Гиалиноз(грекше hyalos — мөлдір, шыны тәріздес) тіндерде біртекті, күңгірт, гиалин шеміршегіне ұқсас, қатты заттардың пайда болуымен сипатталады. Гиалиноз дәнекер тінде, ағзалар стромасында және қан тамырлары қабырғаларында көрінеді. Гиалинозқан тамырларының өткізгіштігі өте артып кеткенде, олардың қабырғасындағы талшықтық құрылымдар, өзгергенде, фибриноидтықісінуден соң склероз және некроз нәтижесінде пайда болады.
Гиалинніңхимиялық құрамына байланысты 1) жай гиалин, 2) липогиалин, 3) күрделі гиалин түрлерін ажыратады.
Жай гиалиннегізінен қан плазмасынан құралған, оның пайда болуы, қан тамырлары кемерінің өткізгіштігінің күшеюімен байланысты
Липогиалинқантты диабет ауруында кездеседі, оның құрамы негізінен липопротеидтерден тұрады.
Күрделі гиалинніңтуындауы қан тамырларына иммундық кешендердің шөгіп қалуына байланысты. Бұл гиалиннің құрамында фибрин және деструкцияға ұшыраған қан тамырларының элементтері көрінеді.
Гиалиноздың жергілікті және жалпы түрлері бар,
Жергілікті гиалинозкаллоидтытыртықтарда, сірлі қуыстардың фиброзында, тромбтарда, ісіктердің стромасындакездеседі.
Жалпы гиалинозгипертония ауруында, ревматизмдік ауруларда көптеген ағзалардың қан тамырларында және стромасында көрінеді.
Амилоидоз деп зат алмасуының өте ауыр түрде бұзылуы нәтижесінде ағзалардың аралық тінінде құрамы өте күрделі, қалыпты жағдайда кездеспейтін, аномалды белоктық заттың түзілуін айтады. Микроскоппен қарағанда аралық тінде біртекті, гиалингеұқсас зат көрінеді. Бірақ йодтың люголь ерітіндісімен амилоид қоңыр-қызыл түске, басқа тіндер және гиалин сары түске боялады;
Амилоидоздың даму себептеріне қарап:
біріншілік (идиопатиялық),
тұрмыста арттырылған (екіншілік),
тұқым қуалау жолымен (генетикалық) дамитын,
кәрілік түрлерін ажыратады.
Үлестірмелі материалдар.кестелер,ағза муляждары, тесттер, кеспе қағаздар
Достарыңызбен бөлісу: |