*Дерматоздар кезіндегі ауыз қуысы кілегей қабығының зақымдануы. (қызыл жалпақ теміреткі, қызыл жегі) Күлбіреуікше. Клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емдеу шаралары*1*26*1


*Тілдің аурулары мен ауытқулары. Глоссалгия. Жіктелуі, диагностикасы, салыстырмалы диагносткасы, емдеуі. Дәрігер-стоматологтың іс-әрекеті*2*16*2*



бет5/12
Дата24.10.2023
өлшемі174,74 Kb.
#188012
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
СОПР сессия

*Тілдің аурулары мен ауытқулары. Глоссалгия. Жіктелуі, диагностикасы, салыстырмалы диагносткасы, емдеуі. Дәрігер-стоматологтың іс-әрекеті*2*16*2*
#593
*!32 жастағы ер адам ауыз қуысын сауықтыру мақсатымен келген, шағымы жоқ. Қарап тексергенде: тілі жұмсақ, аздап ұлғайған, тілдің үстіңгі және бүйір бетінде терең сайлар бар. Қатпарлардың түбі және бүйір беттері жіп тәрізді бүртіктермен жабылған. және ұзын қатпар көбіне тілдің ортасында ұзынан созыла орналасады, ал қалғандары осы қатпардан жан-жаққа тарала орын алады.
Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес ?

*+Қатпарлы тіл


*Ромб тәрізді тіл
*Тілдің түлей қабынуы
*Глоссалгия
*Қара түкті тіл

#594
*!29 жасар әйел ащы, тұзды тағам қабылдағанда күшейетін қышу, ауыру ауыру сезіміне шағымданады. Тілінің түрі өзгеше. Тіліндегі дақтар тілдің әр жерінде пайда болған. Бірнеше ай бойы мазалайды. Қарап тексергенде: тілдің жіп тәрізді бүртіктерінің ісінген эпителий аймағында түлеген ошақтар көрінеді, ошақтарда ашық-қызыл нүкте түріндегі саңырауқұлақ тәрізді бүртіктер анықталады.


Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес ?

*Қатпарлы тіл


*Ромб тәрізді тіл
*+Тілдің түлей қабынуы
*Глоссалгия
*Қара түкті тіл

#595
*!52 жастағы әйел адам ауыз қуысының құрғақтығына, күйдіру сезіміне, дәм сезуінің бұзылуына шағымданады. Бұл шағымдар кешкілік уақытта күшейеді, тағам қабылдағанда басылады. Ауру тарихынан: жақын арада протезделген. Қарап тексергенде: ауыз қуысы кіреберісінің кілегейлі қабығы бозарған, ылғалдылығы төмен, тілдің бүртіктері аздап атрофияға ұшыраған.


Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың қайсы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

*Неврит
*Невралгия


*+Глоссалгия
*Кандидоз
*Гальваноз

#596
*!53 жастағы әйел адам тіліндегі күйдіру сезіміне және таңдайы күйіп қалғандай сезінетініне шағымданады. . Бұл жағдай 1 жыл бұрын тек тілінің ұшында ғана пайда болған. Тағам қабылдағанда күйдіру сезімі байқалмайды. Қарап тексергенде: ауыз қуысының кілегейлі қабығы ашық-қызыл түсті, тілдің беті ақшыл қақпен қапталған, тіл веналары кеңейген,тілдің ұшындағы және жұмсақ таңдайдағы рефлекстер жоқ.


Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың қайсы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

*Үшкіл нерв неврологиясы


*Гиповитаминоз в1
*Тілдің түлей қабынуы
*+Глоссалгия
*Гюнтер-мюллер глосситі

#597
*!38 жастағы ер адам тілінің түбіне жақын аймақтағы ошақтың пайда болғанына және ауыз қуысының құрғақтығына, тіліндегі ауру сезіміне шағымданады. Ауру тарихынан:ошақ 5 жыл бұрын пайда болған, көлемі ұлғаймаған. Тілдің беті оңай алынатын қақтармен жабылған. Тілдің орталық сызығында бір-бірінен айқын қатпарлармен бөлінген және бір жазықтықта орналасқан, көлемі әртүрлі 0,5-1,0см жазық төмпешіктер көрінеді. Зақымдалған ошақта бүртіктер жойылған.


Қандай болжамды диагноз НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

*+Ромб тәрізді тілдің қабынуы, бұдырмақты түрі


*Тілдің түлей қабынуы, беткей түрі
*Қатпарлы тіл
*Лейкоплакия
*Қара түкті тіл

#598
*!52 жастағы ер адам тілінің ыстық,ащы тағам қабылдағандағы күйдіру сезіміне шағымданады. Ауырғанына бір ай болған, ауыз қуысын фурациллин ерітіндісімен шайқаған. Қарап тексергенде: тері, қызыл ерін жиегінің түсі қалыпты,ауыз қуысы сауықтырылған. Тілдің беті сұр түсті қақпен жабылған, тілдің бетінің орта бөлігінде көлемі 2 х 3 см-дей, қоршаған тіндерден анық шектелген қызыл түсті, бүртіктері жойылған ошақ бар.


Қандай болжамды диагноз НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

*+Ромб тәрізді тілдің қабынуы, жазық түрі


*Тілдің түлей қабынуы,беткей түрі
*Қатпарлы тіл
*Глоссалгия
1 витаминнің гиповитаминозы

#599
*!19 жастағы қыз тілінің өзгешелігіне және ащы тағам қабылдағанда күйдіру сезіміне шағымданады. Жалпы аурулары жоқ. Қарап тексергеде: тіл ашық- қызғылт түсті, көлемі аздап ұлғайған, тілдің бетінде жапырақ тәрізді терең қатпарлар орналасқан, аздаған қақ бар. Тіл бүртіктері айқын, гипертрофияға ұшыраған.


Қай болжамды диагноз НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

*+Қатпарлы тіл


*Тілдің түлей қабынуы
*Ромб тәрізді тілдің қабынуы
*Глоссалгия
*Қара түкті тіл
#600
*!36 жастағы әйел адам тіліндегі күйдіру сезіміне шағымданады. Ауру тарихынан: науқас өзін бір жыл бойы аурумын деп санайды, бірақ емделмеген. Қарап тексергенде: тілдің бетінде көлемі мен пішіні әртүрлі түлеген эпителий ошақтары бар, ашылған ошақтардың айналасында жіп тәрізді бүртіктер топталған, саңырауқұлақ тәрізді бүртіктері ұлғайған.
Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

*+Тілдің түлей қабынуы


*Ромб тәрізді тілдің қабынуы
*Қара түкті тіл
*Қатпарлы тіл
*Түкті лейкоплакия

#601
*!43 жастағы ер адам тілінің кедір-бұдырлығына, жұтынуға кедергі келтіретін, жиі құсу рефлексін тудыратын тілінде бөгде зат тұрғандай сезінетініне шағымданады. Қарап тексергенде: тілдің орта беті қалыңдаған, диаметрі мен ұзындығы 2-3мм-ге дейін қара-қоңыр түсті жіп тәрізді бүртіктермен жабылған.


Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың қайсы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

*Тілдің түлей қабынуы


*Ромб тәрізді тілдің түлей қабынуы, папилломатозды түрі
*Аддисонов ауруы
*Қатпарлы тіл
*+Тілдің жіп тәрізді бүртігінің гиперплазиясы

#602
*!36 жастағы әйел адам тіліндегі күйдіру сезіміне шағымданады. Тілдің бетіне «сурет» салынғандай. Қарап тексергенде: тілдің бетінде сұр түсті жіп тәрізді бүртіктермен қоршалған, көлемі әртүрлі жіп тәрізді бүртіктерінің атрофияға ұшыраған ошақтары көрінеді. Саңырауқұлақ тәрізді бүртіктер ұлғайған.


Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың қайсы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

*Ромб тәрізді тілдің түлей қабынуы, жазықты түрі


*Жедел лейкоз
*Түкті лейкоплакия
*Қатпарлы тіл
*+Тілдің түлей қабынуы

#603
*!36 жастағы әйел адам тіліндегі аздап ауыратын, тағам қабылдағанда кедергі келтіретін ақауға шағымданады. Науқас өзін 3 жыл бойы аурумын санайды,ем қабылдамаған. Қарап тексергенде: тілдің үштен бір дистальді бөлігінде – негізі жалпақ, тілдің бетінен сәл жоғары орналасқан, ашық- қызғылт түсті, бұдырмақты ісік тәрізді өскін анықталды. Сипап тексергенде ауырмайды.


Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

*+Ромб тәрізді тілдің түлей қабынуы, бұдырмақты түрі


*Ромб тәрізді тілдің түлей қабынуы, жазықты түрі
*Ромб тәрізді тілдің түлей қабынуы, папиломатозды түрі
*Милиарлы-жаралы туберкулез
*Жіп тәрізді бүртіктің созылмалы гиперплазиясы

#604
*!43 жастағы ер адам тілінің кедір-бұдырлығына, жұтынуға кедергі келтіретін, жиі құсу рефлексін тудыратын тілінде бөгде зат тұрғандай сезінетініне шағымданады. Қарап тексергенде: тілдің орта беті қалыңдаған, диаметрі 2мм және ұзындығы 2см-ге дейін қошқыл түсті жіп тәрізді бүртіктермен жабылған. Ауыз қуысы сауықтырылған.


Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың қайсы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

*+Қара түкті тіл


*Ромб тәрізді тілдің түлей қабынуы, жалпақ түрі
*Ромб тәрізді тілдің түлей қабынуы, бұдырмақты түрі
*Түкті лейкоплакия
*Жұмсақ лейкоплакия

#605
*!30 жастағы әйел адам ауыз қуысындағы күйдіру сезіміне, дәм сезуінің бұзылуына, әсіресе таңертеңгі уақытта «металл» дәмін сезінетіне шағымданады. Ауру тарихынан: науқас асқазанның гиперацидті қабынуымен ауырады, тілдегі белгілер ауру асқынғанда күшейеді. Қарап тексергенде: тілдің орта бөлігіндегі жіп тәрізді бүртіктері тегістелген, саңырауқұлақ тәрізді бүртіктері аздап ұлғайған. Бұл аймақтардың жиегі қызарып шектелген.


Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

*+Тілдің түлеу қабынуы, беткей түрі


*Ромб тәрізді тілдің түлей қабынуы, жалпақ түрі
*Ромб тәрізді тілдің түлей қабынуы, бұдырмақты түрі
*Тұрпайы лейкоплакия
*Қатпарлы тіл

#606
*!29 жастағы ер адам тіліндегі күйдіру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде:тілдің беті сұр түсті қақпен жабылған, тілдің бетінің орта бөлігінде айналасындағы тіндерден анық шектелген, көлемі 2 х 3 см,бүртіктері жоқ, беті тегіс түлеген ошақ көрінеді. Сипап тексергенде – тығыз, ауырмайды.


Көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

*Ромб тәрізді тілдің түлей қабынуы, гиперпластикалық түрі


*+Ромб тәрізді тілдің түлей қабынуы, жалпақ түрі
*Тілдің түлеу қабынуы
*Қара түкті тіл
*Түкті лейкоплакия

#607
*!19 жастағы қыз тілінің өзгешелігіне және ащы тағам қабылдағанда күйдіру сезіміне шағымданады. Жалпы аурулары жоқ. Қарап тексергеде: тіл ашық- қызғылт түсті, көлемі аздап ұлғайған, тілдің бетінде жапырақ тәрізді терең қатпарлар орналасқан. Тіл бүртіктері айқын, гипертрофияға ұшыраған. Қатпарларда емізіктер сақталған.


Көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?
*+Қатпарлы тіл
*Түкті тіл
*Ромб тәрізді тілдің қабынуы
*Тілдің түлей қабынуы
*Түкті лейкоплакия

#608
*!30 жастағы әйел адам тіліндегі сөйлегенде және тағам қабалдағанда ыңғайсыздық тудыратын ақауға шағымданады.Өзін 3 жылдан бері науқаспын деп санайды, емделмеген. Қарап тексергенде: тілдің дистальді бөлігінде негізі жалпақ, тілдің бетінен көтеріңкі орналасқан, сипағанда ауырмайтын ісік тәрізді құрылым анықталды.


Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

*Капоши саркомасы


*+Ромб тәрізді тілдің түлей қабынуы, бұдырмақты түрі
*Ромб тәрізді тілдің түлей қабынуы, жалпақ түрі
*Тұрпайы лейкоплакия
*Жіп тәрізді бүртіктің созылмалы гиперплазиясы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет