Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс берілген:
А) Экономикалық шығындар бухгалтерлік шығындардан үнемі кіші болып келеді
В) Бухгалтерлік шығындарға айқын емес шығындар жатады
С) Өзгермелі шығындар нөлдік өндіріс көлемі кезінде пайда болады
D) Орташа табыс жалпы табыстың өнім көлеміне қосындысы ретінде анықталады
Е) Тұрақты шығындар нөлдік өндіріс көлемі кезінде де орын алады
ТАҚЫРЫП 10. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
МАҚСАТЫ: экономикадағы зерттелетін негізгі мәселелерді макроэкономикалық талдау тұрғысынан зерттей келе, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге жалпы шолу жасау және ұлттық экономикадағы табыстар мен шығындардың шеңберлі айналым үлгісін қарастыру.
ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН СҰРАҚТАР:
Макроэкономика- экономиканың күрделі бөлімі
2. Макроэкономикалық көрсеткіштер
3. Ұдайы өндірістің мәні, типтері
НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР: макроэкономика, макроэкономикалық талдау, агрегаттау, макроэкономикалық саясат, ұлттық шоттар жүйесі, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, жеке табыс, қолда бар табыс, бағалар индексі, тұтыну қоржыны, атаулы жалпы ішкі өнім, нақты жалпы ішкі өнім, т.б.
Макроэкономика дегеніміз- ұлттық өндіріс көлеміндегі күрделі мәселелерді зерттейтін экономиканың күрделі бөлімі. Макроэкономика баға мен жалпы жұмыссыздықтың деңгейін, жалпы тұтыну мен инвестицияларды, жиынтық сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысын және ұлттық экономика жағдайының өзгеру заңдылықтарын қарастырады.
Макроэкономика ілімі ХХ ғасырдың 30-шы жылдары өз алдына экономика ілімінен бөлініп шықты. Бұл бөлімнің Дж. Мейнард Кейнс қалады. Ол 1936 жылы “Жұмысқа тарту, процент және ақшаның жалпы теориясы” деген еңбегін жазады. Өз еңбегінде ол тұтыну мен өндіріс көлемі, инвестицияның өсуі мен кемуі арасындағы байланысты, мемлекеттің экономикаға араласуын қарастырады. Кейнс мектебінің экономистері ақша-несие саясатын қолдану арқылы ақша ұсынысына бақылау жүргізуге болатынын дәлелдеді.
Макроэкономикалық көзқарас бойынша ұлттық шаруашылық 4 экономикалық субьектіні қарастырады:
1) үй шаруашылығы секторы;
2) кәсіпкерлік сектор;
3) мемлекеттік сектор;
4) шекарадан тыс шетелдік сектор.
Үй шарушылығы дегеніміз - өз қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталған елдің ішіндегі шаруашылық ұяшықтары. Оның экономикалық белсенділігі өндіріс факторларын ұынғанда көрінеді.
Кәсіпкерлік сектор дегеніміз - елдің ішінде тіркелген барлық фирмалардың жиынтығы. Оның эконмикалық белсенділігі өндіріс факторларына сұраныс тудырғанда, игіліктерді ұсыну және инвестициялауға байланысты.
Мемлекеттік сектор дегеніміз - барлық мемлекеттік институттар мен бөлімшелердің жиынтығы. Оның экономикалық белсенділігі сатып алу, салық салу және ақшаны ұсынудан көрінеді.
Шетелдік сектор дегеніміз - еддің шекарасынан тыс жерде тұрақты орналасқан экономикалық агент, сонымен қатар шетелдік мемлекеттік институттар. Оның экономикалық белсенділігі өзара тауар, қызмет, капитал және валюта айырбасынан көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |