Үлестірмелі материалдар. кестелер, слайдтар, муляждар, планшеттер.
Бақылау сұрақтары (кері байланысы):
1.Томпақ дененің анатомиясын және топографиясын сипаттаңыз.
2.Гипофиздің анатомиялық құрлысын және топографиялық ерекшеліктерін атаңыз.
3.Гипофиздің үлестеріне морфофункциональдық сипаттама беріңіз
Негізгі әдебиеттер.
Қазақ тілінде: негізгі:
1. Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т.1. Сүйектер туралы ілім. – М.:ГЭОТАРМедиа,2014
2. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 1 - кітап: оқу құралы /. - Алматы : Эверо, 2016. - 292 бет. с.
3. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 2- кітап : оқу құралы . - Алматы : Эверо, 2016. - 248 бет. с.
4. Досаев Т.М. Адам анатомиясы.-Ақ-Нұр, 2013
№69 Тақыры. Қалқанша, қалқанша маңы, орналасуы,құрылысы.
Мақсаты: Оқушыларды организмнің гуморалдықреттелуідің биологиялық процестерімен таныстыруды жалғастыру
Дәріс жоспары
Калқанша без анатомиясы
Қалқанша без ерекшеліктері
Қалқанша маңы безі
Дәріс тезистері
Қалқанша без анатомиясы мен физиологиясы
Қалқанша без (ҚБ) тек ішкі секрециялық қызметке ие, адам ағзасындағы ең үлкен эндокринді без болып табылады. Ересек адамда оның салмағы шамамен 15–20 г. Қалқанша без кеңірдектің алдыңғы беті мен бүйірінде орналасқан екі бөліктен және қылтадан тұрады. Кейде қылтадан қосымша пирамидальдыбөлік бастау алады. ҚБ біріншілік жұтқыншақтың орталық бөлігінің түбінен дамыған төмпешіктен дамиды. Оның негізі құрсақішілік дамудың 15 аптасында басталып, 18–20 аптада тиреоидты гормондарды өндіре бастайды. Қалқанша без эмбриогенезінің бұзылуы нәтижесінде оның орналасуының түрлі ақаулары көрініс беруі мүмкін. Оларға қалқанша-тіл өзегінің кисталары (жылауығы), тілшікті ҚБ, тиреоидты тіннің орталық және бүйірлік қалдықтары жатады.
Қалқанша без екі түрлі жасушалардан тұрады: фолликулярлы және парафолликулярлы жасушалар (С-жасуша). Тироксин (Т4) және үшйодтытиронин (Т3) өндіретін фолликулярлы жасушалар, безде көптеген фолликулаларды құрайды, әрбір фолликулада коллоидпен толтырылған орталық қуыс болады, оның басты құрамы бір қабат куб тәрізді эпителиальды жасушалармен тысталып, қоршалған тиреоглобулин ақуызы болып табылады. Парафолликулярлы жасушалар (С-жасушалар) ақуызды гормон кальцитонинді өндіреді.
Қалқанша без анатомиясы
Т4 және Т3 тирозинаминқышқылынан синтезделеді. Сонымен қатар, Т4 ішкі сақинасының дейиодталуы әсерінен биологиялық белсенді емес реверсивтіүшйодтытиронин (рТ3) түзіледі.
Тиреоидты гормондардың құрылымдық компоненті йод болып табылады. Бұл микроэлемент толығымен ішекте сіңіріліп, одан иондалған түрде қан сарысуына түседі. Йодтың тироцит ішіне енуі қуатқа тәуелді үрдіс және натрийдің натрий-йодидтісимпортерімен (NIS) кері тасымалдануы арқылы іске асады. Жасушаларда йод ионы тотығып, органификацияға ұшырайды да, фолликулярлы жасушалар өндіретін тиреоглобулиндегітирозинаминқышқылының қалған молекулаларымен қосылады.
Осыдан кейін тиреоглобулин өз құрылымын былайша өзгертеді: өзара конденсация реакцияларын жеңілдету үшін тирозильді қалдықтар бір-бірімен жақындасады. Тирозильді қалдықтардың йодталуы мен конденсация реакциясы фолликулярлы жасушалардың микросомальды фракцияларында орналасқан тиреоидты пероксидаза (ТПО) көмегімен іске асырылады.
Кейін құрамында байланысқан йодтиронині бар тиреоглобулинапикальды мембрана арқылы тасымалданып, фолликуланың коллоидты қуысында жиналады да, қайтадан тироциттерге еніп, олардың базальды мембранасына қарай ауысып, қанға йодтирониндер бөледі. Қанға түскен Т4 және Т3 гормондары қан айналымында негізінен ақуыздармен байланысқан күйде болады (тироксинбайланыстырушыглобулин, преальбумин (транстиретин), альбумин). Т4 қандағы жартылай өмір сүру уақыты 7–9 күнге, ал Т3— 2 күнге созылады.
Бос йодтирониндер салыстырмалы түрде жасушалар мембранасы арқылы оңай өтеді. Тиреоидты гормондардың жасушаішілік әсерлері олардың метаболизмге ұшырау үрдістерімен тығыз байланысты (ең алдымен дейодталу механизмдерімен). Олардың ішіндегі ең маңыздысы- Т4-тің аса белсенді Т3-ке конверсиясы (айналуы). Тиреоидты гормондардың рецепторларымен Т3-тің тікелей байланысуына орай, Т4 прогормон, ал Т3 нағыз гормон ретінде қарастырылады. Т3 гормоны ағза жасушаларының басым көпшілігінде орналасқан спецификалық ядролық рецепторлармен байланысып, түрлі гендердің экспрессиясының өзгерісіне әкеледі де, тиреоидты гормондардың физиологиялық әсерлерін көрсетеді, оның ішіндегі ең маңыздысы — негізгі алмасуды реттеу және үстемелеу. Қан айналымындағы Т3-тің 5–10% ғана қалқанша безде синтезделеді, ал оның көп бөлігі перифериялық тіндерде Т4-тің дейодталуы нәтижесінде түзіледі. Т4-тің Т3-ке айналуы (конверсия) тіндік спецификалық қасиетке ие түрлі дейодиназаларменкатализденеді.
Қалқанша без қызметі гипофиз арқылы теріс кері байланыс қағидасы бойынша реттеледі. Гипофиздің тиреотропты гормоны (ТТГ) тиреоидты гормондардың өндірілуін ынталандырады, ал ол өз кезегінде ТТГ синтезін тежейді
Тиреоидты гормондардың әсері жан-жақты. Тиреоидты гормондар жасушаларда негізгі алмасуды үстемелеп қамтамасыз етеді, олардың метаболизмдік белсенділігін, пролиферация және апоптоз үрдістерін реттейді. Тиреоидты гормондардың қалыпты мөлшерде болуы барлық ағза қызметі үшін аса маңызды, сондықтан қалқанша без қызметінің бұзылуы полижүйелік сипатқа ие болады. Тиреоидты гормондар ұрық пен жаңа туылған нәрестенің жүйке және басқа да жүйелерінің қалыптасуында аса маңызды. Осы кезеңде дамитын тироксин тапшылығы түрлі неврологиялық бұзылыстарға әкеледі. Тиреоидты гормондардың әсері дәстүрлі түрде калоригенді сипатта суреттеледі: тиреоидты гормондардың әсерінен тіндердің оттегіге сұранысы мен жылу түзілуі жоғарылап, нәтижесінде негізгі алмасу артады.
Қалқаншамаңы бездері қалқанша бездің артқы бөлігінде орналаскан. жалпы массасы 0,1—0,13 г, мөлшері өте кішкентай, екі жұп. Осы бездердің гормондары қандағы Р ж\е Са тұзды реттейді, ішекте Са сіңуін және кальцийдің бүйректерде кері сінуін қамтамасыз етеді. Бұл гормондар жетіспегенде сүйектердің, тістің өсуі бұзылады, оларда бор тәрізді дақтар пайда болады, қанда Са мөлшері кемиді. Сүйектер сынғыш жене нәзік болады, жүйке жүйесінің қозғыштығы артады, тырыспа (судороги) байқалады.
Қалқаншамаңы безінің гормондары артқанда сүйектегі Са мөлшері ↓. Сүйек майысқыш болады әрі оңай қисаяды. Са қанда, бүйректе, бауырда, мида жинақталады.
Тимусты(айырша без) жасөспірімбезідеп те атайды. Олтөссүйекартындаорналаскан. Балалықшақта без үлкенболады да, жыныстықжетілуденкейінкішірейебастайды. Тимустатимозингормоны түзіледі. Ол гормон өсу про-цестерінеқатысады, организмніңқорғаныштықреакциясын, иммунитеттіқамтамасызетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |