Механикалық сарғаю емі:
Жалпы бұл сарғаю кезінде негізгі ем холестазды жою және бауыр -бүйректік жеткіліксіздікті алдын алуға бағытталады. Сарғюға операция кезінде өлім мөлшері жоғары болғандықтан, емдеуді саты бойынша жүргузі ұсынылған.
Бірінші сатыда кешенді консервативті терапия және азинвазивті емдеу әдістері қолданылады. Егер бұл ем еш көмек бермесе онда екінші сатыда хирургиялық операция жасалады. Науқастың ауруханаға түскеннен бастап, диагностикалық шаралар консервативті терапия фонында жасалады. Мұның басты мақсаты бауыр және бүйрек жеткіліксідігін алдын алу. Механикалық сарғаюы бар науқастарға емдеу әдісін таңдағанда басты критерий болып, бауыр жетіспеушілік дәрежесі. Клинико- лабараторлы ақпараттарға сүйене отырып оның 3 сатысын ажыратады.
Егер науқаста 3 дәрежелі (ең ауыр) бауыр жетіспеушілігі болса онда емді жансақтау бөлімінде (реанимациялық бөлімде) жүргізеді. Науқасқа диетамен қоса (стол 5а), массивті түрде инфузионды терапия жүргізеді. Оған: глюкозаны инсулинмен құю, тұзды ерітінділер, гемодез, реополиглюкин, белок препараттары, қан алмастырушыларды құю жатады. Сонымен қатар диурез жүргізіледі. Консервативті терапияға бауыр қызметін жақсартатын витаминотерапия да кіреді -кокарбоксилаза, сирепар, эссенциале және т.б
Аминқышқылдар тағайындайды (глютамин қышқылы, метионин), метаболизм стимуляторы (метилурацил, пентоксил), анаболикалық гормондар тағайындайды. Стероидты гормондар тағайындаған дұрыс: преднизолон 60-120 мг/тәул.
Механикалық сарғаю кезіндегі хирургиялық ем: өт жолдары декомпрессиясына бағытталған. Оларға:
эндоскопиялық папилоосфинктеротомия;
теріарқылы, бауыр арқылы холангиостомия;
УДЗ немесе лапароскопия арқылы бақылаумен жүретін пункционды холецистостомия;
өт жолдарын эндопротездеу;
өт жолдарына тікелей әдістермен декомпрессия жасау;
Орындалатын транспаппилярлы кірісулер:
Эндоскопиялық папиллосфинктеротомия;
Эндоскопиялық транспапиллярлыхоледохолитоэкстракция;
Эндоскопиялық назобилиарлы дренирлеу;
Достарыңызбен бөлісу: |