Дәрістік кешен 1 ДӘріс



бет8/46
Дата13.11.2022
өлшемі212,07 Kb.
#157893
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46
Байланысты:
Д рістік кешен 1 Д ріс мектепке дейінгі йымда ы т рбиеші ж мысы
этнопедагогика 2020, Әлеуметтік лингвистика, 1508385473214, 1508385473214, stud.kz-6502, stud.kz 6334
7 ДӘРІС
Мектепке дейінгі балалардың физикалық және психикалық дамуының жас кезеңдері. Кіші топ (2 жастан бастап)
"Денсаулық" білім беру саласы
"Денсаулық" білім беру саласының базалық мазмұны дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
Мақсаты денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, дене біліктері мен дағдылары мен негізгі қимыл түрлерін қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:
– жалпы дамытушы жаттығуларды, ұлттық қимылды саусақпен ойналатын ойындарды, шынықтыру шараларын қолдану арқылы балалардың денсаулығын нығайту;
– негізгі қимыл түрлерін дамыту;
– салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерін және құрдастарымен бірлескен әрекетке дайындықты қалыптастыру.
I жартыжылдық
Дене шынықтыру.
Жалпы дамытушы жаттығулар. Бұрылу (оңға-солға), қолды кеуде тұсында айқастыру және екі жағына жазу, қолды шапалақтау; қолды алға, жоғары, жан-жаққа көтеру, оларды бүгіп, жазу, саусақтарын ашып жұму; тізені бүгіп жазу (екіншісіне тұрып), еденде отырған қалпында, таяныштан ұстап отырып аяқтың ұшымен тұру, алға, жанына, артқа қадам жасау, аяқты алға, өкшеге қою; табандарды бүгу (жазу), қатарында тұрған – отырған адамға қолындағы затты бере отырып, тұлғасын оңға-солға бұру, шалқасынан жатқан қалыпта қолдары мен аяқтарын бірдей қимылдатып, аяқтарын көтеру және түсіру, арқасынан бүйіріне, ішіне және кері қарай аударылу, алға, жан-жағына қарай еңкею.
Негізгі қимылдар:
1) педагогтің артынан жүру, жұптасып жүру, шеңбер бойымен қол ұстасып жүру, қарқынды өзгерте отырып жүру, бағытты өзгерте отырып жүру, жүруден жүгіруге ауысу, бағдар бойынша жүру (кілемнің бойымен, жіпке дейін), кедергілерден аттап жүру. Ұзындығы 2,5-2 м, ені 25 см (2 жаста), 20 см (3 жаста) тақтай бойымен жүру, жіптен немесе таяқтан аттап өту;
2) бірқалыпты жүгіру, шашырап, берілген бағытта, әртүрлі қарқынмен, заттардың арасымен шеңбер бойынша, аяқтың ұшымен, белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі (20м дейін), шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен, бағытты өзгертіп, 30-40 сек бойына үзіліссіз жүгіру, жүруден жүгіруге және керісінше ауысу;
3) секіру. Бір орында тұрып екі аяқтап секіру, алға қарай ұмтыла екі аяқтап секіртпемен, лентамен еденде 10-20 см қашықта (2 арқаннан тұратын жолақ арқылы) жатқан арқаннан секіру; 10-15 см биіктен секіру;
4) еңбектеу, өрмелеу. Кедергілі жазықтың бетімен, еңіс тақтайдың үстімен, жол бойымен, әртүрлі заттардың: доғаның, орындық, үстел, арқанның астымен нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу. Ауданы 50 х 50 см, биіктігі 10 см мінбеге өрмелеу;
5) лақтыру, қағып алу, дәлдеп лақтыру. Екі қолмен 1-1,25 м арақашықтықтағы (көлденең) нысанаға (кеуде тұсынан, төменнен, жоғарыдан (қағып алмай), баланың көзінің және кеудесінің тұсынан әртүрлі заттардың астымен 0,5-1,5 м арақашықтыққа доптарды домалату, доптарды бір-біріне домалату;
6) тепе-теңдік сақтау. Жиектері шектелген тура жолақпен (ені 20-25 см, ұзындығы 2-2,5 м) гимнастикалық орындықтың үстімен жүру, заттарға шығу (гимнастикалық орындыққа, жұмсақ модульге және тағы басқа), тұру, қолын жоғары көтеру, түсу; заттардан ( биіктігі 10-15см), шеңберден шеңберге аттау; төрттағандап тақтаның үстімен 20 см арақашықтықта орналасқан бірнеше кедергіден (ленталардан, текшелерден және тағы басқа) аттау, орнында баяу айналу.
Мәдени-гигиеналық дағдылар.
Мәдени-гигиеналық ережелерді орындау білімін бекіту.
Киіміндегі ұқыпсыздықты байқап, оны өз бетінше, ересектердің көмегімен жоюға, қол орамалды пайдалануға үйретуді жалғастыру.
Киініп-шешіну кезінде киімдерін белгілі тәртіппен киюге және шешуге, ілгектің әр түрлерін қолдана білуді жаттықтыру. Киімдерді шкафқа немесе орындыққа ұйқыға жатар алдында ұқыпты жинау білігін бекіту. Жолдасының киіміндегі ұқыпсыздықты көруге және оған өз көмегін ұсынуға үйрету.
Жеңдерін өз бетімен түру, жуыну кезінде киімді суламау, жуыну кезінде суды шашыратпау білігін бекіту.
Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру: нанды үгігпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.
Балаларды үстел басында дұрыс отыру, үстелді даярлау заттарымен таныстыруды жалғастыру.
Жуыну туралы қысқа өлеңдерді немесе тақпақтарды үйрету, оларды ересектермен немесе өз бетінше қайталау.
Сауықтыру-шынықтыру шаралары:
1) балаларды серуен кезінде ультракүлгін сәуленің әсерінен ауа, су шараларының үйлесімділігімен шынықтыру;
2) сумен шынықтыруда ұсақ тастары бар ванна қолданылады. Су температурасы +30°С градустан +18°С, +16°С -қа дейін әр үш күн сайын 2 градусқа төмендетіліп отырады.
Дербес қимыл белсенділігі.
Ересектердің көрсетуі бойынша кейбір қимылдарды орындайды, қимыл белсенділігіне жағымды эмоциялық қарым-қатынас білдіреді, бұрын игерген қимылдарды өздігінен орындай алады.
Спорттық жаттығулар:
1) шанамен сырғанау. Ересектердің баланы сырғанатуы; шанаға отырғызып, төбешіктен сырғанату, шананы жіппен сүйрету, баланың ойыншығын шанамен сырғанатуы;
2) велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипедке отырғызу, ересектердің көмегімен және көмегінсіз түсіру, ересектердің көмегімен және өзбетімен рөлді басқару;
3) мұз жолдармен сырғанау: ересектер балалардың қолынан жетелеп сырғанатуы.
Күтілетін нәтижелер:
– ересектермен бірге дене жаттығуларын орындай алады;
– негізгі қимыл түрлерін: жүгіру, өрмелеу және секіру, тепе-теңдік сақтауды игерген;
– спорттық жаттығуларды орындайды;
– жеке бас гигиенасының бастапқы дағдыларын игерген;
– шынықтыру шараларын өткізу кезінде жағымды көңіл-күй танытады және сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет