Дәрістік кешен пән: жкп 05 Анатомия және физиология Мамандығы



бет136/152
Дата13.12.2022
өлшемі434,65 Kb.
#162453
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   152
Байланысты:
дәрістік кешен ФАП-1

Үлестірмелі материалдар. кестелер, слайдтар, муляждар, планшеттер.
Бақылау сұрақтары (кері байланысы):

  1. .Ми мен жұлын жұмсақ қабығының қабынуынан болатын ауру

  2. Жүйке жүйесінің қаңқа бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін бөлімі

  3. Қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшықеттер мен ішкі мүшелерге өткізеді

Негізгі әдебиеттер.
Қазақ тілінде: негізгі:
1. Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т.1. Сүйектер туралы ілім. – М.:ГЭОТАРМедиа,2014
2. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 1 - кітап: оқу құралы /. - Алматы : Эверо, 2016. - 292 бет. с.
3. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 2- кітап : оқу құралы . - Алматы : Эверо, 2016. - 248 бет. с.
4. Досаев Т.М. Адам анатомиясы.-Ақ-Нұр, 2013


Модуль 7.Зәр шығару және жыныс мүшелер жүйесі

61 Тақырып. Бүйректер, құрылысы, топографиясы. Қан айналым ерекшеліктері.


Мақсаты: Несеп жүйесінің дамуы және бүйректің фиксациялық аппараты, қабықшалары мен шандырларын қарастыру қажет. Бүйректің макро және микроскопиялық құрылысын түсіндіріп, бүйректің құрылымдық-функциональдық бірлігіне (нефрон) тоқталу қажет және бүйректің форникалды аппаратын, бүйрек қойнауының варианттарын беру.
Дәріс жоспары
1.Несеп жүйесінің дамуы.

2.Бүйректің фиксациялық аппараты.


3.Нефронның құрылысы мен қызметі, ЮГА


Дәріс тезистері
Бүйрек (ren, грекше: nephron) – құрсақ қуысында I - II бел омыртқа тұсында орналасқан безді мүше. Бүйрек құрсақ қуысының артын ала, ішперденің сыртында байламдарға байланып, жоғарғы жақтары бір - біріне шамалы жақын орналасады. Бауыр қысымында болғандықтан, оң бүйрек сол бүйрекке қарағанда жарты омыртқадай төмен орналасады. Бүйректің артқы беттері көкет етегімен және белдегі шаршы бұлшықеттерімен, ал тоқ ішіктің төмен өрлеме және төмендеуші бөліктермен шектеседі. Бүйректің орны жас және жыныс ерекшеліктеріне байланысты өзгереді. Олар әйелдерде – төмендеу, ал жаңа туған кезде одан да төмен, жамбас сүйегіне тіреліп жатады. Бүйректің ұзындығы – 12см, ені – 6см, қалыңдығы – 4см, салмағы – 120см. Бүйрек сыртынан жұқа, бірақ тығыз талшықты қабықпен (capsulafibrosa) қапталады. Екі бүйірі мен қақпа бойын май мен ұлпа қаптап, бүйректің майлы қабын (capsulaadipose) құрайды. Ересектерде бүйректің беті – тегіс, ал нәрестеде бұдыр болып келеді. Зәр шығару жүйесі: Бүйректің жарып көрсетілгендегі құрылысы: 1 – қыртысты қабат; 2 – милы қабат; 3 – пирамидалар; 4 – бүйрек емізікшелері; 5 – кіші тостағаншалар; 6 – бүйрек қақпасы; 7 – бүйрек астаушасы; 8 – несепағар.
Бүйректің жоғарғы және төменгі ұшы (extremitassuperioretinferior), және ортаңғы жиегі (margolateralesetmedalis), алдыңғы және артқы беттері (faciesanterioretposterior) болады. Бүйректің шеткі жиегі дөңес, ортаңғы жиегі ойыс болып келеді. Ойыс жағын оның қақпасы (hilusrenalis), дейді. Қақпадан артерия, жүйке кіреді, вена, сарысу тамырдан және зәрағар түтігі шығады.
Бүйректің қабаттары немесе орнықты ұстайтын заттары. Бүйректі сыртынан жұқа талшықты қабат қаптайды. Оның сыртында, әсіресе қақпа бойында және артқы бетіне таман бүйрек миының қабаты болатыны жоғарыда сөз етілді. Майлы қабатының сыртында бүйректің шандыр қабығы (fasciarenalis) бар, екі талшықты қабатпен байланысып, екі жапырақша түзіледі. Оның біреуі бүйректің алдында, екінші артына қарай бағытталады. Бүйректің шеткі жиегінде екі жапырақша бір бірімен бірігеді де ішпердің сыртында жалғасады. Ортаңғы жиек жағындағы екі жапырақшалар бір - бірімен бірікпей, алдыңғы жапырақша бүйрек алдындағы тамырларға, қолқаға, төменгі қуыс венаға жалғасады. Артқы жапырақшасы омыртқа денесінің алдынан орап, алдыңғы жапырақшаға бірігеді. Бүйректің жоғарғы ұшы жағындағы екі жапырақшалар бүйрек үсті безін қоса жуып, бірімен бірі бірігеді. Бүйректі жоғары жібермей ұстап тұрады, ал бүйректің төменгі жағы ондай жапырақшамен жабылмайды. Бүйректі мекемденіп, қозғалмай тұруына құрсақ қысымы, бүйректің шандыр қабықтары, белдің үлкен бұлшықеттері, қан тамырлары жағдай жасайды. Егер олар бүйрек маңында шамадан тыс азғындап кетсе, онда бүйрек орнында тұра алмай, жылжығыш болады. Оны «Кезбе бүйрек» деп атайды. Мұндай бүйректі көтеріп, тігіп қоюға тура келеді.
Бүйрек заты екі бөліктен тұрады:
1.қыртыс заты
2.милы(жұмсақ) заты.
Қыртыс зат қызыл қоңыр түсті қалыңдыығы 4 мм болады. Бүйректің құрылымдық бірлігі-нефрондар осы қыртыс затты құрайды.Нефрон капилляр тамырлары және Шумлянский –Боумен капсуласынан түзілген.Жұмсақ зат сүййір пішінді бүйрек пирамидаларынан түзілген.Пирамидалардың түбі бүйректің ьеткіжағында,ұштарыбүййрек қуысына бағыытталған.Екі немесе бірнеше пирамиданың ұштары бірігіп емізіктер құрайды.Кіші тостағанша ларәрқайсысына 2-3 емізік тесіктері ашылатын құрылымдар.2-3 кіші тостағанша лардың бірігуінен үлкен тостағаншалар түзіледі. 2-3 үлкен тостағанша лардың бірігуінен үлкен астаушалар түзіледі.

Зәрағар түтік бүйрек пен қуықты жалғай тын жұп мүше .Оның ұзындығы 30 см,ені 4-7 мм Ол бүйрек қақпасынан басталып жамбас қуысында қуықтың артқы қабырғасынан ішке ашылады. Зәрағар түтік жамбас және құрсақ бөлімдерінен тұрады.


Әйелдердің зәрағар түтігі еркектердікінен 2-3 см қысқа. Зәрағар түтіктің қабырғасы 3 қабаттан тұрады:ортаңғы қос қабатты бұлшық ет, ішкі кілегейлі,сыртқы дәнекер ұлпалы қабаттар.Бұлшық еттің ұзына бойы қабаты қалталанып,әлсін -әлсін жиырылып,зәрді қуыққа айдап отырады.


Қуық зәр уақытша жиналатын қуысты тақ мүше.Ол жамбастың шат қасағасының арт жағында орналасқан.Қуық бос кезде алмұрт пішінді зәрге қатты толғанда жұмыртқа тәрізденіп созылады.Қуықтың сыйымдылығы 750мл.Оның қабырғасы өте созылғыш.Бос кезде гі қалыңдығы 15 мм, толған кезде 2-3 мм-ге дейін жұқарады.


Қуықтың қабаттары
А) кілегейлі қабат

Б) кілегей асты қабаты


В) Бұлшық етті қабат
Г) сірқабаты
Бұлшық еттер 3 қабаттан түзіледі, Ішкі және сыртқы қабаты тік ортаңғысы сақиналы болып орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   152




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет