Дәрістік кешен пән: жкп 05 Анатомия және физиология Мамандығы



бет150/152
Дата13.12.2022
өлшемі434,65 Kb.
#162453
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   152
Байланысты:
дәрістік кешен ФАП-1

Үлестірмелі материалдар. кестелер, слайдтар, муляждар, планшеттер.
Бақылау сұрақтары (кері байланысы):

  1. Иіс сезу мүшесінің рецепторлары

  2. Тамақ заттары дәм сезу жасушаларының

  3. Заттың пішінін, қаттылығы мен жұмсақтығын, тегістігін, жылы-суықтығын анықтайды

Негізгі әдебиеттер.
Қазақ тілінде: негізгі:
1. Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т.1. Сүйектер туралы ілім. – М.:ГЭОТАРМедиа,2014
2. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 1 - кітап: оқу құралы /. - Алматы : Эверо, 2016. - 292 бет. с.
3. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 2- кітап : оқу құралы . - Алматы : Эверо, 2016. - 248 бет. с.
4. Досаев Т.М. Адам анатомиясы.-Ақ-Нұр, 2013

74 Тақыры.Тері және оның туындылары.


Мақсаты: Тері және оның туынды мүшелерінің құрылысын зерттеу, оның атқаратын қызметтерінмен танысу.
Дәріс жоспары
1. Терінің құрылысы
2.Терінің қабаттары
3.Май, тер бездері
Дәріс тезистері
Тері жабыны, немесе жалпы жабын- мал организімінің сыртқы ортамен тікелей жанасатын сыртқы қабығы. Ол қорғаныш мүшесі -денені механикалық зақымданудан сақтайды, организімнің суды босқа шығындауына және оған ауру тудырушы микробтардың, бөгде заттардың енуіне жол бермейді. Тері сезім мүшесі, ол жүйке ұштарына өте бай. Терінің сезімталдығы оның қорғаныш қызметіне тікелей байланысты. Бұнымен қатар тері ыдырау өнімдерін сыртқа шығару, дене температурасын үнемі бір қалыпта ұстап тұру және аз да болса (1-2%) дем алу қызметтерін атқарады.
Тері –үш қабаттан тұрады. Оның жұқа үстіңгі қабаты эпидермис деп аталады. Ол көп қабатты мүйізделетін жалпақ эпителийден тұрады.
Эпидермистің астында негізгі тері қабаты-дерма жатады. Дерманың өзі емізікше және торлы қабаттардан түзілген.
Емізікше қабат-эпидермистің астында орналасып, одан негіздік мембрана арқылы бөлінген. Бұл қабатты борпылдақ дәнекер және торлы ұлпалар араласа түзеді. Емізікше қабат эпидермисті қоректендіруші қан тамырлары мен жүйке ұштарына өте бай.
Торлы қабат- бір –бірімен торлана байланысқан коллаген және серпімді буда талшықтарынан түзілген дәнекер ұлпасынан тұрады. Дермадамай,тер бездері мен түк түбірлері орналасады.
Терінің астыңғы қабаты-шел деп аталады. Бұл қабатты борпылдақ дәнекер ұлпасы түзеді.
Препараттан- қатпарлы қабатты ағзадан (түксіз тері) кішкене ұлғайтқышпен сыртқы қабықты (эпидермисті) тауып алу керек.
Бұл, жалпақ қабатты мүйізді (сквамозды)эпителий. Одан кейін нағыз терінің (дермис) қос қабатын көру керек. Оның астында болбыр дәнекер және әр жерде май ұлпасының топтары кездеседі. Бұл шел қабаты. Препараттың кішкене бөлігін салып мыналарды белгілеу керек: 1-эпидермис немесе көп қабатты жалпақ мүйізді эпителий, 2-дермис (нағыз тері): а-болбыр дәнекер ұлпадан тұратын бүртікті қабат, б-қалыптаспаған тығыз дәнекер ұлпадан түзілген торлы қабат; 3-болбыр дәнекер және май ұлпаларынан тұратын шел қабаты.
Препараттан- қылшық жүнді қойдың терісін микроскоппен зертеп оның суретін салып, мыналарды белгілеу керек: 1-эпидермис, 2-нағыз терінің бүртікті қабаты, 3-нағыз терінің торлы қабаты, 4- қылқанды шаш: а-шаш ұясы, б-шаш өзегі, в-шаш тамыры, г-милық зат, д-қыртысты зат, в-кутикула, ж-шаш буылтығы, з-шаш бүртігі; 5-шаш фолликуласының қабырғасы: и-тамыр қынабы, й-шыны тәрізді қабық, к-шаш қалтасы; май безінің ацинусы; л-себоциттер, камбинальды жасушалар; 6- апокринді тері безі, 7-мерокринді тері безі.

Тері бездеріне май, тер және сүт бездері жатады.


Май бездері-құрылысы жағынан қарапайым көпіршікті бездерге жатады. Без өзегі түк түбірінде ашылады. Май бездері дерманың емізікше қабатында түк түбірлеріне жақын орналасады.
Тер бездері- құрылысы жағынан қарапайым түтікше бездерге жатады. Без өзекшесі түк түбіріне немесе терінің сыртқы бетіне тікелей ашылады. Тер арқылы артық су, ыдырау өнімдері-мочевина,зәр қышқылдары, керексіз тұздар, әртүрлі дәрі-дәрмектер сыртқа шығарылады.
Сүт бездері (желін)- тері туындылары мүшелеріне жатады. Малдың түріне қарай желін әр түрлі дамиды. Сиырда төр бөлімді төрт емшекті, биеде екі бөлімді екі емшекті, ал шошқада бірнеше жұп емшекті желіндер ретінде жетіледі.
Желін сыртынан тері, оның астында екі қабат беткейлік және тереңдік шандырлармен қапталған. Бұлардан кейін оны тікелей тығыз дәнекер ұлпа қабаты астарлайды. Осы қабаттан без ішіне дәнекер ұлпалық аралықтар таралып, сүт безін көптеген бөлімшелерге бөледі. Бұл бөлімшелер борпылдақ дәнекер ұлпасы аралығымен байланысқан сүт көпіршіктері альвеолдардан тұрады. Альвеолдар қабырғасын текше тәрізді эпителий жасушалары құрайды Сүт осы эпителий жасушаларынан түзіледі. Альвеола қуысы сүтке толған соң, оның сыртындағы мизотелий жасушалары жиырылып, сүтті түтікшелерге айдайды. Түтікшелер бір-бірімен қосылып, сүт өзекшелерін құрайды, олар өз кезегінде сүт цистернасына ашылады. Сүт цистернада жиналып, емшек үрпі арқылы сыртқа шығады. Сүт цистернасы ішкіжағынан екі қабат призма тәрізді эпителиймен астарланған.
Тұяқта теріден дамыған мүше. Тұяқ төрт бөлімнен тұрады.
1. Тұяқ төбесі- терінің тұяққа бітер жері, ені 0,5 см аралық. Тұяқ төбесі де тері сияқты үш қабаттан тұрады.
2.Тұяқ жұлығы, тұяқ төбесінен төменірек орналасады. Ені 1,5 см. Тұяқ жұлығы да эпидермистен, дермадан және шелден тұрады. Эпидермистен негізгі қабатын құрайтын түтікше мүйізді қабаты өседі.
3.Тұяқ қабырғасы- эпидермистен және дермадан түзілген. Шел болмайды. Тұяқ қабырғасы эпидермисінен тұяқтың ішкі жапырақша қабаты өседі.
4.Тұяқ ұлтаны –эпидермис және дермадан құралған. Үлтан эпидермисінен, тұяқтың ұлтанын құрайтын түтікшелі мүйізді қабат өседі.
Мүйіз.Ірі қара мал және ұсақ малдар мүйіздері маңдай сүйектің мүйізді өсіндісін қаптап жатқан тері эпидермисінен дамиды. Мүйіз терісі эпидермис пен дермадан тұрады.
Терінің қызметі әралуан. Организімді тіршілік ортасының зияныды әсерінен қорғаумен қатар ол зат алмасуға активті қатысады . Теріден тері арқылы тыныс алу және осмостық реттеуге өте қажеттісу , аммиак , кейбір тұздар , көмір қышқылы , оттегі өтеді. Бұлардан басқа балықтерісіне әртүрлі сипаттағы сезгіш клеткалар тән ( қ. « Сезгіш оргндар »). Балық терісі екі қабаттан тұрады :сыртқысы – эктодтермадан пайда болған эпидермис және ішкі негізгі тері –мезодермадан пайда болған дерма (кутис, кориум). Бұл қабаттардың шекарасы базальді мембрана. Негізгі тері (дерма) үш қабаттан тұрады: 1) сыртқы қабаты шекаралық пластинка- дәнекертканьді клеткалар болмайды, 2) сыртқы борпылдақ немесе субэпидермальді қабат, 3) тығыз дәнекертканьді ішкі қабат. Терінің астында май клеткалары бар дәнекертканьдітеріасты-субкутанеальді қабат болады. Дөңгелекауыздылар мен балықтардың эпидермисі жұмсақ, әрі 2-15 қатарлы эпителиальдік клеткалардан тұратын жұқа. Сыртқы қатардағы клеткалар жалпақ, шамалап мүйізденген, теріден шырыштың бөлінуіне кедергі келтірмей тұрақты бөлініп отырады. Миногалардың терісі жалаңаш, жұқа кутикуламен жабылған, қабыршағы болмайды. Эпидермисте шырыш бөлетін көптеген клеткалар болады. Яғни, бір клетка бір бездің қызметін атқарады.Миксиналарда, миногаларға қарағанда, бүйір сызығының бойында орналасқан шырышты көп бөлетін көпклеткалы бездер болады. Балықтардың терісінің құрылысы оның тіршілігіне байланысты. Әдетте балықтардың терісі жүзу жылдамдығына қарай қалыңдайды және әрбір қабатының даму деңгейі мен өзгереді. Балықтардың (дөңгелекауыздағылардай) эпидермисінің ішкі өсетін қабаты бір қатар орналасқан цилиндрлі клеткалардан тұрады, ал сыртқы қабаты- бірнеше қатарлы жалпақ клеткалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   152




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет