Ауыз қуысындағы ас қорыту, оның маңызы.Жеген тамақ ауыз қуысынан бастап қорытылады, мұнда тамақтың дәмі, температурасы, басқа да қасиеттері анықталады. Сұйық тамақ бірден жұтылады, ал қою тамақ шайналып ұсақ талады, сілекеймен араласып ас қоймалжыңына айналады. Асты шайнау ас қорытудың алғашқы кезеңі. Астың әрі қарай қорытылуы оның шайналу дәрежесіне сай болады. Егер ас жеткіліксіз шайналса, онның құрамындағы қоректік заттар толық қорытылмайды, сіңуі де нашар болады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, шала шайналған астың 35-40% қорытылып үлгермей, организмнен сыртқа айдалады. Сондықтан тамақты мұқият ұзақ шайнайтын адамдарға азғантай тамақ жеткілікті болады да, шала шайнайтын кісіге ондай мөлшер жеткіліксіз болады. Тамақты шайнап, ұсату – ауыз қуысының негізгі қызметі. Шайнауға қозғалмалы орналасқан төменгі жақ сүйегі мен қозғалмайтын үстіңгі жақ сүйегінде орналасқан тістер, тіл және үрт қатысады.
Тістер тамақты шайнап ұсақтайды, тіл шайналған асты қозғалтып, сілекеймен араластырады да, жұтқыншаққа қарай жылжытады.
Нәрестеде тіс болмайды. 4-6 айда баланың алғашқы уақытша, яғни сүт тістері шыға бастайды да, 3 жаста 20 сүт тісі түгел шығады. Сүт тістер ұсақ және борпылдақ келеді. 5 жастан аса баланың сүт тістері біртіндеп түсіп, орнына тұрақты тістері шыға бастайды. Тұрақты лары 32 тіс, 28 тіс 15-16 жаста, ең соңғы 4 ақыл тісі 20-25 жаста шығады, кей адамдарда одан да кеш шығуы мүмкін.
Үлестірмелі материалдар.кестелер,ағза муляждары, тесттер, кеспе қағаздар
Бақылау сұрақтары (кері байланыс).
Ас қорытудың маңызы адам ағзасына пайдасы
Ас қорыту жүйесі және оның жастық ерекшеліктерін түсіндіріңіз
Ауыз қуысындағы ас қорыту, оның маңызы айтып беріңіз
Негізгі әдебиеттер.
1.Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 1 - кітап: оқу құралы /. - Алматы : Эверо, 2016. - 292 бет. с.
2.Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 2- кітап :оқуқұралы . - Алматы :Эверо, 2016. - 248 бет. с.
3.Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т. 1. Сүйектертуралыілім. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014
4.Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т. 2. Ас қорытужүйесі. Тынысалужүйесі. Несеп-жынысжүйесі. Эндокриндікбездер. Тамырлартуралыілім. Лимфа жүйесі- М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014.
Достарыңызбен бөлісу: |