Үлестірмелі материалдар. кестелер, слайдтар, муляждар, планшеттер.
Бақылау сұрақтары (кері байланысы):
1,Көз алмасының сыртқы білігін не деп атайды?
2.Кірпікті дене нені білдіреді? Ол қандай элементтерден тұрады?
3.Кірпікті бұлшықеттердің бұлшықет шоғырлары қалай бағытталған?
Негізгі әдебиеттер.
Қазақ тілінде: негізгі:
1. Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т.1. Сүйектер туралы ілім. – М.:ГЭОТАРМедиа,2014
2. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 1 - кітап: оқу құралы /. - Алматы : Эверо, 2016. - 292 бет. с.
3. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 2- кітап : оқу құралы . - Алматы : Эверо, 2016. - 248 бет. с.
4. Досаев Т.М. Адам анатомиясы.-Ақ-Нұр, 2013
№72 Тақыры.Есту мүшесі. Құрылысы. Өткізгіш жолдары мен орталықтары
Мақсаты: Сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақ, тепе-теңдік және дәм сезу ағзаларының ӛткізгіш жолдарының құрылысын, топографиясын білу, студенттерге үйрету.
Дәріс жоспары
1. Естудің маңызы
2. Құлақтың құрылысы және қызметі. Иірім түтіктің ішкі құрылысы
3.Дыбыстың қаттылығы.
Дәріс тезистері
Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолы жатады. Сыртқы есту жолы
иірім жасай орналасқан шеміршекті және сүйектіб өліктерге бөлінеді. Оның
шеміршекті бөлігінде май бездері мен сарғыш түсті секрет – құлық көп
бөлінеді. Ал сыртқы есту жолындағы түктер қорғаныш қызметін атқарады: шаң,
тозаңды, ұсақ жәндіктерді, микробтарды тұтып қалады. Құлақ қалқаны
дыбыс тербелістерін қабылдайды да оны дабыл жарғағына жібереді. Ортаңғы
құлақ бір-бірімен жалғасып жатқан дабыл қуысы, есту түтікшесі мен емізік
тәрізді өсіндіден (өзінің үңгірімен) тұрады. Есту түтікшесі тамақтың,
мұрын-жұтқыншақ бөлігін дабыл қуысымен байланыстырып тұрады, сондықтан
тұмау кезінде инфекция мұрын-жұтқын шақтан сол түтікше арқылы ортаңғы
құлаққа түседі. Ал дабыл қуысы сыртқы есту жолы мен құлақтың ішкі бөлігі
лабиринттің (шытырманның) арасында орналасқан. Ол бұрыс куб тәрізді,
сондықтан алты қабырғасы болады. Дабыл қуысында дыбыс тербелістерін дабыл
жарғағынан лабиринтке жеткізетін балғашық, төсше және үзеңгі деп аталатын
үш кішкене сүйекше бар. Сүйекшелер тіз бегі дыбысты лабиринттің сопақша
терезесіне жібереді. Ортаңғы құлақтың бұлшық еттері дабыл жарғағы мен
дыбыс сүйекшелері тізбегінің қалыпты тонусын сақтау, ішкі құлақты тыс
дыбыстық шамадан тітіркендірулерден қорғау; дыбыс өткізгіш аппараты
толқынындағы дыбыстарға бейімдеу қызметтерін атқарады. Ішкі құлақ –
“лабиринт” деп аталады. Ол шеміршекті және сүйекті бөліктерге бөлінеді.
1.1.Естудің маңызы .
Адам есту мүшесі арқылы айналасындағы дыбысты естиді. Адамның сөз сөйлеп,
өзара қарым –қатынас жасауында есту мүшесінің маңызы зор. Есту мүшесінен
түскен ақпараттар ішкі мүшелердің қызметіне әсерін тигізіп, оларды реттеуге
қатысады. Адамды қауіптен сақтауда бұл ақпараттардың маңызы үлкен. Есту
мүшесін дыбыс қоздырады . дыбыс есту мүшесінің рецепторлары арқылы жүйке
жүйесіне жеткізіледі , айналадағы ортада болып жатқан жағдайларды
хабарлайды
1.2.Есту мүшесінің құрылысы
Құрылысы: есту мүшесі - құлақ. Құлақ 3 бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы.
және ішкі құлақ.
1.Сыртқы. құлаққа құлақ қалқаны, мен сыртқы дыбыс жолыжатады. Құлақ қалқаны
ауадағы дыбыс тербелістерін құлақтың ішіне бағыттайды. Сыртқы дыбыс
жолдарының ішкі шеті жұқа, тығыз, керілген дабыл жарғағымен бітеді. Сыртқы
дыбыс жолдары арқылы дыбыс толқындары дабыл жарғағына, содан соң ортаңғы
құлаққа өтеді. Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады.
2.Ортаңғы. құлақ дабыл жарғағынан кейін басталады, ол самай сүйегінің
ішінде орналасқан. Ортаңғы құлақтың ішінде ауа болады. Ортаңғы құлақ қуысы
есту түтігі арқылы жұтқыншақпенжалғасады. Адам есінегенде, жұтынғанда есту
түтігінің өзегі жұтқыншаққа ашылады, жай уақытта жабық болады. Ортаңғы
құлақтың қуысында бірімен-бірі буын арқылы байланысқан 3 дыбыс сүйекшелері
(балғашық, төс, үзеңгі) орналасқан. Үшеуін косқандағы салмағы шамамен 0,05
г. Сүйекшелердің сырты сілемейлі қабықшамен қапталған. Балғашық, төс,
үзеңгі деген атаулар пішіндері осы заттарға ұқсайтындықтан қойылған.
Балғашық сүйегінің жіңішке шеті дабыл жарғағымен бітісіп кеткен. Жуандау
шеті буын арқылы төс сүйекшесімен, ол үзеңгі сүйекшесімен қозғалмалы
байланысады. Бұл сүйекшелерортаңғықұлақтың қуысы арқылы дыбыс толқынын
өткізеді. Дабыл жарғағының тербелісі алдымен осы үш сүйекке, содан соң ішкі
құлаққа беріледі. Ортаңғы құлақ куысындағы қысым атмосфера қысымымен
бірдей. Қысым кенеттен төмендеп немесе жоғарылап кетсе, құлақ бітеліп
уақытша естімей қалады (әсіресе бұл ұшқанда байқалады). Мұндай жағдайда жиі-
жиі жұтыну керек. Адам жұтынғанда ортаңғы құлақ куысындағы қысым
атмосферадағы ауа қысымымен теңеседі.
3.Ішкі құлақтағы куыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйені
шытырман (лабиринт) деп атайды. Мұндағышытырманның сыртқысы - сүйекті, ал
ішкісі - жарғақты шытырман деп аталады. Шытырмандар - есту мен тепе-теңдік
мүшелері. Сүйекті шытырманның ішінде жарғақты шытырман орналасады. Жарғақты
шытырманның қабырғалары жалпақ эпителийменқапталған жұқа дәнекер тақташадан
(пластинка) түзілген. Жарғақты шытырманның ішінде лимфа сұйықтығы болады.
Оралма тәрізді ширатылған ұлу-дене - есту мүшесі. Бұл ұлудененіңкуысы
сұйықтыққа толы болады. Ұлуденедегі сезімтал жасушалардыбыс
толқынын кабылдап, козуды есту жүйкесіне өткізеді. Қозу есту жүйкесі арқылы
ми қыртысының самай бөлігіндегі есту орталығына жеткізіліп, талданып
жинақталады.
Дыбыс тербелістері есту мүшелері арқылы келетін күрделі құбылыс болып
саналады . есту анализаторы –дыбыс қабылдайтын құлақ , дыбысты өткізуші
дыбыс жүйкесі және орталық ми сыңарлары қыртысының есту аймағыныан тұрады .
есту мүшесі үш бөліктен тұрады : сыртқы ,ортаңғы және ішкі құлақ . Сыртқы
құлақ – құлақ қалқанынан және сыртқы дыбыс жолынан құралған . Құлақ қалқаны
екі жағы терімен қапталған шеміршек болып келеді . оның негізгі атқаратын
қызметі – ауадағы дыбысты қабылдап , дыбыс өткізу жолына бағыттау . құлақ
қалқанын қозғалысқа келтіретін бұлшық еттер нашар дамығандықтан , адам
дыбыс шыққан жаққа қарай басын бұрып ,дыбысты қабылдайды . Сыртқы дыбыс
өткізу жолының ұзындығы 30 мм, ол терімен қапталған түтікше .оның ішінде
ерекше бездер болады. Бұл бездердің әсерінен құлақтың ішінде құлық түзіледі
. Құлық сыртқы дыбыс жолына айналадағы ортадан енетін шан-тозаңдар мен
микробтарды ұстап қалады .
Дыбыс өткізу жолының ішкі түбін сопақша пішінді жұқа дабыл жарғағы қаптап
жатады. Бұл дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады.
Жарғақ серпімді , сондықтан дыбыс толқыны соғылғанда , сол толқынды
бұлжытпай қайталап отырады. Ортаңғы құлақта . ортаңғы құлақ жарғақ қуысынан
тұрады. Жарғақ қуысы дыбыс түтігі арқылы мұрын жұтқыншақпен аңқамен
жалғасады. Бұл анатомиылық жол дабыл жарғағына ортаңғы құлақ қуысынан
келетін ауа қысымы мен атмосфера қысымының бірдей болуын қамтамасыз етеді.
Ортаңғы құлақта бір- бірімен тізбектеле жалғасқан үш дыбыс сүйегі бар .
Олар : үзеңгі, балғашық ,төс сүйектері деп аталады . Балғашық дабыл
жарғағының ортаңғы бөлігіне жалғасқан . Жұқа жарғақшамен керілген екі тесік
бар, олар дөңгелек және сопақша тесіктер деп аталады .Сопақша тесікке
үзеңгі сүйегі тиіп , оны қозғалысқа келтіреді . дабыл жарғағымен байланысты
балғашық төс сүйекке , одан соң үзеңгіге қозғалыс әсерін тигізеді .
Ішкі құлақ қуыстар мен иірімделген өзектер жүйесінен –сүйекті шытырманнан
тұрады .Ол жарғақты шытырманды құндақ тәрізді қаптап жатады . бұл екеуінің
аралығында өте тар қуыс бар . Ол қуыс мөлдір сұйықтық – перилимфамен толы .
Ал жарғақты шытырманның қуысы эндолимфа деп аталатын сұйықтықпен толы.
Достарыңызбен бөлісу: |