Тұрақты шығындар– өнім көлеміне әсер етпейтін тәуелсіз шығындар. Бұл шығындар өнім өндірудің алдында және өнім өндірісі тоқтағанда орын алады. Тұрақты шығындардың құрамына ғимараттарды, құрылыстарды және құрал-жабдықтарды пайдалану шығындары, әкімшіліктік-басқарушылық шығындар, арендалық төлемдер, несиелік төлемдер жатады.
Өзгермелішығындар – өнім көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеріп отыратын тәуелді шығындар. Фирма өнім өндірмегенде немесе оны тоқтатқанда мұндай шығындар орын алмайды. Өзгермелі шығындарға шикізаттарға, отын-материалдарға және жалдамалы жұмысшыларға еңбекақы төлеуге кеткен шығындар жатқызылады.
Жалпышығындар – өндірістің тұрақты және өзгермелі шығындарының қосындысы. Фирма үшін бұл шығындар өнімнің белгілі бір көлемін өндірудің ең минималды ақшалай шығындары болып табылады. Өндірілетін өнімнің саны артқан сайын жиынтық жалпы шығындар өседі.
Аталған шығындардың анықталуы мен графиктері төменде көрсетілген.
ТС = FC + VC
Мұнда, ТС (total costs) – жалпы шығындар; FC (fixed costs) – тұрақты шығындар;
VC (veriable costs) – өзгермелі шығындар; Q (quant) – өнім көлемі.
8.1-сурет. Өндіріс шығындары
Суреттен көріп отырғанымыздай, тұрақты шығындар абсцисса осіне параллель болып келеді, себебі олар өнім көлеміне байланысты болмайды. Ал өзгермелі шығындардың ауытқымасы жалпы шығындардың сипатын қайталап отырады, өйткені бұлар өнім көлемі артқанда немесе төмендегенде әртүрлі бағытта өзгеріп отырады.
Фирманың өндіріс шығындары сапында орташа шығындар мен шекті шығындардың да орын алуы аса маңызды болып табылады. Фирма шешім қабылдау кезінде бұларды міндетті түрде ескереді.
Орташашығындар – бұл өнімнің бір бірлігін өндіруге жұмсалған жалпы шығындар. Орташа шығындар жалпы шығындардың өнім көлеміне қатынасы ретінде анықталады:
АС (average costs) = ТС/Q. Орташа шығындар үшке бөлінеді: