Дерттік үрдіс бұл дерттік серпіліністердің күрделі жиынтығы. Типтік дерттік үрдістерге қабыну, қызба жатады. Дерттік жағдай



бет5/9
Дата22.05.2022
өлшемі172,99 Kb.
#144483
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
патфиз

14.«Жіті кезеңдік жауап»Әртүрлі ауру туындататын ықпалдардан пайда болатын бүлініске организм, жергілікті тін өзгерістерімен қатар,жалпы серпілістермен жауап қайтарады.Олардың айқындалу дәрежесі әртүрлі көріністермен байқалады.Бұл серпілістерге «жіті кезеңдік жауап», қызба, жалпы адаптациялық синдром, сілейме, кома т.б.жатады. Жіті кезеңдік жауап; Қабыну/ басқа себептерден пайда болған тіндердің бүліністері кездерінде жұқпалану мен бүлініске жауап ретінде ең алдымен нейтрофилдердің эмиграциясы болады. Олар қабыну ошағында фагоцитоздық қызмет атқарады. Бұл кезде олардан босап шығатын протеазалар мен оттегінің бос радикалдары жасушалар мен жасуша аралық құрылымдардың салдарлық бүліністерін туындатады.Артынан 3-6 сағаттан соң жара мен қабыну ошағына моноциттер мен Т-және В-лимфоциттері шоғырланады. Осыдан иммундық жауаптың басталуы болады. Бұл кезде бір ядролы фагоциттер мен иммундық қабілетті жасушалардың өзара әрекеттесуі олардан бөлініп шығатын цитокиндердің қатысуымен іске асады. Цитокиндер бұл жасушалардың сыртқы беттеріндегі оларға арнайыланған рецепторлармен байланысады. Қабынуға қатысатын жасушалардан бөлініп шыққан цитокиндер, жұқпаға қарсы иммунитет жүйесін біріктірумен бірге, организмнің меншік тіндерін бүліндіреді немесе олардың қалыптыдан ауытқып кетуіне әкеледі. Осыдан организм гомеостазының елеулі бұзылыстарына әкелетін кезкелген бүліндіргіш ықпал, жергілікті қабыну туындатуымен қатар, өте маңызды қорғаныстық және реттеу жүйелерінің қатысуымен дамитын организмнің көптеген жүйелік серпілістеріне әкеледі. Бұндай серпілістер «жіті кезеңдік жауап (ЖКЖ)» – деп аталады. ЖКЖ бактериялық, вирустық жұқпалар, майда саңырауқұлақтар енуі, жіті және сүлде бейинфекциялық аурулар, күйік, жарақат, тіндердің ишемиялық бүліністері, өспе өсуі, иммундық жүйе бұзылыстары т.с.с. көптеген дерттер кездерінде гомеостаздың бұзылыс-тарынан дамиды. Ол тіннің бүлінісінен кейін 2-3 күннен соң, қабыну ошағында әсерленген моноциттер, макрофагтар және жас түрлеріне айналған лимфоциттер өзара әрекеттесулерінен басталады.
20.Өспе-тұтас организмнін жүйкелік-эндокриндік реттеулеріне бағынбай, өз бетінше дербес өсетін,шексіз бөлініп көбейетін/ жаңадан кабылдаған қасиеттерін туынды жасушаларына бере алатын, дерттік озгерістерге ұшыраған жасушалардың тым артык өсіп-оніп кетуін айтады.Өспе жасушалары өсіп-өнуі мен дамып жетілуі бойынша, құрылымы мен қасиеттері бойынша орналасқан қальпты тін жасушаларынан алшақтанып ерекшеленіп тұрады. Осындай жағдайды өспе өсуінің атипиясы дейді.Өспенің бірнеше:• өсіп-өну атипиясын;- морфологиялық атипиясын;-биохим. антипиясын;-антигендік атипиясын;- функция. атипиясын;-физикалық-хим. атипиясын — ажыратады. Өспелердің өсіп-өну атипиясына олардың өсу дербестілігі/тіршілігін жоғалтпай,ұдайы шексіз өсіп-өнуі жатады.Өспе өспеге айналған бір жасушаның ғана қарқынды бөлініп көбеюі нәтижесінде дамиды/оған кажетті заттарды қаннан сорып алады. Өйткені өспе жасушаларының өсіп-өнуі өзін -өзі реттейтін жолмен болады.Өспе өсуі жасушалардң бөлініп көбеюін қадағалайтн нөруыздардң артып кетуінен н/е оны тежейтін нәруыздардың жетіспеушлігнен дамиды. Өспелердің шексіз өсуі олардың жасушаларының толық жетіліп нақтыланбай, қартаймай, жас күйінде сақталып қалуынан болады.Сондқтан олар ұдайы бөлінп көбейе береді. Қалыпты жасушалар,жабыстырғыш молекулалардың қатысуымен, өзара жанасқаннан кейін бөлнуін тоқтатады.Осндай жағдайды жасуша бөлнуін жанасулқ тежелуі деп атайды.Сол себепті жасанды жағдайда өсетін жасушалар белгілі бір қатты қабатқа жабысп,бір қатарға тізіліп өседі.Өспе жасушаларнда бұл жанасулық тежелу қатты азайған.Сондқтан бұл жасушалар өр бағыттарда көбейе беруінен, олар көп қабатталып өседі. Өспе жасушалары бір қатты қабатқа жабыспайды.Қатерсіз өспелер айналасындағы тіндерді ығыстырып, қысып өседі. Бұндай өсуді экспансиялық түрде өсу дейді. Қатерлі өспелер қоршаған тіндерді ыдыратьш, баса-көктеп тамырын жайып өседі. Бүндай өсуді инфильтрациялык өсу дейді.Инфильтрациялык-инвазиялық өсу катерлі өспелердің айқын белгілері болп есептеледі.Өспе метастазасы тарауының бірнеше сатыларын бөледі:- өспе жасушаларының бастапқы түйінінен бөлініп, қан н/е лимфалық тамырларға енуі;-олардың қанмен/ лимфамен тасымалдануы;- өспе жасушаларының тамырдың айналасындағы тінге шығуы/түйін құрып, өсіп-өнуі. Метастаза қанмен, лимфамен, әртүрлі қуыстардагы сүйықтармен/тікелей жанасу арқылы таралуы мүмкін.

21.Жүйке жүйесінің бұзылыстарына әкелетін себепкер ықпалдар экзогендік және эндогендік болып екі үлкен топқа бөлінеді.Экзогендік ықпалға:• микробтар мен вирустар және олардың уыттары;• хим. улы заттар, кейбір дәрілер, ауада оттегінің тапшылығы;• физика. ықпалдар(барометрлк қысым, иондағыш сәулелер);• механикалық ықпалдар;• психогендік ықпалдар;• ауқаттқ ықпалдар(тағамда нәруыздардың,витаминдердң тапшылықтары)жатады.Жүйке жүйесінің бүзылыстары адамның ішетін тағамында витаминдердің аздығынан, әсіресе жас балалардың тамағында нәруыздардың жетіспеуінен дамуы мүмкін. Эндогендік ыкпалдар туа біткен н/е жүре пайда болтан болады.Туа біткен эндогендік себепкер ықпалдарға түкым қуалайтын жүйке жүйесінің аурулары (Даун ауруы, фенилкетонурия, шизофрения, қояншық ауруы) жатады. Тектік ақаулардан зат алмасуларына қатысатын кейбір ферменттердің тапшылығы жүйке жүйесінің бұзылыстарын туындатады.Туа біткен жүйке жүйесінің бұзылстары нәресте басының туылу кезіндегі жарақаттанулары нәтижесінде де дамиды. Осыдан бас сүйек ішнде қысым көтеріліп гипертензия байқалад.Жүре пайда болган эндогендік ықпалдарға: мида қан-айналымының бұзылыстары (ми тамырларының спазмы,тромбозы н/е эмболиясы);• гипоксия; гипогликемия;• бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі;• бауыр кызметінің жеткіліксіздігі;• өспе өсуі;• эндокриндік дерттер- жатад. Жүйке жүйесінің біртектес дерттік өзгерістеріне нейрондардың бұзылыстары жатады.Нейрондардың бүзылыстары: олардың мембраналарының бүзылыстарымен; аксондарының бүзылыстарымен;-дендриттерінің; түйіспелерінің бүзылыстарымен көрінеді.Жүйке жүйесінің бүзылыстары:• тежелудің тапшылығымен;• жүйкеленусіздік синдромымен;• деафферентациялық синдроммен;• жүйкелік нәрленістің бүзылыстарымен - көрінеді. Жүйке жүйесінің қызметтері екі қарама-қарсы қозу/ тежелу үрдістерінің өзара қатынастарымен қамтамасыз етіледі.
22.Эндокриндік жүйенің бұзылыстары үш патогенездік жолдармен дамуы ықтимал:-без қызметтерінің орталық реттелулернің бұзылыстарнан;- бездің өздерінде дертік өзгерістер болуынан;-гормондардың безден тыс/ шеткері өсер ету тетіктерінің бұзылыстарынан.Орталық жүйке жүйесі эндокриндік бездердің кызметтеріне реттеуші әсер етеді. Бұл бездердің кызметін реттеуге мидың сыртқы кыртысы, алдыңғы таламус, лимбикалық жүйе, гиппокамп, гипоталамус т.б. ми құрлмдары қатысады.Әртүрлі жандүниелік күйзелістер т.б. ауыртпалық жағдайлар кездерінде орталық жүйке жүйесі күрылымдарынан жүйке тармақтарымен гипоталамусқа ақпарат бағытталады.Бездердің орталық реттелулерінің бұзылыстары:• гипофиз арқылы реттелудің бұзылыстарымен;• гипофизден тыс(парагипофиздік, жүйкелік өткізгіштік)реттелудің бұзылыстарымен;• бездердің кері байланыс негізінде өзі-өзі ретгеудің бүзылыстарымен байланысты дамиды.Эндокриндік жүйенің қызметтері өзін-өзі реттеу жолдарыменде қамтамасыз етіледі. Шеткері эндокриндік бездер мен гипоталамус/ гипофиз араларында бірінің қызметін бірі реттейтін кері байланыс заңдлыгы болатыны белгілі. Эндокриндік бездерде көптеген дерттік өзгерістер байқалуы мүмкін.Сол себептен бұл бездерде гормон өндірілуі, оның қанга шығарылуы бұзылады. Эндокриндік бездерде дерттік өзгерістер: бездің құрылымы бүліністерінен;• безде гормон өндірілуінің бұзылыстарынан;• шеткері безде гипофиздің троптық гормонын қабылдайтын рецепторлардың аутоантиденелермен н/е баска антогонистермен тежеліп қалуынан;• ұзақ көтеріңкі қызмет атқаруынан артынан бездің калжрауынан байқалады.Эндокриндік бездердің қызметі төмендеуін гипофункциясы, жоғарлаун гиперфункциясы дейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет