*Тілдің аурулары мен ауытқулары. Глоссалгия. Жіктелуі, диагностикасы, салыстырмалы диагносткасы, емдеуі. Дәрігер-стоматологтың іс-әрекеті*3*20*2*
#609
*!26 жастағы әйел тіліндегі тағам қабылдауға кедергі жасайтын, қатты ауыратын ақауға шағымданады. Науқас өзін 3 жылдан бері аурумын деп санайды,ем қабылдамаған. Қарап тексергенде: тілдің үштен бір дистальді бөлігінде – негізі жалпақ, тілдің бетінен сәл жоғары орналасқан, ашық- қызғылт түсті, бұдырмақты ісік тәрізді өскін анықталды. Сипап тексергенде ауырады.
Келтірілген аурулардың қайсысымен салыстырмалы диагностика жүргізу НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*+Тілдің ромб тәрізді қабынуы
*Тұрпайы лейкоплакия
*Үшіншілік мерез
*Қатпарлы тіл
*Қара түкті тіл
#610
*!49 жастағы әйел адам тілінің бүйір бетінің кедір – бұдылығына, күйдіріп тұрғандай сезінетініне шағымданады. Қант диабетінің компенсациялық түрімен эндокринолог дәрігердің тіркеуінде тұрады. Қарап тексергенде:тілдің бетінде және оң жақ ұрттың кілегей қабығында - ақшыл түсті қақтар мен тоғалар анықталды. Қырып байқағанда қақ жартылай алынады.
Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы диагноз қоюға НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?
*Биопсия
*Жалпы қан талдауы
*Иммунологиялық зерттеу
*Серологиялық зерттеу
*+Қырманың микроскопиясы
#611
*!36 жастағы ер адам тілдің бетінде осыдан екі апта бұрын пайда болған ошаққа шағымданады. Қарап тексергенде: тілдің түбіріне жақын бетіндегі жіп және саңырауқұлақ тәрізді бүртіктерінің - негізі тығыз, ауырмайтын, көлемі 1,5 х 2 см, шекарасы анық, жиегі қызыл атрофия ошағы анықталды. Ошақ қоршаған тіндерден төмен орналасқан.
Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы диагноз қоюға НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?
*Жалпы қан талдауы
*+Микрореакция
*Цитологиялық әдіс
*Биопсия
*Гистаминді сынама
#612
*!53 жастағы әйел адам тіліндегі күйдіру сезіміне,таңдайы күйіп қалғандай сезінетініне шағымданады. Бұл жағдай 1 жыл бұрын тек тілінің ұшында пайда болған. Тағам қабылдағанда күйдіру сезімі байқалмайды. Қарап тексергенде: ауыз қуысының кілегейлі қабығы ашық-қызыл түсті, тілдің беті ақшыл қақпен қапталған, тіл веналары кеңейген,тілдің ұшындағы және жұмсақ таңдайдағы рефлекстер жоқ.
Келтірілгендердің қайсысы патогенетикалық ем кезінде НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*+Нейромультивит
*Аскорбин қышқылы
*Ретинол ацетат
*Линкомицин
*Календула тұнбасы
#613
*!47 жастағы әйел адам тіліндегі күйдіру және ауыру сезіміне шағымданады, кешкілік уақытта тілі «күйіп қалғандай » сезім күшейеді, бір жылдан бері мазалайды. Ауру тарихынан: 24 жыл бойы асқазанның жаралы ауруымен ауырады және жыл сайын өршіп отырады. Қарап тексергенде: терісі құрғақ, АҚ - 90/75 мм. Ауыз қуысының кілегейлі қабығы ашық-қызыл түсті,гипосальвация, тілі ісінген, беті ақшыл-сұр түсті, әсіресе дистальді бөлігі астындағы тіндерге берік орналасқан қақтармен жабылған.
Көрсетілген тексеру тәсілдерінің қайсысы диагноз қою үшін НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*Сұрау
*+Қарау
*Пальпация
*Сүңгілеу
*Рентген
#614
*!35 жастағы ер адам тұзды, ащы тағам қабылдағанда күшейетін күйдіру,ауыру сезіміне шағымданады. Тілінің түрі ерекше. Дақтар тілдің бетінің әр жерінен шығады. Шағымы бірнеше ай бойы мазалайды. Қарап тексергенде: тілдің жіп тәрізді бүртіктерінің ісінген эпителий аймағында түлеген ошақтар көрінеді, ошақтарда ашық-қызыл нүкте түріндегі саңырауқұлақ тәрізді бүртіктер анықталады.
Келтірілгендердің қайсысы патогенетикалық ем кезінде НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*Антибиотиктер
*+Кератопластиктер
*Антигистаминді
*Кортикостероидты
*Тұмауға қарсы
#615
*!19 жастағы қыз, тілінің түрінің ерекшелігіне, кей кезде ащы тағам қабылдағандағы күйдіру сезіміне шағымданады. Жалпы аурулары жоқ. Қарап тексергенде: тілі ашық-қызыл түсті, аздап көлемі ұлғайған, тілдің беті терең қатпарлармен сызылған.Тілдің бүртіктері айқын, аздап гипертрофияланған. Науқастың қан талдауында: эзинофилия, нейтропения, моноцитоз анықталды.
Келтірілгендердің қайсысы жалпы ем ретінде НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*+Витаминді терапия
*Антибиотиктермен терапия
*Криодеструкция
*Саңырауқұлаққа қарсы ем
*Антибактериалды ем
#616
*!43 жастағы ер адам тілінің кедір-бұдырлығына, жұтынуға кедергі келтіретін, жиі құсу рефлексін тудыратын тілінде бөгде зат тұрғандай сезінетініне шағымданады. Қарап тексергенде: тілдің орта беті қалыңдаған, диаметрі 2 см, ұзындығы 2 см-ге дейін қошқыл түсті жіп тәрізді бүртіктермен жабылған. Ауыз қуысы сауықтырылған.
Келтірілгендердің қайсысы жалпы ем кезінде НЕҒҰЛЫМ тиімді?
*+Криодеструкция
*Электрокоагуляция
*Электрофорез
*УВЧ
*Магнитотерапия
.
#617
*!26 жастағы ер адам тіліндегі күйдіру сезіміне шағымданады. Ауру тарихынан: ауырғанына бір жыл болған, емделмеген. Қарап тексергенде: тілдің бетінде көлемі мен пішіні әртүрлі түлеген ошақтар бар, түлеген аймақтардың айналасында жіп тәрізді бүртіктер топталған. Түлеген ошақ аймағында саңырауқұлақ тәрізді бүртіктер ұлғайған.
Төменде көрсетілген тексеру тәсілдерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дәйекті?
*+Бактериологиялық
*Серологиялық
*Цитологиялық
*Рентгенография
*Биохимиялық
#618
*!53 жастағы әйел адам тіліндегі күйдіру сезіміне және таңдайы күйіп қалғандай сезінетініне шағымданады. Бұл жағдай 1 жыл бұрын тек тілінің ұшында пайда болған. Тағам қабылдағанда күйдіру сезімі байқалмайды. Қарап тексергенде: ауыз қуысының кілегейлі қабығы ашық-қызыл түсті, тілдің беті ақшыл қақпен қапталған, тіл веналары кеңейген,тілдің ұшындағы және жұмсақ таңдайдағы рефлекстер жоқ.
Келтірілген тексеру тәсілдерінің қайсысы диагноз қою үшін НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*+Сұрау
*Қарау
*Пальпация
*Сүңгілеу
*Рентген
#619
*!19 жастағы қыз, тілінің түрінің ерекшелігіне, кей кезде ащы тағам қабылдағандағы күйдіру сезіміне шағымданады. Жалпы аурулары жоқ. Қарап тексергенде: тілі ашық-қызыл түсті, аздап көлемі ұлғайған, тілдің беті терең қатпарлармен сызылған.Тілдің бүртіктері айқын, аздап гипертрофияланған. Науқастың қан талдауында: аздаған эзинофилия, нейтропения, моноцитоз анықталды.
Төменде көрсетілген тексеру тәсілдерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дәйекті?
*+Бактериологиялық
*Серологиялық
*Цитологиялық
*Рентгенологиялық
*Биохимиялық
#620
*!43 жастағы ер адам тілінің кедір-бұдырлығына, жұтынуға кедергі келтіретін, жиі құсу рефлексін тудыратын тілінде бөгде зат тұрғандай сезінетініне шағымданады. Қарап тексергенде: тілдің орта беті қалыңдаған, диаметрі 2 см, ұзындығы 2 см-ге дейін қошқыл түсті жіп тәрізді бүртіктермен жабылған. Ауыз қуысы сауықтырылған.
Келтірілгендердің қайсысы жергілікті ем кезінде НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*+Кератопластиктер
*Антибиотиктер
*Саңырауқұлаққа қарсы ем
*Антигистаминді ем
*Глюкокортикостероидты ем
#621
*!19 жастағы қыз тілінің түрінің ерекшелігіне, кей кезде ащы тағам қабылдағандағы күйдіру сезіміне шағымданады. Жалпы аурулары жоқ. Қарап тексергенде: тілі ашық-қызыл түсті, аздап көлемі ұлғайған, тілдің беті терең қатпарлармен сызылған.Тілдің бүртіктері айқын, аздап гипертрофияланған. Науқастың қан талдауында: аздаған эзинофилия, нейтропения, моноцитоз анықталды.
Келтірілгендердің қайсысы ем шарасында НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*Диета
*+Ауыз қуысы гигенасы
*Шаю
*Криодеструкция
*Электрофорез
#622
*!36 жастағы әйел адам ауыз қуысындағы күйдіру сезіміне, дәм сезуінің бұзылуына,әсіресе таңертеңгі уақытта «металл» дәмін сезінетіне шағымданады. Қарап тексергенде: тілдің орта және артқы бөлігінде ақшыл-сарғыш түсті қақпен жабылған, қақты қырып алса беті көгерген, ісінген. Тілдің бетінің жіп тәрізді бүртіктері тегістелген, саңырауқұлақ тәрізді бүртіктері ұлғайған. Айналасында ақшыл жолақпен жиектелген айқын атрофия ошақтары бар.
Қай маманның кеңесі НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*+Гастроэнтерологпен
*Кардиологпен
*Невропатологпен
*Хирургпен
*Терапевтпен
#623
*!56 жастағы ер адам тіліндегі күйдіру сезіміне шағымданады. Ауру тарихынан: ауырғанына бір жыл болған, емделмеген. Қарап тексергенде: тілдің бетінде көлемі мен пішіні әртүрлі түлеген ошақтар бар, түлеген аймақтардың айналасында жіп тәрізді бүртіктер топталған. Түлеген ошақ аймағында саңырауқұлақ тәрізді бүртіктер ұлғайған. .
Төменде көрсетілген тексеру тәсілдерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дәйекті
*+Бактериологиялық
*Серологиялық
*Цитологиялық
*Рентгенографиялық
*Биохимиялық
#624
*!38 жасар ер адам тілінің түбіне жақын аймақта өскіндердің пайда болуына және ауыз қуысының құрғақтығына шағымданады. Қарап тексергенде: тілдің бетінде оңай алынатын сұр-кір қақтар орналасқан. Тілдің орталық сызығында бір-бірінен айқын қатпарлармен бөлінген және бір жазықтықта орналасқан, көлемі әртүрлі (0,5-2,0см) жазық төмпешіктер көрінеді. Зақымдалған ошақта бүртіктер жойылған.
Көрсетілгендердің қайсысы жергілікті ем кезінде НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*+Антисептикалық тазалау
*Криодеструкция
*Ауыз қуысын санациялау
*Сыдырлату
*Кератопластиктермен жансыздандыру
#625
*!35 жастағы әйел адам тіліндегі бірнеше ай бойы мазалаған ащы тағам қабылдағанда күшейетін күйдіру, ауыру сезіміне және дақтың пайда болуына шағымданады. Қарап тексергенде: тілдің жіп тәрізді бүртіктерінің ісінген эпителий аймағында түлеген ошақтар көрінеді, ошақтарда ашық-қызыл нүкте түріндегі саңырауқұлақ тәрізді бүртіктер анықталады.
Келтірілгендердің қайсысы жалпы ем кезінде НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*+Диета
*Кортикостероидтар
*Ауыз қуысын сауықтыру
*Антибиотиктер
*Витаминдер
#626
*!53 жастағы әйел адам ащы тағам қабылдағанда, сонымен қатар сөйлегенде ауыру ,күйдіру сезіміне және дәм сезуінің бұзылуына шағымданады. Қарап тексергенде: тілдің беті қатпарлармен жабылған, тілдің жиегі тісшелерге ұқсайды. Тілдің бетінде сипағанда ауыратын, диаметрі 10-мм пішіні өзгерген дөңгелек, ашық-қызыл түсті дақ түріндегі атрофия ошақтары бар. Дақтар өзгермеген кілегей қабық аймағынан анық доға тәрізді қызыл жолақтар түзей отырып, тілдің ұшы мен жиегіне ұласады.
Келтірілгендердің қайсысы жалпы ем кезінде НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*Диета
*Криодеструкция
*Ауыз қуысын сауықтыру
*Антибиотикпен емдеу
*+Дәрумендермен емдеу
#627
*!56 жастағы ер адам тіліндегі күйдіру сезіміне шағымданады. Ауру тарихынан: ауырғанына 1 жыл болған,емге жүгінбеген. Қарап тексергенде: тілдің эпителиінде пішіні мен көлемі әртүрлі түлеген ошақтар көрінеді, ошақтардың айналасында жіп тәрізді бүртіктер топталған. Түлеу аймағында саңырауқұлақ тәрізді бүртіктер ұлғайған.
Келтірілгендердің қайсысы жалпы ем кезінде НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*+Десенсибилизациялаушы терапия
*Криодеструкция
*Ауыз қуысын сауықтыру
*Антибиотикті терапия
*Дәрумендермен емдеу
#628
*!56 жасар әйел адам тіліндегі күйдіру сезіміне шағымданады. Ауру тарихынан: ауырғанына 1 жыл болған,емге жүгінбеген. Қарап тексергенде: тілдің эпителиінде пішіні мен көлемі әртүрлі түлеген ошақтар көрінеді, ошақтардың айналасында жіп тәрізді бүртіктер топталған. Түлеу аймағында саңырауқұлақ тәрізді бүртіктер ұлғайған.
Төменде көрсетілгендерің қайсысы жергілікті емде НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*+Антисептикалық өндеу
*Криодеструкция
*Ауыз қуысын сауықтыру
*Антибиотикті терапия
*Дәрумендермен емдеу
Достарыңызбен бөлісу: |