Қол басының бұлшық еттері.Қол басының бұлшық еттері саусақтарды қимылға келтіретін майда бұлшық еттерден түзілген. Бұлшық еттердің көпшілігі сіңірлермен қапталған. Олардың көбі басбармақ дөңесін түзіп жатады. Олар: басбармақтың қысқа бүгуші, қысқа жазушы, қысқа тартушы және қарама-қарсы қоюшы бұлшық еттерінен тұрады. Бұл аталған еттербасбармақтың жеке аппараты болып есептеледі.
Үлестірмелі материалдар.кестелер,ағза муляждары, тесттер, кеспе қағаздар
Бақылау сұрақтары (кері байланыс).
1. Иық белдеуі және иық бұлшықеттерінің құрылысы және қызметі
2. Білек бұлшықеттерінің құрылысы және қызметі
3. Қолұшы бұлшықеттерінің құрылысы және қызметі
4. Қол шандырлары
5. Қол шұқыршақтары, жүлгелері, өзектері, олардың тағайындылығы
6. Жамбас белдеуі және сан бұлшықеттерінің құрылысы және қызметі
Негізгі әдебиеттер.
1.Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 1 - кітап: оқу құралы /. - Алматы : Эверо, 2016. - 292 бет. с.
2.Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 2- кітап :оқуқұралы . - Алматы :Эверо, 2016. - 248 бет. с.
3.Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т. 1. Сүйектертуралыілім. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014
4.Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т. 2. Ас қорытужүйесі. Тынысалужүйесі. Несеп-жынысжүйесі. Эндокриндікбездер. Тамырлартуралыілім. Лимфа жүйесі- М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014.
Қосымша әдебиеттер.
1.Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т. 3. Жүйкежүйесі. Сезіммүшелері: оқулық / А. Р. Рақышев. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014. - 376 бет
2.Рақышев, А. Р. Адам анатомиясы. 1-кітап оқулық / А. Р. Рақышев. - 2-бас., түзет. жәнетолықт. ; ҚР Жоғарыоқуорындарыныңқауымдастығы. - Алматы :Дәуiр, 2009. - 420 бет.
№1 Тақырып.Аяқ бұлшықеттері орналасуы, қызметтері. Жамбас бұлшықеттері орналасуы, қызметтері
Мақсаты.
Аяқ бұлшық еттерінің орналасу траекториясын ажырата білуге үйрету. Аяқ еттерінің құрылысын зерттеу және атқаратын қызметтерімен танысу
Дәріс жоспары
1. Санның жалпақ шандыры, топогрфиясы.
2. Сирақ шандыры, топографиясы
3. Аяқ ұшының сыртқы шандыры, топографиясы
Достарыңызбен бөлісу: |