Үлестірмелі материалдар. кестелер, слайдтар, муляждар, планшеттер.
Бақылау сұрақтары (кері байланысы):
1.Оң және сол бүйректің қандай ағзалармен шектеседі?
2.Бүйрек сегменттерін атаңыз.
3.Нефрон қандай құрылымдық элементтерден құралған, қай бүйректе нефрондарорналасады?
Негізгі әдебиеттер.
Қазақ тілінде: негізгі:
1. Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т.1. Сүйектер туралы ілім. – М.:ГЭОТАРМедиа,2014
2. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 1 - кітап: оқу құралы /. - Алматы : Эверо, 2016. - 292 бет. с.
3. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 2- кітап : оқу құралы . - Алматы : Эверо, 2016. - 248 бет. с.
4. Досаев Т.М. Адам анатомиясы.-Ақ-Нұр, 2013
№62 Тақырып.Несеп шығаратын жолдарының анатомиясы: несепағар, қуық, несеп шығаратын өзек құрылысы, топографиясы.
Мақсаты: Несеп жүйесінің дамуы және бүйректің фиксациялық аппараты, қабықшалары мен шандырларын қарастыру қажет. Бүйректің макро және микроскопиялық құрылысын түсіндіріп, бүйректің құрылымдық-функциональдық бірлігіне (нефрон) тоқталу қажет және бүйректің форникалды аппаратын, бүйрек қойнауының варианттарын беру.
Дәріс жоспары
1.Несеп ағар
2.Несеп қуық
3.Несеп зәр шығару түтігі
Дәріс тезистері
Несепағар,ureter-жұп мүше,бүйрек түбінің тарылған жерінен несепқуыққа дейінгі аралықта орналасқан.Несепағардың ұзындығы 30-35см,ені 4-8мм-дей,несепағар қуысының ені 3-4 мм.Несепағарішастар артында ретроперитонеалдіорналасқан.Несепағар топографиясының орналасуына байланысты 3 бөлікке бөлінеді:іштік,жамбасастау,қабырғаішкі.несепағардың ішкі бөлігі ,parsabdominalis, белдің үлкен бқлшықетініңm.psoasmajor алдыңғы бетінде орналасқан.
Несепағардың іштік бөлігі.Оңнесепағардыңпроксималді бөлігі 12 елі ішектің төмендеген бөлігінің parsdesendensduodeniартында,солнесепағар 12 елі- аш ішек иілімінің, flexuraduodenojejinalis артында орналасқан.Несепағардың алдынан аталық без артериясы мен венасы a. etv.testiculares және париеталдіішастар,peritoneumparietaleорналасқан.Оңнесепағар жамбас астау бөлігінде parspelvina өтер жерінде жіңішке ішек шажырқайының түбірімен, ал сол- сигматәрізді жиек ішек шажырқайымен қилысады.
Несепағардың жамбас астау бөлігі оң ішкі мықын артериясы мен венасының a. et v. Iliacaeinternaeалдынан,сол жалпы мықын артериясы мен венасының алдынан өтеді.Әйелдерденесепағардың жамбас астау бөлігі аналық бездің артынан, жатыр мойынның бүйір жағын орай өтіп,қынаптың алдыңғы қабырғасымен несепқуықтың аралығында орналасады.Ерлерденесепағардың жамбас астау бөлігі шәует шығаратынтүтіктің сыртында орналасып,оны қиып, шәует қуықшасыныңжоғаргы жиегімен кішкене төмен,несепқуыққаашылыды.
Несепағардың қабырғалары 3 қабықтан тұрады.
-ішкі шырышты қабығы, tunicamucosa шырышты бездерге өте бай,бойлық қатпарларды құрайды.
-ортаңғы бұлшықетті қабығы ,tunicamuscularis жоғарғы бөлігі 2 қабаттан-сыртқы бойлық,ішкіцеркулярлық,ал төменгі бөлігінің бұлшықеттік қабығы 3 қабаттан –сыртқы және ішкі бойлық,ортаңғыциркулярлықтан тұрады.
-сыртқы дәнекер тінді,адвентициалдіқабықтан,tunicaadventitia тұрады.
Несепағардың қанмен қамтамасыз етілуі:несепағардың жоғарғы бөлігі бүйрек,аталық без немесе аналық без артерияларынан тармақталатын несепағар тармақтары, арқылы;ортаңғы бөлігі құрсақтың қолқа, жалпы және ішкі мықын артерияларынан тармақталатын несепағартармаұтары, арқылы;төменгі бөлігі ортаңғы және төменгі тік ішек артерияларынан тармақталатын несепағар тармақтары, арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.
Несепағар веналары аталық без немесе аналық без веналары,кейін ішкі мықын веналарына ашылады.
Несепағардың лимфа тамырлары бел және ішкі мықын лимфа түйіндеріне құйылады.
Несепағардың жоғарғы бөлігінің парасимпатикалық невтенуі кезбе нервпен, ал төменгі бөлігі- жамбас астау ішкі нервтерімен жүреді.
Несепағардың 3 тарылуы:
1.бүйрек түбінен несепағардың басталған жерінде.
2.несепағардың іштік бөлігінің жамбас астау бөләгәне өткен жерінде.
3.несепағардың несепқуыққа ашылған жерінде.
.Несеп жібергіш өзек,оның жыныстық ерекшеліктері.Ерлердің несеп жібергіш өзегінің құрылысы,бөлімдері,қызметі.
Несеп жібергіш өзек (urethra) жұмсақ эластикалықтүтік,ұзындығы әйелдерде 3-5см,еркектерде 20-22 см болады.Еркектердің несеп жібергіш өзегі (urethramasculina)қуықтың ішкі тесігінен (ostiumurethraeinternum) басталып және жыныс мүшесі басының түбінде сыртқы тесікпен (ostiumurethraeexternum) аяқталады.Оныңпростаталық (parsprostata),жарғақты (parsmembranacae),және кеуекті (parsspogiosa) бөлімдерін ажыратады.Ұзындығы 1-1,5 см простаталық бөлім қуық мойнынан тік жоғарғықуықастынаөтеді.Қуықасты бөлігінің ұзындығы 3-4 см, қуықасты безінің ішінен өтеді.Оның артқы қабырғасында ұзартылған ұлғаю- несеп шығаратын өзектің қыры (cristaurethralis) бар.Бұл бөлігі ұрық төмпесі немесе төмпешікті (colliculusseminalis)құрайды.Ұзындығы 1,5 см еркек несеп жіберетін өзектің жарғақты бөлігіұшына ұрық безінің буылтығына дейін жетеді.Ол несеп -жаныс көкетіненөтерде несеп жіберу өзегінің сфинктерін жасайтын (m.sphincter)концентрленген буылған бұлшықет тінінен өтеді. Еркек несеп жібергіш өзегінің ең ұзын бөлігі аталық жыныс мүшесінің кеуекті бөлігі.Ұзындығы 15 см,2 кеңкюі болады: аталық жыныс мүше інің буылтығында және оның басында.Еркек несеп жібергіш өзегі өз жолында S-тәрізді иіліп,3-тарылулары кездеседі:
1.еркек несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі аймағында.2.несеп-жыныс көкетінен өткен жерінде.3.еркек несеп шығаратын өзектің сыртқы тесік аймағында.Еркек несеп шығаратын өзектің кеңкю жерлері:1.қуық асты безі бөлігінде.2.жыныс мүшесінің буылтығында.3.соңғы бөлімінде құйрық тәрізді шұңқырда,fossanavicularisurethrae.Әйелнесепжіберуші өзегі еркектікіне қарағанда кеңдеу және 2,5-3,5 см болатын,диаметрі 7-10 мм тік түтікті құрайды.Әйелнесепжіберетін өзегі қасағасимфизі астында орналасып несеп-жыныс көкетінен өтетіндіктен артқы жағынан кішкене қысыңқы болып келеді.Оның артқы қабырғасы қынаптың алдыңғы қабырғасына жалғасқан.Несеп жіберетін өзектің қабырғалары кілегейлі,бұлшықетті дәнекер тін қабықтарынан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |