Дәрістік кешен пән: жкп 05 Анатомия және физиология Мамандығы



бет146/152
Дата13.12.2022
өлшемі434,65 Kb.
#162453
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   152
Байланысты:
дәрістік кешен ФАП-1

Үлестірмелі материалдар. кестелер, слайдтар, муляждар, планшеттер.
Бақылау сұрақтары (кері байланысы):
1.Бүйрекүсті безінің милы затында түзіледі?
2. Бүйрекүсті безінің милық заттегін бөледі?
Негізгі әдебиеттер.
Қазақ тілінде: негізгі:
1. Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т.1. Сүйектер туралы ілім. – М.:ГЭОТАРМедиа,2014
2. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 1 - кітап: оқу құралы /. - Алматы : Эверо, 2016. - 292 бет. с.
3. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 2- кітап : оқу құралы . - Алматы : Эверо, 2016. - 248 бет. с.
4. Досаев Т.М. Адам анатомиясы.-Ақ-Нұр, 2013
70 Тақыры.Эндокринопатияларының жалпы этиологиясы мен патогенезі.
Мақсаты: Оқушыларды организмнің гуморалдықреттелуідің биологиялық процестерімен бұзылыстарын таныстыруды жалғастыру
Дәріс жоспары
1)Орталық реттеу тетіктерінің бұзылыстары.
2) БЕЗДЕРДІҢ ӨЗДЕРІНДЕ ОРНАЛАСҚАН ДЕРТТЕР
3) Инфекциялық үрдістер мен уыттардың әсерлері.
Дәріс тезистері
Организмнің тіршілігінде өтетін көптеген құбылыстардың реттелуі нерв және эндокриндік жүйелердің біріккен қызметтерімен қамтамасыз етіледі. Бұл жүйелер өзара бірімен-бірі тығыз байланысты. Сондықтан организмнің біртұтас өзін-өзі реттейтін күрделі жүйеге бірігуі нервтік-эндокриндік реттеулердің нәтижесінде болады.
Эндокриндік бездер қанға, тін аралық сұйыққа, гормон (грек, hormao — эсер туындату) шыгарады. Эндокриндік бездерге гипофиз, қалқанша без, паратиреоидты без, ұйқы безі, бүйрек үсті безі, жыныстық бездер, эпифиз, тимус ж. б. жатады.
Эндокриндік жүйенің бұзылыстары үш патогенездік жолдармен дамуы ықтимал:
1. Орталық реттеу тетіктерінің бұзылыстарынан;
2. Бездердің өздеріндегі орналасқан дерттерден;
3. Гормондардың белсенділігінің безден тыс бұзылыстарынан.
Орталық реттеу тетіктерінің бұзылыстары.
Орталық нерв жүйесі эндокриндік бездердің қызметтеріне реттеуші әсер етеді. Бұл бездердің қызметтерін реттеуге мидың сыртқы қыртысы, алдыңғы таламус, лимбикалық жүйе, гиппокамп, гипоталамусж.б. ми құрылымдары қатысады.
Әртүрлі жандүниелік күйзелістер ж. б. стрестік жағдайлар кездерінде орталық нерв жүйесі қүрылымдарынангипоталамусқа нерв жолдарымен ақпарат бағытталады. Ұзаққа созылған жандүниелік зақымданулардың әсерлерінен тиреотоксикоз (Базед ауруы) немесе қантты диабеттің кейбір түрлері дамуы ықтимал. Бұндай эндокриндік жүйенің бұзылыстарын психогендікэндокринопатиялар деп атайды.
Эндокриндік бездерді реттеудегі гипоталамустыңмаңьізы өте ерекше. Оның шеткі эндокриндік бездерді реттеуінің бұзылуы көптеген себептерден болуы мүмкін. Оларга инфекция, қабыну, қан құйылу, тромбоз, жарақаттану, еспе дамуы, жандүниелік зақымдану ж. б. жатады.
БЕЗДЕРДІҢ ӨЗДЕРІНДЕ ОРНАЛАСҚАН ДЕРТТЕР
Шеткі эндокриндік бездерде көптеген дерттік өзгерістер байқалуы мүмкін. Сол себептен бұл бездерде гормон өндірілуі, оның қанға шығарылуы бұзылады. Эндокриндік бездерде дерттік өзгерістер: микробтардың және олардың уыттарының әсерлерінен, қан тамырларымен дұрыс қанмен қамтамасыз етілмеуінен, қан құйылудан, қабынудан, өспе есуінен, без тіндерінің аутоиммундықбүліністерінен, туа пайда болған гормон түзілуінің бұзылыстарынан, ұзақ артық қызмет атқаруынан артынан бездердің қызметі әлсіреуінен т.с.с. жағдайлардан пайда болады.
Инфекциялық үрдістер мен уыттардың әсерлері.
Көптеген микроорганизмдер және олардың уыттары эндокриндік бездердің бүліністерін туындатады. Мысалы, жұқпалы аурулар ішкі секреция бездері қызметтерінің бұзылуына әкеледі. Менингококтық жұқпа бүйрек үсті бездерінде қан құйылуымен қабаттасуы мүмкін. Күл ауруы көрсетілген бездерде коагуляциялықнекрозға әкеледі. Эпидемиялық паротит еркектерде орхит ауруына душар етеді. Сөз ауруы аталық безді бүліндіруі мүмкін. Туберкулез және мерез бүйрек үсті бездерінің, аталық бездердің, қалқанша серік бездердің қызметін бұзады.
Бүйрек үсті бездері туберкулез таяқшаларымен бүлінуден бұл бездердің созылмалы жеткіліксіздігі немесе қола түстес ауру (Аддисон ауруы) дамиды. Сол сияқты басқа да бездерде туберкулез дамуы мүмкін және олардың қызметтерінің жеткіліксіздігі байқалады.
Бездердегі өспелер.
Эндокриндік бездерде өспе өсуі жиі байқалады. Без өспелерін аденома деп атайды. Кейбір өспелер өздері гормон өндірмейді, тек айналасындағы қалыпты без тіндерін қысып, бездің семіп қалуына әкеледі. Осының әсерінен бездің қызметі томендейді Мысалы, гипофиздің хромофобтыаденомасы. Бұл өспе өте жиі кездеседі. Тропты гормондардың өндірілуі азаюынан қалқанша бездің, бүйрек үсті және жыныс бездерінің қызметтері төмендейді. Сонымен қатар бұл өспе көру нервін және хиазманы қысып, тас қараңғы соқырлыққа әкелуі мүмкін.
Жиі өспе дамуы гормон өндірілуінің көбеюімен қабаттасады да, бездің қызметін үлкейтеді. Мысалы, гипофиздің эозинофилдікаденомасысоматотропиннің қалыптыдан артық өндірілуіне әкеледі. Бұл өсіп келе жатқан балаларда алыптық дамуына, ал эпифизарлық шеміршектердің сүйектенуі аяқталған ересек адамдарда — акромегалияға (грек, akros — сыртқа шығып тұрған мүше, raegalos — алып, үлкен) әкеледі. Соңғы жағдайда дене мүшелерінің бөлшектері (қолдың саусақтары, аяқ табаны, мұрын, жақ, қабақ) тым үлкейіп, жуандайды. Сонымен қатар ішкі ағзалар да үлкейеді.
Гипофиздің базофилдікаденомасындакортикотропин артық өндіріледі. Бұл бүйрек үсті бездерінің гормоны кортизолдың өндірілуін көбейтеді де Иценко-Кушинг ауруын дамытады. Ал, еспе бүйрек үсті бездерінде болса, онда Иценко-Кушинг синдромы пайда болады. Егер өспе бүйрек үсті бездердің торлы қабатында болса, онда адреногениталдық синдром дамиды, өйткені бұл аумақта андрогендік және эстрогендік жыныстық гормондар өндіріледі. Бүл кезде дамитын өзгерістер науқастың жынысымен, жасымен және өндірілетін гормондардың түрлерімен байланысты. Негізінен 2 түрлі адреногениталдық синдром болуы мүмкін: 1) гетеросексуальдық — белгілі жыныста қарама қарсы жыныстың гормондары өндірілуінен және 2) изосексуалдық — осы жыныстың өзіне тән гормондардың тым ерте немесе артық өндірілуінен. Гетеросексуалдықадреногениталдық синдром әйелдерде жиі кездеседі. Бүл жағдайда, өспе биологиялық әсері бойынша еркектердің жыныс гормондарына сәйкес гормондарды (андростендион, андростерон) өндіреді. Осыдан аналық бездің және әйелдердің екінші жыныстық белгілерінің кері дамуы байқалады. Андрогендердің әсерінен әйелдерде еркектердің екінші жыныстық белгілері дамиды (маскулинизация): еркектерге тән сақал, мұрт өсе бастайды (вирилизм), әйелдердің етеккірі тоқтайды.
Без өспелерінен ендірілетін гормондардың аттарына — ома дегён жалғау қосып атайды. Мысалы, соматотропинома, тиреотропинома, кортикотропинома, иисулинома т. с. с.
Кейде өспе бірнеше бездерде бірден есуі мүмкін. Адено-гипофизде, қалқанша серік бездерде, үйқы безінде бір мезгілде дамитын өспе кездесуі мүмкін. Олардың біреуі немесе барлығы гормон өндіруі ықтимал.І Демек, бүл аурудың клиникалық көрінісі өндірілген гормондардың түрлеріне байланысты болады.

Бездердің узақ көтеріңкі қызмет атқаруынан, артынан олардың әлсіреуі.


Бездер үзақ мерзім көтеріңкі қызмет атқаруынан артынан олардың қызметінің әлсіреуіне әкеледі. Мөселен, тағаммен жеңіл қорытылатын көмірсуларын жиі пайдаланудан қанда қанттың деңгейі көтерілуі үйқы безінде инсулиннің өндірілуін арттырады. Бүл жиі қайталанатын, үзаққа созылған болса, артынан үйқы безінің қызметін әлсіретуі мүмкін. Осыдан тәтті тағамдармен, үн өнімдерімен артық қоректенетін адамдарда қантты диабет дамуы ықтимал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   152




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет