Дәрістік кешен тақырып экономика негіздері пәні мен әдістері. Мақсаты


ТАҚЫРЫП 9. КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАРЫ



бет24/61
Дата03.02.2023
өлшемі474,58 Kb.
#167318
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   61
Байланысты:
дәрістер

ТАҚЫРЫП 9. КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАРЫ.


МАҚСАТЫ: фирма шығындарының және табыстарының түрлерін қарастыру, пайданың түрлерін атау, өндіріс шығындарын азайту және пайданы арттыру ережелерін түсіндіру.

Талқылау сұрақтары:


    1. Өндіріс шығындарының теориясы. Трансакциондық шығындар

    2. Шығындардың түрлері. Фирманың шығындарын барынша азайту мәселесі

    3. Фирманың табыстары және оның түрлері

Негізгі ұғымдар: шығындар, айқын шығындар, айқын емес шығындар, тұрақты шығындар, өзгермелі шығындар, жалпы шығындар, орташа шығындар, шекті шығындар, трансакциондық шығындар, табыс, жалпы табыс, орташа табыс, шекті табыс, пайда, экономикалық пайда, бухгалтерлік пайда, қалыпты пайда, т.б.



  1. Шығындар және өндіріс шығындары ұғымы экономикалық теория ұғымдарының ішінде ерекше, аса маңызды рөлді атқарады, өйткені олар бәсекелестік ортада фирма қызметінің тағдырына, оның көлеміне, болашақ дамуына, және соңында табысы мен пайда мөлшеріне тікелей әсер етеді.

Шығындар, ең алдымен өндіріс шығындары туралы теориялық көзқарастар классикалық саяси экономияның негізгі өкілдері А. Смит пен Д. Рикардоның зерттеулерінде кездеседі. Смит абсолютті шығындар тұжырымдамасын, Рикардо салыстырмалы шығындар тұжырымдамасын енгізген. Олар өндіріс шығындарын өнімнің жеке бірлігін жасауға кеткен қоғамдық қажетті еңбектің орташа шамасымен байланыстырады.
Марксизм теориясы өндіріс шығындарын кеңінен зерттеді. Бұл теорияның басты өкілі К. Маркс өзінің «Капитал» атты еңбегінде өндіріс шығындарын жан-жақты талдады. Ол тауардың жасалуын және оған жұмсалған шығындарды өндіріс құрал-жабдықтарымен және жұмыс күшімен байланыстырды. Тауардың құнын құрайтын еңбек шығындарын нақты шығындар деп атайды.
Маржинализм теориясы өндіріс шығындарын тауардың ерекше қасиеті болып табылатын пайдалылық ұғымы тұрғысынан зерттейді. Пайдалылық, соның ішінде, тауардың жалпы пайдалылығы және шекті пайдалылығы психологиялық құбылыс ретінде өндіріс факторлары үшін фирмалар төлейтін соңғы соманың шамасы болып табылады. Маржиналистер экономикалық ғылымға шекті шығындар тұжырымдамасын енгізген, ол туралы біз әлі айтатын боламыз.
Институционализм бағытының өкілдері шығындар теориясын әріқарай дамыта түсті. Олар өндіріс шығындарынан басқа жеке шығындардың, қоғамдық шығындардың, абсолюттік шығындардың, қаржылық шығындардың, сонымен қатар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді шығындардың бар екендігін бөліп көрсетті.
Неоклассикалық теория өндіріс факторларына жұмсалатын шығындарды өнім көлеміне тәуелді өзгермелі шығындар және өнім көлеміне тәуелді емес тұрақты шығындар деп ажыратады. Сондай- ақ, өзгермелі шығындардың да, тұрақты шығындардың түрлерін анықтайды.
Соңғы уақыттарда неоинституционализм бағытының басты өкілі Р. Коуз енгізген трансакциондық шығындар теориясы аса маңызды сұрақтардың бірі болып табылады. Трансакциондық шығындарды көбінесе айналым шығындарымен байланыстырады. К. Эрроудың ойынша, экономикадағы трансакциондық шығындардың орын алу заңдылығы физикадағы үйкеліс заңымен ұқсас дейді, олай болса, экономиканы бұл шығындарсыз елестету қиын. Қазіргі уақытта, фирманың нарықтағы негізгі қызметі болып осы трансакциондық шығындарды үнемдеу табылады. Яғни солар арқылы фирманың мүшелері қандай да бір ақпарат алуға жұмсайтын шығындарын төмендете алады. Дуглас Норт трансакциондық шығындардың негізгі түрлерін бөліп көрсетті:

      1. Нарық туралы ақпарат іздеумен және сол нарықтағы тауарлар мен қызметтер қозғалысының қалыптасу шарттарымен байланысты шығындар;

      2. Келісім-шарттар жасаумен және келіссөздер жүргізумен байланысты шығындар;

      3. Тауардың сапасын анықтауға, стандарттар жүйесін жасауға, фирманың маркалық белгісін қорғауға жұмсалатын шығындар

      4. Заң жүйесінің көмегімен меншік құқығын және оның тәртібін қорғауға жұмсалған шығындар;

      5. Нарықта ойланбай жасалған (оппортунистік мінез-құлық) әрекеттерден болған шығындар.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет