлшемі бойынша заттарды табады;
түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді негізгі қасиеттері бойынша топтастырады.
қарапайым көру-қозғалыс үйлесімділігін меңгерген: телефон дискісін саусақпен айналдыра алады, қарапайым пішіндерді көрсете алады.
Құрастыру.
Балаларды:
1) құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен құрастыруға үйрету;
2) құрылыс үлгілерін қарап, оның бөліктерін атап көрсетуге, қандай бөлшектерден құралғанын анықтауға, үй, машина, жиһаздар құрылысының жетіспейтін бөліктерін таба білу біліктерін қалыптастыру.
Балалардың:
1) әртүрлі түстегі және пішіндегі геометриялық пішіндерден тұратын ағаш, пластмасса құрылыс материалдары;
2) материалдар (текшелер, кірпіштер), олардың әртүрлі пішіндері, көлемі, үстел үстіндегі жазықтықта әртүрлі жағдайда орналасуы (кірпіш жатыр, тұр);
3) кірпіштерді көлденеңінен орналастыру, кірпіштерді бірінің үстіне бірін қою, текшелерді кірпіштермен үйлестіру – үстел, орындық, диван, үйшік, трамвай, көпір, төбешік;
4) қарапайым бөгет жасай отырып, кірпіштерді түрліше үйлестіріп орналастыру туралы білімдерін қалыптастыру.
Кеңістіктік белгілерді ескере отырып, бөлшектерді түзу сызық бойына орналастырып, ұқыпты біріктіру дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен (үстел, орындық, диван, үйшік, трамвай, көпір,төбешік) құрастыра алады;
заттың қандай бөліктерден орындалғанын анықтай алады, үйшіктің, машинаның, жиһаздың құрылысындағы жетіспейтін бөлшектерін табады;
құрылыс материалдарының қасиеттері туралы түсініктерді игерген;
құрылыс материалдарын пішіні, көлемі бойынша топтастырады;
тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атайды.
Жаратылыстану:
1) тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту. Жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру. Өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Жануарларға тән ерекшеліктермен таныстыру, дене бөліктерін (танауы, құйрығы, аяқтары) ажыратып және атай білуге үйрету. Көкөністер мен жемістер туралы (қызанақ, қияр, алма) қарапайым түсініктерін қалыптастыру;
2) ауладағы ересектердің еңбегін, аулаға ұшып келетін құстарды, маусымға тән табиғат құбылыстарын бақылау. Қоршаған табиғаттың сұлулығын қабылдау.
Күтілетін нәтижелер:
көкөністер мен жемістердің бірнеше түрлерін сыртқы түрі және дәмі бойынша атайды және ажыратады;
жануарлардың дене бөліктерін ажыратады және атайды, олардың мінез-құлқына, сыртқы түріне назар аударады;
аулаға ұшып келетін құстарды атайды және ажыратады;
табиғаттың маусымдық өзгерістерін атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет