Дәрістік кешен пән: жкп 05 Анатомия және физиология Мамандығы



бет46/152
Дата13.12.2022
өлшемі434,65 Kb.
#162453
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   152
Байланысты:
дәрістік кешен ФАП-1
шешім 12.04.-19.04, Басқару стилінің қызметкерлердің қызмет жағдайларымен қанағаттануына әсері, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, тірек конспект мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу , Ағылшын тілі (2), нау3 лек, 8-наурыз Құттықтау, 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар (1), 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар, Документ Microsoft Word (6), ЕРИТИНДИЛЕР ТЕОРИЯСЫ-УМКД (1), 6В05101 биохим 2021, кәсіби
Дәріс тезистері.
Қолдың бұлшық еттерін орналасуына қарай иық белдеуінің және қолдың еркін қозғалатын сүйектерінің бұлшық еттері деп екі топқа бөледі.
Иық белдеуінің бұлшық еттері қолды тұлға мен жауырын арқылы жалғастырып тұрады. Ал жауырын мен бұғана денеге арқа еттері арқылы бекіп жатады. Иық белдеуінің еттеріне жауырынды айнала жатқан дельта тәрізді, жалүсті, жаласты, кіші жұмыр, үлкен жұмыр, жауырынасты еттері жатады.
1. Дельта тәрізді бұлшық ет (дельтовиднаямышца) - өз дамуының ерекшелігіне байланысты иық буынын қаптай орналасып, иыққа пішінін беріп тұрады. Ол бұғананың сырт жақ бөлігінен жауырынның иық өсіндісі мен жалынан басталып, тоқпан жіліктің сырт жағындағы дельта бұдырына бекиді. Бұл ет жиырылғанда қолды горизонтальды күйге келтіреді, ал тек алдыңғы бөлігі ғана жиырылғанда қолды иық буынынан алға, артқы бөлігі жиырылғанда артқа қарай қозғайды.
2. Жауырының жалүсті еті (надостнаямышцалопатки) – жауырының жалүсті ойысында жатып тоқпан жіліктің үлкен буындарына барып бекиді. Бұл ет жиырылғанда дельта тәрізді етке ұқсап қимыл жасайды, яғни қолды сырт жағына қарай горизонтальды күйге келтіреді.
3. Жауырынның жаласты еті (подостнаямышцалопатки)- жауырынның жаласты ойысынан басталып тоқпан жіліктің үлкен бұдырына екиді. Бұл ет жиырылған кезде қолды иық буынынан сыртқа қарай айналдырады.
4. Кіші жұмыр ет (малаякруглаямышца) - жауырын еттерінің төменгі жағында жатады. Ол жауырынның сырт жақ қырынан басталып тоқпан жіліктің үлкен бұдырына бекиді, жиырылған кезде қолды сыртқа қарай айналдырады.
5. Үлкен жұмыр ет (большаякруглаямышца) - жауырынның бұрышынан басталып, қолтық астынан алға өтіп, тоқпан жіліктің кіші бұдырына бекиді, жиырылған кезде қолды иық буынынан ішке қарай айналдырады.
6. Жауырынасты еті (подлопаточнаямышца)- жауырынның астыңғы ойысында орналасып, бұл да тоқпан жіліктің кіші бұдырына бекиді. Бұл ет жиырылғанда үлкен жұмыр етпен бірге қолды иық буынынан ішке қарай айналдырады. Иық белдеуінің бұлшық еттері шандыр қапшықтармен қаптала жатады.
Қолдың еркін қозғалатын сүйектерінің бұлшық еттерін жатқан жағдайына қарай тоқпан жілік, білек, қол басының еттері деп бөлеміз.
Тоқпан жілік бұлшық еттері орналасуына қарай алдыңғы, артқы топқа бөлінеді. Тоқпан жіліктің алдыңғы бұлшық еттері жиырылғанда қолды иық және шынтақ буынынан бүгеді, ал артқы еттері жиырылғанда сол буындардан жазады.
Қардың алдыңғы бұлшық еттеріне құстұмсық-тоқпан жілік еті, екібасты ет және тоқпан жілік еті, ал артқы тобына үшбасты ет пен шынтақ еті жатады.
1. Құстұмсық тоқпан жілік еті (ключево-плечеваямышца) – жауырынның құс тұмсық өсіндісінен басталып, тоқпан жіліктің орта жеріне тіркеледі. Бұл ет жиырылған кезде қолды иық буынынан алға көтереді.
2. Иықтың екібасты еті (двухглаваямышца) - қысқа басымен жауырынның құстұмсық өсіндісінен, ал ұзын басы жауырынның буынүсті бұдырынан басталып, буын қапшығының ішімен төмен түсіп, екі басы бір-бірімен қосылады да, шынтақ буынының алдынан өтіп шыбық сүйектің төмпешігінен бекиді. Екібасты бұлшық ет жиырылған кезде қолды иық және шынтақ буынынан бүгіп, ішке қарай айналдырады.
3. Тоқпан жілік еті (плечеваямышца) - тоқпан жіліктің алдыңғы бетінен басталып шынтақ сүйектің буындарына бекиді. Жиырылған кезде білекті шынтақ буынынан бүгеді. Тоқпан жіліктің артқы жағында жатқан еттерге үшбасты және шынтақ еті жатады
4. Иықтың үшбасты еті (терхглаваямышцаплеча) - тоқпан жіліктің сыртынан үшбасты болып басталады. Ұзын басы жауырынның буынасты денесінен, ішкі және сыртқы бастары тоқпан жіліктің арт жағынан басталып, үшеуі өзара қосылып, шынтақ буынынан аттап сіңірмен шынтақ сүйектің шынтақ өсіндісіне бекиді. Бұл ет жиырылғанда қолды, иық және шынтақ буынынан жазады.
5. Шынтақ еті (локтеваямышца) - білек шандырымен қапталған үшбасты кішкене ет. Үшбасты бұлшық етпен бірге қолды шынтақ буынынан жазады.
Тоқпан жіліктің ет шандырлары жіліктің ішкі және сырт жағынан сол сүйекке бекіп, перде түзеді. Бұл перделер бүгуші еттер тобын жазушы еттер тобынан бөліп тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   152




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет