Үлестірмеліматериалдар.кестелер,ағзамуляждары, тесттер, кеспе қағаздар
Бақылау сұрақтары (кері байланыс).
1.Мидың сабауынан жоғарырақ: I және II жұптары
2. Ортаңғы мидан: III және IV жұптары
3. Вароливевакӛпірінен: V, VI, VII және VIII бас сүйек нервтері.
Негізгі әдебиеттер.
1.Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 1 - кітап: оқу құралы /. - Алматы : Эверо, 2016. - 292 бет. с.
2.Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 2- кітап :оқуқұралы . - Алматы :Эверо, 2016. - 248 бет. с.
3.Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т. 1. Сүйектертуралыілім. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014
4.Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т. 2. Ас қорытужүйесі. Тынысалужүйесі. Несеп-жынысжүйесі. Эндокриндікбездер. Тамырлартуралыілім. Лимфа жүйесі- М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014.
Қосымша әдебиеттер.
1.Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т. 3. Жүйкежүйесі. Сезіммүшелері: оқулық / А. Р. Рақышев. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014. - 376 бет
2.Рақышев, А. Р. Адам анатомиясы. 1-кітап оқулық / А. Р. Рақышев. - 2-бас., түзет. жәнетолықт. ; ҚР Жоғарыоқуорындарыныңқауымдастығы. - Алматы :Дәуiр, 2009. - 420 бет.
№48 Тақырып. Артқы ми. Сопақша ми, көпір, мишық аяқшалары, құрылысы, топографиясы, Ромб тәрізді шұңқыршақІҮқарынша
Мақсаты:Мидың бөлімдері , сопақша, артқы, ортаңғы, аралық, соңғы ми, қарыншалар және оның қабықтарының құрылысын, топографиясын, қызметін оқу.
Дәріс жоспары:
1.Артқы ми құрылысы
2.Сопақша ми, көпір
3. Роиб тәрізді щұңқыршақ
Дәріс тезистері.
Ми бас сүйегінің ішінде орналасады.Дамуына ,құрылыс ерекшеліктеріне және қызметтеріне байланысты ми бес бөлімге бөлінеді
1. үлкен ми
2. аралық ми
3. ортаңғы ми
4. артқы ми
5. сопақша ми
Сопақша ми тікелей жұлынның жалғасы болып есептеледі.Сондықтан құрылысы жағынан жұлынға ұқсас болады.Орталық түтік мидың 4-ші қарыншасын түзеді.Сопақшамида 8-12-ші ми жүйкелерінің орталықтары жатады. Сопақша мида мидың 4-ші қарыншасының түп жағында күшті дамыған мидың торлы түзілімі болады. Сопақша мидың қуысы сайлары нәзік және сына тәрізді шоқтары, жіп тәрізді денешіктері болады. Сопақша мида тыныс алу ,ас қорыту,қан айналым және басқа жүйелердің орталықтары орналасады және де ол жұлын сияқты рефлекстік ,өткізгіштік қызметтер атқарады.
Артқы ми екі бөлімнен тұрады:алдыңғы бөлімін ми көпірі артқы бөлігін мишық деп атайды.
Ми көпірі сопақша мидың үстінде орналасқан жалпақ ақ жал.Ол үстіңгі жағынан ортаңғы мимен шектеледі .Ми көпірі шекараларынан 6-7-8-ші ми жүйкелерінің түбірлері басталады.Ми көпірі өткізгіштік және рефлекторлық қызметтер атқарады.
Мишық ми көпірі мен сопақша мидың артқы жағында орналасады.Оның салмағы ересек адамдарда 120-150 грамм болады. Мишық бастың бүкіл артқы бөлігін тұрады ,оны үлкен ми сыңарының шүйде бөлігі үстіңгі жағынан жауып тұрады.Екеуінің арасындағы саңылауды мидың көлденең саңылауы деп атайды.Мишық екі сыңардан және оларды біріктіретін құрт тәрізді мүшеден тұрады ,және де сұр зат пен ақ заттан түзіледі.Сұр зат мишықтың сыыртқы бетінде орналасып, оның қыртысын түзеді . Ақ заты сұр заттың ішінде орналасқан ,олардың ішінде 4 жұп ядролар болады.Мишықтың негізгі қызметі- денені қозғалтып, қимылға келтіру,тепе теңдік алма кезектік қызметтерді ,яғни үйлесімділікті рефлекс жолымен басқару.
Ортаңғы ми мидың сабақшасынан төрт төмпешіктен,мидың қуысы ми суағарынан және ми бүркенішінен құралады.Төрт төмпешіктер мишықтың алдыңғы жағында жатады,оның алдыңғы екеуінде бағдарлап көру орталығы, артыңғы екеуінде бағдарлап есту орталығы жатады. Ортаңғы мидың ақ затының арасында күңгірт заттар жатады. Оларды орталық сұр зат, қызыл ядролар, қара субстанция деп бөледі. Ортаңғы мидың ішкі қабырғасында 3,4-ші ми жүйкелерінің орталықтары жатады . Қуысы- ми суағары- ұзындығы 1,5 см келетін жіңішке өзек .Ол мидың 4-ші қарыншасын 3-ші қарыншасымен байланыстырып тұрады. Аралық ми ортаңғы мидың және мидың ақ затының үстінде орналасады.Аралық миға таламус(көру төмпегі)пен гипоталамус және оның ішкі қуысы мидың 3-ші қарыншасы жатады.Таламус аймағы нағыз таламус,артқыталамус және эпиталамус аймақтарына бөлінеді .Таламуста 40 шақты ядро ,әртүрлі орталықтар болады.Гипоталамуста дене қызуын реттейтін ,зат алмасуды реттейтін ,ішкі бездерге әсер ететі н 32-ден астам ядро лар орналасқан.
4 қарынша,ventriculusquartus.артқы ми көпіршігіні қуысының қалдығы болғандықтан,ромб тәрізді миды құрайтын артқы мидың барлық бөліьдері үшін ортақ қуыс болып табылады.4 қарыншы шатырға ұқсайды,оның төбесі мен түбін ажыратады.Қарыншаның түбі немесе негізі ромб пішінді ,сопақша ми мен көпірдің артқы бетіне батып тұрған сияқты көрінеді.Сондықтан оны ромб тәрізді шұңқыр деп атайды.
Ромб тәрізді шұңқыр,fossarhomboidea.атына сәйкес екі жоғарғы және төменгі жағы болады.Ромбының жоғарғы жағы-екі жоғарғы мишық аяқшаларымен ,төменгі жағы –екі төменгі аяқшалармен шектелген.Ромбының ортаңғы сызығы бойымен ,жоғарғы бұрышынан төменгі бұрышына дейін ортаңғы жүлге,sulcusmedianus ,созылып жатыр.Ол шұңқырды оң және сол жартыға бөледі.Жүлгелердің жандарында сұр заттың жиналуынан пайда болған жұп томпақ,eminentiamedialis, орналасқан.Ол төмен қарай біртіндеп тарылып ,тіласты нерві проекцияланатын үшбұрышқа айналады.Бұл үшбұрыштың төмнегі бөлігінен латералды,сұр түсті ,кіші ұшбұрышжатады,онда кезбе нерв ядросы орналасқан .Eminentiamedialis-тің жоғарғы жағында томпақ бет төмпешігі ,colliculisfacialisбар,ол бет нервінің түбіршігі мен әкететін нервтің проекциясынан пайда болған.Латералды бұрыш аймағында 7 жұп нервтің ядролары жататын,кіреберіс алаңы орналасады.
Мишық ми көпірі мен сопақша мидың артқы жағында орналасады. Оның
салмағы ересек адамдарда 120—150 г болады. Мишық бастың бүкіл артқы
бөлігін толтырып, оны үлкен ми сыңарының шүйде бөлігі үстіңгі жағынан
жауып тұрады. Осы арадағы саңылауды мидың көлденең саңылауы дейді. Мишық та
үлкен ми сыңары секілді сыртынан кабықшамен қапталады. Оның бірнеше бөлігі,
сайы және иірімдері болады. Соңдықтан да оны мидың кейде кіші сыңары деп
те атайды.
Мишық екі сыңардан және соларды біріктіретін құрт тәрізді мүшеден
түзіледі. Оны құртша деп те атайды. Мишықтын сыңарлары үлкен ми сынарлардың
қыртысымен бірге дамиды.
Мншық та сұр және ақ заттардан түзіледі. Бірақ сұр зат сыртқы бетінде
орналасып , мишықтың қыртысы түзеді. Ол қыртыс екі қабаттан тұрады.
Біріншісі — сыртқы молекулалы жалпақ қабат — жұлдыз тәрізді жасушалардан
түзілсе, екіншісі — түйіршікті қабат - көптеген түйіршікті жасушалардан
құралады. Бұл жасушалардың нейрондары мишықты ядролары мен байланысады.
Мишыктакыртыс. сай, иірім және бөлімдері болатыны жоғарыда баяндалады.
Олардың әрбір бөлімдері дененің белгілі қимылын басқарады.
Мысалы: мипықтың төменгі бетінің шағын үлескісі — жентегі адамның тепе-
теңдігін сақтауға немесе кіреберіс аппаратының кызметіне тікелей
қатысады. Ақ зат сұр заттың ішінде мишықтың ортасында орналасады. Ақ
заттар жан-жағына тармақталып сұр заттың арасына сұғынып жатады.
Сондықтанда мишықтың тік кесілген беті жапырақ болып көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |