Дәрістік кешен Дәріс. Кіріспе дәріс



бет29/39
Дата10.02.2022
өлшемі229,5 Kb.
#131351
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39
Байланысты:
Дәріс
Тәрбие сағаты өрт су, лек 3-4 каз, Solutions Upper-Intermediate 3ed Teacher 39 s Book, Снимок экрана 2023—11—10 в 12.46.17
Негізгі ұғымдар: дидактика, оқытудың қазіргі теориялары, оқудың гуманизациясы, индивидуалды оқыту теориясы, тұжырымдама.


Дәрістің негізгі мазмұны
Дидактика – оқытудың теориясы. Дидактика – білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Бұл ұғымды ғылымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданып оқыту өнері мәнін негіздеген. Дидактиканың ғылыми негізін салған чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның «Ұлы дидактика» (1632) кітабында оқытудың мақсат, принциптері, әдістері, сынып сабақ жүйесі туралы баяндалған. Оның ойы бойынша, дидактика «нені оқыту» және «қалай оқыту керек » деген сұрақтарға жауап береді.Заманауи ғалымдардың зерттейтін сұрақтары: кімді, қалай, қайда, неге оқыту
Дидактика гректің «didaktikos» - оқытушы, үйретуші деген сөзінен шыққан.
Дидактика – бұл оқу және білімдену олардың мақсаттары мазмұны, әдістері және құрал жабдықтары, ұйымдастырылу мен нәтижелері жөніндегі ғылым. Дидактикапедагогиканың маңызды саласы.
Қазіргі түсінік бойынша, дидактика-білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы.Ол оқыту теориясы деп те аталады.Дидактиканың зерттеу пәні-оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері.
Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айкындалады.Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін қарастырады.Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұнын, барысын, түрі мен әдістерін зерттеуіне қарап оқыту әдістемесі деп аталады.Мысалы, матиматиканы оқыту әдістемесі, тарихы оқыту әдістемесі.
Дидактика әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми-теорияляқ және қолданбалы қызметтер орындайды.Дидактиканың ғылыми-теорияляқ қызметі:білім беру мен оқыту процестерінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. Дидактиканың принциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын қолданбалы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу.Дидактиканы дамытуда Я.А.Коменский, И.Ф.Гербарт, Д.Дьюи, К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, М.А.Данилов және т.б. үлкен үлес қосты. Жоғары мектеп дидактикасы мәселелерімен айналысқан Ресейлік ғалымдар: Н.И.Пирогов, С.И.Архангельск, А.А.Вербицкий, Б.С. Горшунский, В.И.Загвязинский, А.В.Петровский, А.А.Реан, В.Е.Шукшунова, В.А.Якунина, Ф. Янушкевич және т.б. Қазақстанда жоғары мектеп дидактикасының жеке мәселелерін қарастырған ғалымдар: А.Е.Әбілқасымов, С.А.Әбдіманапов, Б.А.Абдикаримов, М.Н.Сарыбеков, Н.Д.Хмель, Н.Н.Хан, Г.А.Уманов, С.А. Ұзақбаева, Г.К.Нұрғалиева, Г.Т. Хайруллин, А.П. Сейтешов және т.б. Оқу процесі – бұл білім беру, игеру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы мен оқушы арасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс әрекет. Дидактика ғылым ретінде төмендегідей мәселелерді қарастырады:

  • не үшін оқытамыз (оқыту мен білім берудің мақсаты);

  • кімді оқытамыз (оқыту субъектілері);

  • оқытудың қандай стратегиялары тиімді (оқыту принциптері);

  • неге оқытамыз (білім беру, оқыту мазмұны);

  • оқытуды қалай ұйымдастырамыз (оқытуды ұйымдастыру формасы);

  • оқытуға қандай құралдар қажет (оқулықтар, оқу құралдары, компюьтерлік бағдарламалар, дидактикалық бағдарламалар және т.б.);

  • оқыту нәтижесінде неге қол жеткіземіз (оқыту нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер мен өлшемдер),

  • оқыту нәтижелерін қалай бағалауға және бақылауға болады (оқыту нәтижелерін бақылау және бағалау әдістері).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет